2.8. Ауа ылғалдылығы қанығуының
J-d диаграммасындағы параметрлері
мен сипаттамасын анықтау
Ауаның күйі J-dдиаграммасында нүктемен, ал ауа күйінің
өзгеру үдерісі түзу сызықпен сипатталады. Егер ауаның
температурасын t= 30°С ал оның салыстырмалы ылғалдылығын
φ=30% деп алсақ, онда J-d диаграммасында ауаның күйі А
нүктесімен кескінделеді. Ауаны герметикалық ыдысқа толтырып,
оны ақырын суытамыз. Ыдыс герметикалық болғандықтан су
массасы мен құрғақ ауаның массасы өзгеріссіз қалады жəне
ылғалдылығы сақталады. J – d диаграммасында үдеріс
вертикальды тура кескінделеді, d=const. Суыту барысында
температура төмендейді, ал салыстырмалы ылғалдылығы үздіксіз
түрде жоғарылап отырады. Соңында φ=100%-ға жетеді (в
нүктесі). Осы уақытта бу конденсирленеді, қабырғаларда шық
пайда болады. d=const сызығынан φ=100% сызығына ауысқан
нүктені шық нүктесі, ал ондағы температураны шық
температурасы (t
p
)деп атайды. Бұл үдерісте ауа ылғалдылығын
анықтаудың бірден-бір əдісі көрсетілген.(5-сурет)
А нүктесіндегі ылғал мен ылғал ауаның энтальпиясын а
нүктесі мен оған жақын орналасқан d=const жəне J=const
сызықтарының арасындағы кесінді арқылы, сонымен қатар
олардың мəнін интерполирлеу жолымен анықтайды.
А нүктесімен белгіленетін ауадағы су буының парциалды
қысымын анықтау үшін осы нүкте арқылы (d=const), парциалды
бу қысымының сызығымен (ρ
б
) қиылысқанша жүргіземіз.
Сонымен қатар С– нүктесіндегі будың парциалды қысымын,
сандық мəні ρ
б
координатын түзетін горизонтальды сызықтардың
арасындағы интерполяциялық мəнімен анықтайды (шкала
диаграмманың төменгі оң жағында орналасқан).
40
Сонымен қатар, ρ
б
қаныққан будың парциалды қысымын
анықтауға болады. Бұл үшін а нүктесі арқылы өтетін, φ=100%
сызығымен жанасатын t
а
изотермасын құрамыз. tа изотермасында
жататын а нүктесін орналастырамыз, сосын екі нүктені де
φ=100% сызығымен тікелей жанасатындай етіп өзгертеміз (К
нүктесі). N нүктесін А нүктесінің екі жағында орналасқан
изотермалардың арасындағы кесінділердің пропорционалды
қатынасы арқылы анықтайды. К нүктесі арқылы d=const сызығын
өткіземіз жəне m нүктесімен жанасатын t
а
температурасына
сəйкесетін ρn қаныққан бу қысымын табамыз.
J – d диаграммасына ауаны калориферде ысыту үдерісін
саламыз. Ол ылғалдылығын өзгертпей ағып өтеді, сондықтан
d=const сызығында кескінделуі керек.
А нүктесі t
а
температурасынан жəне J
0
энтальпиясынан
тұратын атмосфералық ауа жағдайын (калориферге түсетін ауа)
көрсетеді. Температураны t
1
-ге қыздырғанда ауаның энтальпиясы
J
1
-ге жоғарылайды. Қыздыру үдерісі AG сызығымен кескінделеді.
G нүктесі қызған ауаның (калориферден шығу кезінде) жағдайын
көрсетеді.
5-сурет. Екі ауа бағытының араласу үдерісіндегі
J – d диаграммасы
Жылу мөлшерін, берілген ауа арқылы, J
1
-J
0
графигімен
анықтауға болады, яғни AG кесіндісін өлшеп, оның m
1
энтальпиясының масштабының ұзындығына көбейту арқылы
анықтайды:
41
.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сандық мəні, оның
қысымына В тура пропорционал екендігін жоғарыдағы теңдіктен
байқауға болады. φ=const сызығы қысымды анықтағанда φ=const
сызығы координаталық торда өзгеріссіз қалады, бірақ оның тек
сандық мəні ғана өлшенеді. Егер, мысалы, В=993гПа болған
жағдайда салыстырмалы ылғалдылықтың сызығы φ
в
=20%-ға тең
болады, егер ауаны 2 В қысымға түсірсек, онда сызығымыз
φ
2в
=40%ға сəйкестенеді, φ
в
=50% сызығымыз φ
26
=100%-ға
қанығады; ауаның ылғалдылығы конденсацияланады (шық жəне
тұман түрінде). Осыған байланысты, мысалы, автоұнтасығыштан
шығару үшін қысылған ауаны пайдаланады: бу қабырғаларда
конденсирленеді жəне қамыр қабыршақтанады.
Қысымды 0,5В-ға төмендеткенде φв=100% сызығы φ
0,5в
=50%
сызығына тең болады, ал φ
0,5в
=100% сызығымыз едəуір төменге
орналасуы
жəне
ауаның
ылғал
жұтқыштық
қабілеті
жоғарылайды. Бұл əдіс вакуумды кептіргіштерде кеңінен
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |