Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



Pdf көрінісі
бет3/212
Дата23.02.2022
өлшемі4,99 Mb.
#26196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212
Кіріспе  
 
Елбасы  Н.  Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан 
халқына  Жолдауын  іске  асыру  мақсатында  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-
қимыл  жоспары  (бұдан  әрі  –  Ұлттық  жоспар)  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  Қаулысымен  бекітілді  [1].  Ұлттық  жоспар  Қазақстан 
Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп 
оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының 
мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз  етуге  бағытталып, 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-
әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар 
кешенін қамтиды.  
Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 
жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  да  анық  көрсетілген  [2]. 
Бағдарламаның  басты  мақсаты  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру,  оның  құбылмалы  әлемге  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз 
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.  
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 
оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 
білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 
«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 
өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге 
қабілеттілік  пен  даярлықты  білдіретін  қалыптасқан  құзыреттіліктерді 
анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.  
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, 
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер 
қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  және  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 
ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай  өмір  сүріп,  қызмет  етуде.  Осыған 
байланысты  еліміздің  оқушыларының  білім  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау 
үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысады.  
PISA  (Programm for lnternational Student Assessment)  – 
халықаралық 
зерттеуі  барлық  білім  беру  ұйымдарындағы  15  жастағы  оқушылардың 
математика,  жаратылыстану  және  тіл  мен  әдебиет  білім  салалары  пәндерінен 
игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен 
біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.  
PISA 
халықаралық  зерттеуінің  негізгі  міндеті  –  білім  беру  саласындағы 
әлемдік  басымдықтарды  сипаттайтын  зерттеу  құралдарының  негізінде 
объективті  өлшеулер  арқылы  алынған  айқын  нәтижелерді  талдау  болып 
табылады.  

 


PISA 
халықаралық  зерттеулері  оқушылардың  білім  жетістіктерін 
бағалауды 
«математикалық 
сауаттылық», 
«жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.  
Оқу  сауаттылығы  –  жазба  мәтіндерді  түсіну,  өз  мақсатына  жету  үшін 
оның  мазмұнын  қолдану,  қоғам  өміріне  белсенді  қатысу  үшін  білімі  мен 
мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.  
Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика 
рөлін  анықтау  және  түсіну,  жасампаз,  мүдделі  және  ойшыл  азаматқа  тән 
дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және 
болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті.  
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс 
көмегімен  шешілетін  және  зерттелінетін  проблемаларды  анықтау  үшін, 
тәжірибе  мен  бақылау  негізінде  қорытындыға  қол  жеткізу  үшін 
жаратылыстану  білімін  қолдану  қабілеті.  Бұл  қорытындылар  қоршаған 
ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен 
қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет [3].  
Халықаралық зерттеулерге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне  кірудің  негізгі  себебі  болып  табылады.  Яғни 
оқушылардың  халықаралық  зерттеулерге  қатысуы,  оқушының  өзін-өзі 
дамытуды жоғары деңгейде  іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, 
өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға 
мүмкіндік береді.  
2015  жылдың  сәуір  айында  еліміздің  15  жасар  оқушылары  PISA-2015 
халықаралық зерттеулеріне қатысады.  
Оқушыларды халықаралық PISA-2015 зерттеулеріне дайындау мақсатында 
Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  «PISA-2015  халықаралық 
зерттеуге  дайындықты  әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету» 
әдістемелік  жинағын  дайындады.  Жинақта  жаратылыстану-ғылыми, 
математика  және  оқу  сауаттылығын  дамыту  бойынша  берілген  тапсырмалар 
PISA 
халықаралық  зерттеулерінің  тапсырмалар  негізінде  әзірленген. 
Әдістемелік  жинақты  жаратылыстану,  математика,  тіл  және  әдебиет  білім 
салалары пәндерінің мұғалімдеріне оқушыларды аталған зерттеуге дайындауда 
көмекші құрал ретінде ұсынамыз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет