181
жұмыс жасайды. Процестің ерекше күрделі міндеттерін шешу үшін әр
түрлі физикалық компьютерлерде іске асады және желі арқылы өзара
әрекеттеседі. Процессаралық өзара әрекеттесу көп қолданбалығымен
тұжырымдалады, яғни, өзара әрекеттесуші процестер, өзара
әрекеттесуші интерфейстерді сақтау кезінде бір-біріне қатысусыз
алмаса алады. Басқа артықшылығы, есептелетін жүктелім процесс
арасында таралады. Бұл операциялық жүйеге, бағдарламалық кешеннің
жеке бөліктерінің орындалуы кезінде басымдылықтарын басқаруға
мүмкіндік береді, ресурс сыйымды процестердің ресурс сандарының
аздығы немесе көптігін ерекшелейді.
Ортақ міндетті шешетін процестерді іске асыру үшін операциялық
жүйе олардың арасындағы өзара әрекеттесуші құралдарымен
қамтамасыз етілуі тиіс. Өзара әрекеттесу құралдарын ұсыну —
қолданбалы бағдарламалардың емес операциялық жүйелердің міндеті,
себебі алмасу механизмінің өзіне қолданбалы бағдарламаның әсерін
болдырмау қажет, одан басқа алмасу механизімін сүйемелдеу
пайдаланушының қарапайым процесіне қолжетімсіз, ресурстарға
қолжетімділікті талап етуі мүмкін.
Процесс арасындағы өзара әрекеттесу типтік механизмдері келесі
міндеттерді шешу үшін арналған:
■
Бір процесстен екіншісіне ақпараттарды жіберуі;
■
Бірнеше процесстердің бір деректерді бірігіп пайдалануы;
■
Процесстер күйінің өзгеруін хабарлау.
Достарыңызбен бөлісу: