Икемділік – басқару шешімдердіәзірлеу мен жүзеге асырудың жаңа
әдістеріне негізделген және уақытында өтумен сипатталады. Икемділік және
келісімге дайындық басқару шешімдердідайындау мен жүзеге асырудың
матрицалық әдістері кезінде қажет.
Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін,
басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін
арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі
келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор,
қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне
сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге
ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.
Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз
тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған
жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады.