3- мысал. Маргарин – жануарлар және өсімдіктер майын өңдеу
нәтижесінде алынатын модификацияланған өнім. Маргарин сары майды
алмастырғыш ретінде кондитерлік және нан пісіру өнеркәсібінде қолданылады.
Көптеген елдерде маргариннің сыртқы қағаз орауышында «май» деп жазуға заң
түрінде тыйым салынған. Неліктен? ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4- мысал. Майонез – өсімдік майы, жұмыртқаның сары уызы, тұз, сірке
немесе лимон қышқылы, қант, қыша және т.б. дәмдеуіштердің қоспасынан
жасалатын тұздық (соус) түрі. Жалпы орта білім беру мекемелерінің
асханаларында майонезді қолдануға тыйым салынған. Неліктен? ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Майонездің майлылығы қаймақтан екі есе артық. Майонезді шығарушылар
бұл көрсеткішті төмендету мақсатында оның құрамына әртүрлі қоспаларды,
мысалы пектин, желатин, сүт концентратын, сонымен қатар майонез өнімінің
негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын глютамат дәмдеуішін қосады.
Майонездің майлылығы жоғары, яғни оның құрамындағы ұнтақталған
жұмыртқа мен құрғақ сүт холестериннің көбеюіне әкеледі. Бұл салмақтың
артуына, семіздікке, асқазан мен ішек жолдары жұмысының бұзылуына
әкеледі, денсаулыққа зиян келтіреді.
Тапсырма. Адам денсаулығына зиян келтірмейтін, табиғи өнімдерді
қолдану арқылы майонез жасау жолын ұсыныңыз.
Сұрақ. Қандай табиғи өнімдерді қолдануға болады? Қолдан жасалған майонез өнімін қанша уақыт және қандай жағдайда сақтауға болады деп ойлайсыз? ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тапсырма. Қазақстандық сүт өнімдерінің пайдасы туралы өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар. ________________________________________________________________
____________________________________________________________________