Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


Бүгінгі  таңда  бізде  жергілікті  басқаруды  реттейтін  бір  ғана  заң  бар



Pdf көрінісі
бет5/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

Бүгінгі  таңда  бізде  жергілікті  басқаруды  реттейтін  бір  ғана  заң  бар, 
ол 
— 
2001 
жылғы 
23 
қаңтарда 
қабылданған 
Қазақстан 
Республикасының 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
жергілікті 
мемлекеттік басқару туралы» Заңы. 
Еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі сонымен қатар, 
жоғарыда  атап  өткеніміздей,  жыл  сайынғы  Президенттің  халыққа 
жолдауларында да маңызды міндеттердің бірі ретінде аталып кетеді. 
2007  жыл  еліміз  үшін  саяси  жүйені  одан  әрі  дамытудағы  айқындаушы 
кезең  болды.  Бұл  уақыт  аралығында  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың 
бастамашылығымен 
жүргізілген 
 соңғы 
конституциялық 
реформалар 
еліміздің  саяси  даму  тарихындағы  үлкен  оқиғалардың  бірі   болды.  Соңғы 
конституциялық  жаңарулар  Парламенттің,  мәслихаттардың  қоғамдағы  рөлін 
арттырумен  қатар,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесіне  де  тың  өзгерістер 
алып келді. 
Енді  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  мәслихаттар  мен  халық  топтары 
жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа 
да  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  жүзеге  асырады.  Конституцияда 
көрініс  тапқан  ережеге  сәйкес,  елімізде  жергілікті  басқарудың  негізі 


мәслихаттар  болып  табылады.  Мәслихаттар  құрылмайтын  өзге  жергілікті 
қауымдастықтарда  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  құрылады.  Мұндай 
жергілікті  қауымдастықтар  ауылдар,  селолар,  қаладағы  аудандар  болуы 
мүмкін [14]. 
Сондай-ақ  кейінгі  конституциялық  өзгерістерде  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  органдарының  мемлекеттік  функцияларды  жүзеге  асыру  мүмкіндігі 
де  қарастырылды,  яғни  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  заңмен 
шектелмеген  жағдайларда  мемлекеттік  функцияларды  да  жүзеге  асыруы 
мүмкін.  
Зерттеушілердің  пікірінше,  біздің  еліміздің  басшылығының  саяси  еркін 
орталықсыздандыру  қағидасының  сәтті  жүруін  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
жүйесінің  құрылуының  басты  факторы  ретінде  сануға  болады.  Жергілікті 
өзін-өзі  басқару  жүйесін  реформалау  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың 
құрылуы  —  бұл  маңызы  жағынан  ұлттық  қауіпсіздік  немесе  азаматтардың 
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына әсер ететін экономикалық 
өсуден төмен емес мемлекеттің құрылуының басты элементі. Сол себепті бұл 
мәселедегі  саяси  ерік  мемлекеттік  саясаттың  өзге  де  маңызды  сұрақтарын 
шешудегі еріктермен қатар келуі тиіс. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  институтының  енгізілуі  мемлекеттік 
органдармен ертерек шешіліп қойған жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін 
шешуге  азаматтардың  да  қатыстырылуын  анағұрлым  күшейтуге  мүмкіндік 
береді,  сонысымен  де  тұрғындардың  белсенділігін  көтереді.  Басқарудың 
тиімділігі  пропорционалды  түрде  тікелей  биліктің  халыққа  қаншалықты 
жақындығынан тәуелді. 
Біздің  еліміздегі  қазіргі  таңдағы  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  даму 
процесі бастапқы сатыда тұр. Жергілікті өзін-өзі басқару — биліктің халыққа 
ең  жақын  бұтағы.  Оның  қалыптасуына  қатыса  отырып,  адамдар  мен 
азаматтар демократияға, заңды тыңдауға, туындаған мәселелерін заң шегінде 
өз  бетінше  тиімді  шешудің  формаларын  іздеуге  үйренеді.  Көптеген 
зерттеушілер  еліміздегі   осы  мәселені  шешудегі  міндетті  қадамның  бірі 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы  нормативті  акт  қабылдау  екенін  алға 
тартады.  Шын  мәнінде  де,  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  нақты,  толыққанды 
реттейтін  және  оны  еліміздегі  жергілікті  жердегі  басқару  жүйесінің  бір 
тармағы  ретінде  танытатын  заңды  негіздің  болмауы  жергілікті  өзін-өзі 
басқарудың даму процесінің жүруін баяулатады. 
Қоғамды 
демократияландырудың, 
сәйкесінше 
конституциялық 
реформаның  маңызды  шарттарының  бірі  мен  нақты  мақсаты  болып,  сөзсіз, 
азаматтық  қоғамның  қалыптасуы  табылады.  Бұл  мағынада,  Конституцияға 
енгізілген өзгерістер озық сапасымен анағұрлым ерекшеленеді. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  институты  оның  өкілдеріне  мемлекетті 
басқаруға  және  азаматтық  қоғамға  деген  белгілі  қадам  болып  табылатын, 
үкіметтік  емес  өзге  де  қоғамдық  ұйымдармен  әріптестіктің  кеңеюіне  кең 
мүмкіндік береді. 
Қазақстан  көптеген  халықаралық  саяси  институттар  мен  процестердің 
мүшесі болып табылады. 


Қазіргі  таңда  мемлекеттік  биліктің  орталықсыздандырылуы  мен 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  институтының  қалыптасуы  —  Қазақстандағы 
демократиялық реформалардың маңызды бөлігі. 
Тұрғындардың 
тұрмыстық 
әрекеттерінің 
маңызды 
мәселелерін 
шешудегі   белсенділіктерін  көтере  отырып,  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
қоғамның  дамуына  өзіндік  қозғалыстың  қосымша  ішкі  стимулдарын  беруге, 
әлеуметтік-экономикалық  және  ғылыми-техникалық  прогресті  жеделдетуге 
қабілетті. 
Қазақстандық  қоғамның  саяси  жүйесіндегі  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
институтының  жағдайы  келесімен  анықталады,  яғни  бұл  биліктің 
тұрғындарға 
анағұрлым 
жақын 
деңгейі, 
олармен 
құрылады 
және 
тұрғындардың  негізгі  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мәселелерін 
шеше   отырып,  оларға  тікелей  бағынышты.  Сонымен  бірге  рационалды 
ұйымдастырылған  өзін-өзі  басқару  жергілікті  ресурстарды  тиімді  қолдануға, 
қоғамдағы  әлеуметтік  шиеленісті  шешуге,  халықтың  билікке  деген  сенімін 
жоғарылатуға мүмкіндік береді. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  қалыптасуы  мен  дамуының  халықаралық 
тәжірибесі  көрсеткендей,  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  модельдері  бір  ел 
шегінде  де  жергілікті  дәстүрлер  мен  мәдениетке,  экономикалық  және 
жергілікті  қоғамдастықтың  тұрмысына  әсер  ететін  өзге  де  жағдайларға 
тәуелді  түрде  дамиды.  Бұған  байланысты  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
азаматтардың  басқаруға  қатысуы  ретінде  жергілікті  ерекшеліктер  есебімен 
және  жоғарғы  сатыдағы  шенеуніктерге  емес,  жергілікті  тұрғындарға  жақсы 
таныс  жергілікті  қажеттіліктерге  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Сол  себепті 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  азаматтық  қоғам  мен  өзін-өзі  ұйымдастырудың 
элементтері бар қоғамда тиімді болмақ. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Ахтаева Н.А. Басқару психологиясы. –Алматы: Қазақ университеті. 2018 .  
2.  Гришина Н.В. Я и другие. Общение в трудовом коллективе. М., 2010 г.  
3.  Панасюк В.Ю. Управленческое общение: практические советы. М., 2010 г.  
4.  www. psychology.academic.ru  
5.  www. bse.freecopy.ru  
6.  Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2017ж.  
7.  Н.  Іргебаева.  Басқару  психологиясы.  Оқулық.  -Алматы:  ҚазҰПУ.  2015.- 
356 б.  
8.  А.Д. 
Умбеталиев, 
К.Б. 
Сатымбекова, 
Ғ.Е. 
Керімбек. 
Басқару 
психологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2017. - 464 б.  
9.  Р.Н.  Бегайдарова.  Ұйымдастыру  теориясы.  Оқу  құралы.  -Алматы  :  Book 
Plus, 2014. - 202 б.   
10. В.С.  Иванова.  Психология  управления.  Уч.пос.  -  Томск:из-воТомПУ. 
2011.- 88 с.  
11. Корпоративті  басқару:  қазақстандық  мазмұн.  Оқу  құралы.  С.А.  Филиннің 
жалпы редакциясымен – Алматы, 2010ж., 302 б.  


12.  Корпоративтік  этика.  Компанияның  Байқау  кеңесінің  2016  жылғы  10 
қазанындағы 
(№32 
хаттама) 
шешімімен 
«СҚ-Фармация» 
ЖШС 
Корпоративтік этика кодексі бекітілді  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет