өте терең деңгейге салынған сілтемелік блоктар
болмайды,
өйткені
деректер
блогын
іздеуге
жұмсалатын уақыт өте көп болып кетеді[16].
Бұл файлдық жүйелердегі каталогтар арнайы
файлды құрайды, оның ішінде файлдар мен каталогтар
тізімі болады (2.10 сурет).
Бұл файлды әрқайсысы 16 байт көлемді жазбалар
орналасқан, олардың ішіндегі ақпарат: бірінші екі
байтта i-node файлының номері, ал қалған 14 байтта — файл атауы.
Осылайша, бұл файлдық жүйелерде файл атауының ұзақтығы тек 14
символмен шектелген.
i-node номері астына тек 2 байт бөлінетіндіктен, каталогтағы
файлдардың ең көп саны 65 535-санынан аса алмады. Бұл кестеде тек
үш номер каталогтың өзін сипаттау үшін сонымен қатар оның аталық
каталогын, алыстатылған файл (0 мәні) белгіленуін сипаттау
мақсатында резервтелген, осы арқылы каталогтағы файлдың жалпы
саны қысқарды.
Әр файлда өзінің жеке i-node болады. Ол жерде файл туралы барлық
қызметтік ақпарат бар, оның көлемі, қолжетімділік құқығы және т.б. i-
node жалпы құрылымы 2.3-кестеде келтірілген.
di_mode жолағы биттік жолақ, файлға қолжетімділік түрін және
құқығын анықтайды (сурет-2.11).