2. Басқару психологиясының мәдени-тарихи аспекттегі негіздері.
Адамзат қызметінінің көптеген саласында ғылым мен өнер бірінен-бірі
оңашаланбай, керісінше бірін-бірі толықтырады. Басқару бір мезетте көне
өнер болып та, жаңа ғылым болып та есептеледі.
Басқару ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйлестірілген
шаралардың жиынтығы деп саналады.
Кейде «басқару» түсінігінің синонимдері ретінде «менеджмент» және
«жетекшілік» ұғымдары қолданылады, алайда олардың мазмұнында әлдебір
айрықшылық бар.
Менеджемент ұғымының кең етек алған түсінктемелері келесілерде
көрсетілген:
- менеджмент – алуан-түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекшілік ету
бойынша қызмет, іс-әрекет түрі. Менеджмент – бұл осы қызметті жүзеге
асыруға көмек беретін, адам білімінің саласы. Соңғысы, менеджмент –
менеджерлерден жинақталған ретінде – бұл белгілі бір адамдар санаты,
басқару бойынша жұмысты іске асыратындардың әлеуметтік қабаты.
Ағылшын тілінің оксфордтық сөздігінен төмендегі анықтамаларын көруге
болады:
1.Адамдарға жүгіну тәсілі, мәнері.
2.Басқару билігі мен өнері.
3.Айрықша қабілеттілік және әкімшілік машықтар.
4.Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Осылайша, «басқару» түсінігі «менеджмент» ұғымына қарағанда едәуір
кең
ауқымды
болып
табылады.
Басқарудың
маңыздылығы
ХХ
жүзжылдықтың 30-жылдары кеңінен айқындала бастады, бұл қызмет кәсіпке,
білім саласы – дербес тәртіпке, әлеуметтік қабат – едәуір ықпалды қоғамдық
күшке айнала бастағандығы туралы мәлім болған кезеңде қарқынды болды.
«Басқарушы» сөзін айтқан кзде, ең біріншіден, басшы пошымын – белгілі бір
ұйымда іс-әрекет ететін, басқару субъектісін, адамды елестетеміз. Аталған
контекстіде
«жетекші»
ұғымын
қолданған
дұрыс
болады.
Екіншіден, басқарушы – бұл басқарушылықпен айналысатын жай ғана
қарапайым инженер немесе экономист емес, ерекше кәсіптің өкілі екендігін
саналы түрде сезінетін, кәсіби дайындықтан өткен жетекші екендігін
меңзейді.
Аталған
контекстіде
«менеджер»
ұғымы
пайдаланылады.
Әлемдік
әлеуметтік-экономикалық
үрдістердің
анализі
заманауи
менеджменттің мәселелері қатаң тәртіптік көзқарастардың көмегімен
шешілмейтіндігін
және
басқарушылықтың
көнерген
стилі
қанағаттандыратыннәтижелерді бермейтіндігін анық көрсетеді.
XX ғасыр дың 20 — 30 жылдары басқару (менеджмент) теориясының
дамуындағы авангард деп саналады.
А. Файоль менеджмент іші-сырты психологиямен сіңіскендігін айтқан
және еңбек өнімділігін арттырудың психологиялық факторларын бөліп
көрсеткен алғашқы ғалым болып табылады.
30-жылдары менеджмент теоретиктері адамның еңбек қызметінің
ынталандырушы
факторларына
белсенді
көңіл
аудара
бастайды.
Басқарушылық ойдың ірі жетістігі «экономикалық адамды» «әлеуметтік
адам» ауыстырғандығы болып табылады. Бұл жайт авторы австралия-
американдық ғалым (1880 — 1949 гг ) Ф. Тейлордың оппоненті Элтон Мэйо
болып табылатын «адам қарым-қатынастар мектебінің» дамуы арқасында
туындады.
Э. Мэйоның «адам қарым-қатынастары» тұжырымдамасының дамуы
менеджмент сұрақтарының зерттеушісі Д. Реннің растамасы бойынша,
менеджмент тәжірибесіне көптеген түзетулер енгізілгендырды. Солардың
ішіндегі кйбіреулері:
1) адамның әлеуемттік қажеттіліктеріне деген көңілдің артуы,
2)
еңбектің
аса
мамандандырылуынан
бас
тарту,
3) ұйымның ішінедегі иерархиялық биліктің қажеттілігінен бас тарту,
4) кәсіпорын ішіндегі адамдар арасындағы бейформальды қатынастардың
маңыздылығын
тану,
5) ұйым ішіндегі формальды және бейформальды топтарды зерттеу
әдістерінің дамуы.
Ч. Барнард жұмысындағы жағымдысы бұл – адамды ұйымның
стратегиялық факторына жатқызғандығы. Ч. Барнард, ұйымдардағы
кооперативтік жүйелер туралы айта келе, басқарушыларға ерекше роль
бөлген,
олардың
функцияларына
келесілерді
жатқызған:
■шешім қабылдау өнері,
■ болашақты болжау негізінде мақсат қою,
■ қарым-қатынас жүйелерін нақты білу, ұйым сызбасын және
басқарушылық персонал құрылымын қоса алғанда,
■ ұйымдастырушылық моральді құрудағы басқарушының рольі
Ерекше рольді ол көшбасшылыққа бөлген еді, оны жалпы мақсатқа
маңыздылық беретін, қажетті әлеуметтік мән деп есептеді.
Басқарушылық
қызметтің
психологиялық
ерекшеліктері.
Басқарушылық қызметтің синтетикалық табиғаты жеке-біріккен ретінде
қызметтің айрықша, спецификалық түріне жататындығын ғана анықтамайды,
сонымен бірге оның негізгі психологиялық ерекшеліктердің қатарының
болуын белгілейді. А. В. Карпов оларға келесілерді жатқызады:
1. Басқарушылық қызмет тікелей емес, белгілі бір ұйымның қызмет
етуінің
соңғы
нәтижелерімен
байланысты
салдарлы
байланысымен
сипатталады. Аталмыш белгі бойынша басқарушылық қызмет атқаруышыл
қызметтен ерекшеленеді.
2. Басқарушылық қызмет өз заты бойынша өте айрықшаланған. Оның
пәні ретінде адамдар, тұлғалар сияқты өте ерекше заттар болып табылады.
Басқарушылық қызметтің ерекше болуы оның пәні (ықпал ету объектісі)
субъектілер болып табылатындығында. Осыған байланысты басқарушылық
қызметтің қызықты ерекшелігін атап өткен жөн. Ондағы еңбек объектісі мен
субъектісі өз ұйымының күрделілігі бойынша бірдей ғана емес, сонымен
қатар өздерінің негізгі, яғни психологиялық ерекшеліктері бойынша да ұқсас
болып табылады.
3. Басқарушылық қызмет өзінің үрдісі бойынша да өте ерекше. Оный
мәні – басқа адамдардың қызметін ұйымдастыру, яғни «қызметтің
ұйымдастырылуы бойынша қызмет» («екінші тәртіп» қызметі). Бұл қасиет
теорияда жалпы алғанда негізгі деп қарастырылады – басқарушылық қызмет
үшін атрибутивті. Олар сол себепті метақызмет ұғымымен өрнектеледі.
4. Басқарушылық қызмет өзінің мазмұны бойынша белгілі бір әмбебап
басқарушылық функциялардың (жоспарлау, болжам жасау, ынталандыру,
шешім қабылдау, бақылау жүргізу, т.с.с.) жүзеге асырылуын көрсетеді.
5. Басқарушылық қызметтің мақсаты белгілі бір ұйымдастырушылық
жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғысы
жүйелердің ерекше түрі – социотехникалық жүйеге жатады. Олар өз құрамы
бойынша сапалы біріңғай емес, оный екі негізгі құраушысы –
«технологиялық» және «адамдық». Сол себепті басшының еңбегі екі негізгі
аспектіні кіріктіреді – технологиялық процесті қамтамасыз етумен байлансты
және тұлғаралық қатынастарды ұйымдастырумен байланысты.
6.
Басқарушылық
қызмет
оның
субъектісі
–
басшының
ұйымдастырушылық статусы бойынша да ерекшеленеді. Бұл статус екі
қырлы. Басшы анықтама бойынша ұйымның (топтың) мүшесі болып
табылады және де өзінің иерархиялық жоғары жағдайына байланысты,оның
ішінде емес, оның үстінен тұрады. Осы жағдаят тәжірибелік сипаттағы
көптеген қиыншылықтарды тудырады.
7. Басқарушылық қызмет оған тиесілі жағдайлар бойынша жеткілікті
түрде ерекшеленеді.
Адам қарым-қатынасын реттеу психологиясының нақты өмірмен
байланыс проблемасы Московичи және оның ізбасарлары жасаған теориялар
шеңберінде әлдеқайда көкейкесті екені байқалды. Бұл аспектіде еуропалық
психологтардың идеялары әлдеқайда өнімді болып табылады.
Посткеңестік кеңістік шеңберіндегі қарым-қатынас психологиясының
даму тарихын Г.М.Андреева атап көрсеткен. Кеңестік психологияның
спецификасы көбінесе оның проблемаларының идеяларға негізделуімен
анықталды [8].
ХХІ ғасыр – психология әлемдік феномен ретінде. XXI ғасырда бұл
бағытқа компьютерлік техникалық даму қуатты күш берді. Осының
салдарынан ақпараттық қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуы,
«адам-техника» жүйесінің басым болуымен ерекшеленеді.
Қ.Е.Құбаев пен Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К.
«Басқару негіздері» (1997 ж.) оқу құралдарында басқару процесінің негізгі
сипаттамалары, басқару процесінің типтері, басқарушылық шешім қабылдау
себептері
мен
классификациясы,
басқарушылық
шешім
қабылдау
принциптері мен сатылары, басқарудағы экономикалық әдістері мен
ұйымдық-әкімшілік әдістерге терең талдау жасаған [14, 15]. Басқару
шешімдерін қабылдау проблемалары ұйымының практикалық жұмысы
жағдайын қарастыру, басшы мен қарамағындағылардың арасындағы қарым-
қатынасты, олардың өнімді ынтымақтастығының жолдарын, жанжалды
жағдайларды шешу әдістеріне В.А. Розанова «Басқару психологиясы» (1999
ж.) арналады [16]. А.А.Урбановичтың «Басқару психологиясы» (2004 ж.)
еңбегінде басқару психологиясының теориялық негіздерін, басшы мен
бағынушылардың тұлғалық сипаттамаларын, іскерлік қарым-қатынас және
өзара әрекеттесу негіздерін, қақтығыстар жағдайларын, сондай-ақ басшы
қызметіндегі стресстер мен дағдарыстарды еңсерудің әдістері мен
құралдарын көрсеткен [17].
2007 жылы белгілі ғалым, экономиа ғылымдарының докторы, профессор
Александр Николаевич Митинның «Басқару психологиясы» оқулығы жарыққа
шықты. Оқулық басқару теориясы мен практикасына негізделе отырып,
адамдардың қатынас жүйесіндегі тұлғалар мен ұйымдастырушы топтарды
анықтайтын ғылым саласын зерттеді. Шынында да, басқару әрдайым
психологиялық мазмұнымен толықтырылады, өйткені оның басты кейіпкері
өзінің қабілетімен, қажеттілігімен, зердесімен ерекшелінетін адам. Мамандар
бұрын да дәлелдеген адамның кез келген ұйымдағы іс-әрекетінің тиімділігі оның
кәсіби дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сол сәттегі психологиялық
кейіпіне де байланысты болады. Автор басқару психологиясының пәні қандай
психологиялық-басқару проблематикасында өзін көрсететінін айқындап берді.
Олар – жетекші іс-әрекетінің еңбегін ынталандырудың, ұйым іс-әрекетін
басқарудың субъектісі мен объектісі ретіндегі бірлескен еңбек іс-әрекетінің және
оның ақпаратпен толықтырылуының психологиялық аспектілері. Оқулықта
теориялық және әдіснамалық ұстанымдар, түсініктемелік аппарат, жеке
тұлғаның негізгі қасиеттері, оның психологиялық көңіл-күй ерекшеліктері және
басқарушылық қызметке табысты қатысу факторлары қарастырылған. Сондай-
ақ басқарушылық әсері мен олардың арасындағы байланыстарды қарастыратын
жүйелік тәсіл принциптеріне негізделген. Автордың пікірінше, осындай жүйелі
тәсілдің кілті - элементтердің арасындағы байланыстар, олардың құрамына
немесе жеке ерекшеліктеріне қарағанда әлдеқайда маңызды екенін тану. Басқару
іс-әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктері, жетекшілердің тиісті қасиеттері
психологияның басқа салаларында зерттелмегенін түсініп, автор халықпен
жұмыс істеудің жүйелік тәсілдемесі басқарушылық әсердің үздіксіз жақсаруы,
қызметкерлерді
шығармашылық
қабілеттерін
барынша
арттыруға
ынталандыратын қуатты материалдық емес мотивтер мен ынталандырулар
жасау болып табылады деп пайымдайды, еңбек қызметі процестерінде,
осылайша олардың өмір сүру сапасын арттырады [18].
О.Г.Бугрованың
«Басқару
психологиясы»
(2008
ж.)
электронды
оқулығында басқару психологиясының негізгі тұжырымдамалары, оны
қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму сатысындағы өзекті мәселелер
қарастырылады [19]. Т.С.Кабаченко «Басқару психологиясы» (2008 ж.)
Электронды
оқулығында
басқару
психологиясының
негізгі
тұжырымдамалары, оны қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму
сатысындағы
өзекті
мәселелер
қарастырылады
[20].
Басқару
психологиясының теориялық және практикалық мәселелері баяндалған.
Басқару өзінің жеке заңдылықтары бар іс-әрекеттің ерекше саласы ретінде
сонымен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын адами
тәжірибенің кең саласы ретінде қарастырылған. Бұл туралы Л.Н.
Захарованың «Басқару психологиясы» (2012 ж.) еңбегін қарастырылған [21].
Басқарудың психологиялық қолдауын қамтамасыз ететің менеджердің және
психологтың кәсіби қалыптасуының рефлексиялық әрекеттік моделі
ұсынылған.
Психологиялық
басқару
әдістерін
пайдалану
арқылы
ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мүмкіндіктері көрсетілген.
Менеджердің кәсібилілігінің психологиялық компоненттері қарастырылған.
Ұйымның кәсіби іс-әрекетін және қызметін психологиялық жобалау
қағидалары мен алгоритмі анықталған. Сұрақтар мен тапсырмалар, нақты
жағдайлар, диагностикалық материалдар және әдістемелік нұсқаулар
берілген. Д.Райгородскийдің «Жетекшілік психологиясы» мен «Кәсіпкерлік
психологиясы» еңбектерінде көшбасшылық психология мәселелері және
еңбек
процесінде
көшбасшылық,
стилі
мен
тиімділігі,
түрлері,
тұжырымдамалары, көшбасшылық теориясы мен тәжірибесі қарастырылады
[22, 23, 24]. А.П.Двинин, И.А. Романченко (2013 ж). «Психодиагностика.
Білім беру және кадрлық менеджмент» диагностикалық оқу құралы кәсіби
қызметте психо-диагностикалық құралдарды білікті пайдалануға мүдделі
оқырмандарға арналған [25]. Жарияланымда ғылыми және қолданбалы
ғылыми жұмыстар (дипломдар, диссертациялар) орындау үшін, сондай-ақ
персоналмен жұмыс істеуде кәсіби білімді тереңдету үшін қажетті
диагностикалық әдістемелер берілген.
Соңғы онжылдықта басқару психологиясы бойынша «Жетекшілік
психологиясы», «Кәсіпкерлік психологиясы» (Д.Райгородский (2007) [22, 23,
24], «Басқарушылық психологиясы» (Г.И.Колесникова, С.А.Сущенко,
А.Т.Латышева, С.И.Самыгин, 2016) «Психодиагностика: білім және кадрлық
менеджмент» (Двинина, Романченко (2015) [25], «Конфликтология» (А.Я.
Гуськов, С.В.Алексеев, И.Е.Говядкин, 2013) жарияланымдардың атап
көрсетуге болады [27].
Сонымен заманауи басқару ғылымы бірте-бірте әлеуметтенумен мен
психология бағытына ауыса бастағанын байқауға болады. Қазіргі уақытта
ұйым ішінде адамдардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере
отырып адамды белсендіру жолдарын іздестіру кез-келген өндірістің
бірлескен тиімді жұмыстарын жетілдіру шарттары болып табылады. Көп
жағдайда басқару психологиясын көпжақты дамыту, негізгі, жеке психология
ғылымның объектілерін, зерттеу пәндерін нақтылайды. Сөйтіп бұл тарауда
басқару психологиясының даму тарихына шолу жасала отырып, ғылыми
тұрғыда өзінің дербестігін айқындағанын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |