Осындай тапсырманы орындап болған соң, экранға шығады:
variable
Hello
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе бір айнымалының мәнін
екінші айнымалының меншіктеп алуы төмендегідей жазылатынын білу
қиын емес:
var1=$var2
ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУҒА ЖІБЕРУ Тапсырманы
орындауға
жіберу
үшін
оны
командалық
интерпретаторға жіберу керек. Ол тапсырма мәтінін талдайды және
тапсырма командаларын операциялық жүйенің жүйелік шақыртуына
ауыстырады. Бұл ретте командалық интерпретатор тапсырманың
ақпараттық қоршауын қолдайды, яғни тапсырманы орындауға қажетті
барлық уақытша деректерді сақтайды, мысалы ағымдағы терминалмен
байланысу, жергілікті айнымалылар, файлдық дескрипторлар.
Тапсырма ағымдағы командалық интерпретаторға орындауға берілуі
мүмкін — бұл кезде ағымдағы ақпараттық қоршау сақталады (сурет-
5.2).
Сонымен
қатар,
ағымдағы
командалық
интерпретатор
құралдарымен командалық интерпретордың жаңа процесін құрастыра