Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет74/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

Айналма  алгоритм.  Тәсіл  FIFO  стратегиясының  бір  нұсқасы, 
өзгешелігі  барлық  парақтар  сақиналық  тізімге  біріктірілген.  Параққа 
сұратылым  келген  кезде  1  мәні  орнатылатын  сілтемелі  битке 
ұқсастырылған.  Негізгі  жадыдан  қосымшаға  парақ  ауыстыру    қажет 
болған сайын менеджер сілтемелі бит 0 мәніне ие парақ кездеспейінше 
тізімді аралап қарайды. Оның үстіне әр қаралған парақ үшін бұл мән 0 
түсіп  отырады.  Сілтемелік  бит  0  тең  парақша  кездескен  бойда  ол 
парақша лезде қосымша жадыға көшіріледі.  
Парақшаларды  шығарып  тастауды  басқарудың  басқа  да 
алгоритмдері  бар.  Мысалы  жады  парақшасына  өтінім  келу  жиілігін 
ескеретін  жиілік  алгоритмі  бар.  Сонымен  қатар  шығарып  тастау  үшін 
парақшаны кездейсоқ таңдау тәсілі де қолданылуы ықтимал. 
 
Ескере  кететін  жағдай  парақтарың  бәрі  бірдей  қосымша  жадыға 
көшіріле  бермейді.  Жадыда  әр  уақытта  болуы  қажет  парақтар  қатары 
да  бар.  Мысалы,  үзу  механизмі  көрсеткіштер  массиві  олардың 
өңделулеріне  негізделген, мысалы  парақ  қателерін  өңдеу  үшін  немесе 
кіріс/шығыс  операциясын  аяқтау  үшін.    Бұл  өңделулер  әр  уақытта 
жадыда  болулары  керек.  Олар  ауыстырылмайтын  парақтар 
белгілерімен белгіленеді. 
 
Кейбір  парақтар  операциялық  жүйе  жұмысының    барлық 
уақытының  барысында  ауыстырылмайтын  болуы  мүмкін,  ал  тағы  бір 
түрлері тек белгілі бір уақытқа ғана ауыстырылмайтын болады. Бұндай 
парақтар  қатарына  құрамында  буфер  бар  жады  парақтары,  сыртқы 
құрылғылармен  байланысқан  немесе  кіріс/шығыс  операцияларына 


 
 
арналған  парақтар  жатады.    Парақтар  қандайда  бір  операция 
аяқталмайынша ауыстырылмайтын парақ деп белгіленеді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет