182
бағытталған, жадыда орналасқан бағдарламалық кодтың орындалуымен
тұжырымдалады. Операциялық жүйе жадының арнайы аумағын
(үзілістер кестесі) сүйемелдейді, мұнда әр үзілістерге (әдетте,
сәйкестендірілген нөмірі бойынша) бағдарламалық код (үзілістер
өңдеушісі) орналасқан жады бағытының сәйкестігі қойылады. Жүйе
сүйемелдейтін үзілістер саны белгіленген. Операциялық жүйе әдетте
16-дан 256 үзілістерге дейін сүйемелдейді.
Үзілістердің өңдеушісі орындалатын процестерге тәуелді емес,
дегенмен бағдарламалық код процестердің бірімен қайта анықталады.
Осылайша үзілістер өңдеушісінің пайдаланушысы орнатылады.
Өңдеуші орындалғаннан кейін операциялық жүйе басқаруды қайтарады
немесе үзілістердің келіп түсуіне дейін белсенді болған бір немесе
бірнеше міндеттердің орындалуын аяқтайды.
Құрылғыдан келіп түсетін аппаратты үзілістерден басқа, кез келген
процеспен басталатын бағдарламалық үзілістер бар. Осылайша,
процесс операциялық жүйеге, оның орындалуы барысында қандай да
бір оқиғаның орын алғанын хабарлайды.
ОЖ жүйелік шақыруының әрінде дәл осылай үзілістер белсенді
болады. Мысалы, сәйкес келуші үзілістер, мәтінді терминалдың
экранына шығару кезінде белсенді етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: