Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


  – Тақырап. Ұжымдағы эмоциялық жағдайларды басқару тәсілдері



Pdf көрінісі
бет65/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

7  – Тақырап. Ұжымдағы эмоциялық жағдайларды басқару тәсілдері 
және басқарудағы дау-дамайды жеңу стратегиясы мен технологиясы 
 
Жоспар: 
1.  Басқару іс-әрекетіндегі көңіл-күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі. 
2.  Стрессті реттеу ерекшелігі және оны жетекшінің іс-әрекетінде басқару 
3.  Басқарудағы дау-дамайды жеңу стратегиясы мен технологиясы  
мәселелері 
 


1. Басқару іс-әрекетіндегі көңіл-күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі 
Басқару  іс-әрекетінің  психикалық  ұйымдастырылуы  тек  когнитивтік, 
реттеулік  және  коммуникативтік  процестермен  ғана  шектелмейді,  өзіне 
эмоциялық, еріктік және мотивациялық процестерді де қоса алады. 
Эмоциялық  және  еріктік  процестердің  өзара  байланысы,  олардың  іс-
әрекет  барысында  адамның  өз  күйіне  бақылау  жасауына  ықпалы  күйдің 
эмоциялық-еріктік реттелуі ұғымында көрініс тапқан. 
Эмоциялар  (латынша  emovere  –  қоздыру,  толғану)  –  құбылыстар  мен 
жағдайларды  тікелей  бастан  кешуден,  олардың  объективтік  қасиеттерінің 
және  субъектінің  қажеттіліктерінің  қатынасымен  үйлесімде  туындайтын 
психикалық  бейнелеу  формасы.  Сезімдермен  салыстырғанда,  эмоциялар 
болмысқа  бағалаулық,  субъективтілік  қатынастың  әлдеқайда  қарапайым 
формасы болып табылады. Олар саналы және санадан тыс формаларда қанат 
жаяды.  Сезімдер  жоғары  тұрақтылықпен,  күрделілігімен  ерекшеленеді. 
Эмоциялар  мен  сезімдер  арасындағы  ұқсастық  олардың  адамның  өзіне  және 
қоршаған болмысқа тұлғалық қатынасының екі формасы ретінде болуында.  
Сезімдер  мен  эмоциялар  екі  негізгі:  белгі  беру  және  реттеулік 
функцияларын атқарады, негізгі оң және сол топтарын атап көрсетеді. 
Біріншілерін  –  стеникалық  (адамның  психикалық  мүмкіндіктерін 
күшейтетін),  ал  екіншілерін  –  астеникалық  (күй  мен  іс-әрекетке  кері  ықпал 
ететін)  ретінде  белгілейді.  Сондай-ақ  дәл  осы  бір  затқа  оң  және  теріс 
қатынастардың 
сабақтастығымен 
сипатталатын 
амбиваленттік 
(қосарланған) сезімдер мен эмоциялардың ауқымды саласы бар.  
 Эмоциялық  процестер  белгілі  бір  кезеңдерден  тұрады,  олардың 
біріншілері – эмоциялық кернеудің артуы, сонан соң шешілуі, кернеудің түсу 
кезеңі  келеді.  Сезімдер  үшін  кезеңдік  параметр  тән  емес,  өйткені  олар 
қатынастардың  тұрақты  формалары  болып  табылады.  Интеллектуалдық, 
моральдық, эстетикалық және праксикалық (грекше – іс, сабақ) сезімдер атап 
көрсетіледі. 
Эмоциялар  олардың  интенсивтену  дәрежесі  бойынша  жіктеледі.  Ең  аз 
байқалғанда  олар  қандай  да  бір  психикалық  процестің  боямасы  ретінде  
эмоциялық  фон  формасында  болады.  Дербес  процеске  бөліне  отырып,  олар 
эмоциялық  күйзелу  формасын,  ал  шекті  айқындалған  кезде  –  аффект 
формасын  алады.  Күйзелістік  күй  мен  көңілді  күй  де  эмоциялық 
қатынастардың негізгі формалары болып есептеледі. 
Ерік психикалық процесс ретінде адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін 
саналы  реттеу  сапасы  ретінде  анықталады.  Ол  мақсатқа  жету  кезіндегі 
қиындықтарды  жеңуді  қамтамасыз  етеді.  Оны  сипаттау  кезінде  еріктік  акт, 
еріктік күш және тұлғаның еріктік қасиеттері сияқты ұғымдар басты мәнге 
ие болады. 
Еріктік  акт  құрылымы  негізгі  үш  кезеңнен  тұрады:  1)  адамның  мақсатқа 
жету  талабы;  2)  мақсатты  таңдауға  байланысты  «мотивтер  күресі»;  3) 
қабылданған шешімді жүзеге асыру және осындай туындаған қиындықтарды 
жеңу. 


Бұл актінің барлық кезеңдері импульсивтік талаптар мен қажеттіліктерді 
жеңуге  байланысты  еріктік  күшті  талап  етеді.  Еріктік  күш  еліту,  тыйым 
салу, жұмыс қабілеттілігін қолдау, бақылау, сыртқы бөгеттерге қарсыласу 
формасын қабылдай алады. 
Әлдеқайда  мәнді  еріктік  процестер  –  дербестік,  мақсатқа  ұмтылу, 
шешімділік,  тұрақтылық,  сабырлылық,  өзін-өзі  игеру.  Олардың  туынды 
қасиеттері  –  тәртіптілік,  батылдық,  қажырлылық.  Эмоциялық  және  еріктік 
процестердің  тығыз  өзара  байланысы,  олардың  нақты  мінез-құлықта 
бөлінбейтіндігіне  және  адамның  психикалық  күй  формасында  басынан 
өткізуіне  алып  келеді.  Бұл  –  бүкіл  психика,  оның  мазмұны,  бірақ  белгілі  бір 
аралықта  оның  қызмет  етуі.  Психикалық  күйді  психологияның  арнайы 
саласы – функционалдық күйлер психологиясы қарастырады. 
Күйдің  негізгі  типтерінің  барлығы  олардың  заңдылықтарымен  бірге 
жетекшінің  іс-әрекетінде  сақталады,  бірақ  әлдеқайда  айқын  формада  жиі 
байқалады.  Олар  қарқындылық  дәрежесі  бойынша  жіктеледі:  мазмұны 
бойынша  (торығу,  шаттану,  фрустрация,  қобалжу,  т.б.);  іс-әрекет  түрлері 
бойынша  (ойын,  оқу,  еңбек);  тон  бойынша  (оң,  теріс,  амбивалентті);  іс-
әрекетке әсер ету сипаты бойынша (позитивті және негативті). 
Кез 
келген 
күйдің 
құрылымы 
екі: 
мазмұндық 
және 
серпінді 
компоненттерден тұрады. Іс-әрекеттің орындалу тиімділігіне күйдің мазмұны 
да,  оның  қарқындылығы  да  үлкен  ықпал  етеді.  Іс-әрекеттің  орындалуын 
қоштайтын 
энергетикалық 
фонды 
белсенділену 
деңгейі 
ұғымымен 
белгілейді.  Ол  кең  ауқымда  өзгереді,  оны  белгілеу  үшін  психологияда 
«активация  континуумы»  немесе  сергектену  деңгейлерінің  шкаласы  ұғымы 
қолданылады. Келесі күйлер мынадай деңгейлер ретінде қарастырылады: ес-
түссіздік  (кома),  терең  ұйқы,  жеңіл  ұйқы,  жай  сергектік,  белсенді  сергектік, 
қауырт сергектік, стресс. 
Жетекші  іс-әрекетінің  тиімділігі  белсенділену  деңгейіне  байланысты 
болады:  ол  тым  жоғары  және  тым  төмен  деңгейлерде  төмендейді.  Бұл 
тәуелділікті  алғаш  рет  американдық  ғалымдар  Р.Йеркс  пен  Д.Додсон 
байқады.  Ол  «Йеркс-Додсон  заңы»  немесе  «оптимума  активации»  заңы  деп 
аталады.  Сондай-ақ  психикалық  күйлердің  деструктивтік  (негативтік)  ықпал 
дәрежесі  мен  олар  осы  ықпал  ететін  процестердің  күрделілігі  арасында  да 
байланыс  бар.  Мысалы,  торығу  немесе  күйзеліс  әсерімен  интеллектуалдық 
функциялар,  ал  сонан  кейін  едәуір  аз  шамада  әлдеқайда  қарапайым 
моторлық, атқарушылық функциялар төмендейді. 
Басқару 
іс-әрекетінде 
эмоциогендік 
факторлардың 
қуатты 
тобы 
тұлғааралық  қатынастармен  байланысқан.  Бұл  іс-әрекеттің  күрделілігі,  оны 
жүзеге 
асырудың 
қиын 
шарттары 
оның 
нәтижелеріне 
деген 
жауапкершілікпен  сабақтаса  келе,  басқару  іс-әрекетінің  сипаттамаларының 
тұрақты  симптомдық  кешенін  түзеді.  Міне,  дәл  осындай  іс-әрекет  еріктік 
процестердің 
үнемі 
қосылуын 
талап 
етеді. 
Басқару 
іс-әрекеті 
психологиясында  оны  ұйымдастыру  үшін  әлдеқайда  мәнді  эмоционалдық-
еріктік  реттелудің  әлдеқайда  типтік  аспектілер  шеңберін  атап  көрсетеді.  Бұл 
– стресс, фрустрация проблемасы, «шұғыл іс-әрекетке дайындық» құбылысы, 


жетекшінің эмоционалдық резистенциясы ұғымы, дисфункционалдық күйдің 
когнитивтік  реттелу  ерекшеліктері,  басқару  іс-әрекетіндегі  экспрессивтік 
процестердің заңдылықтары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет