болды. Интернеттегі аяқ киім сататын дүкеннің бізді осылай қуантқанын
ешқашан ұмытпаймын».
Zappos-қа жұмысқа орналасу оңай емес, тіпті компанияның жалақысы
орташа деңгейден аспаса да әркім тек команда құрамына кіріп, Zappos-тың
ұжымдық рухына еніп, негізгі құндылықтарымен бөліскісі келеді.
Әлемде қанша адам болса, сонша пікір, талғам бар. Ал, солардың
топтасатын жері ұжымдар, компаниялар. Өзіңе сай корпоративтік мәдениетті
таңдау — өз қолыңда. Корпоративтік мәдениет классикалық үлгіде немесе
заманауи үлгіде болсын, ең бастысы жаныңа жақын, көзқарасыңа сәйкес
келуі керек немесе соны өз қолыңмен қалыптастырғаның жөн.
Достарыңызбен бөлісу: