UNIX- ЖӘНЕ WINDOWS-ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ЖАДЫНЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМДЕРІ UNIX тобының операциялық жүйелердің алғашқы нұсқасы 1970
жылдарда пайда болды. Бұл операциялық жүйелер 16-разрядтық
архитектурасы бар және жадысы 64 Кбайт болатын PDP-11 класс
машиналарына қызмет көрсетуге арналған. Есептеуіш ресурстардағы
шектеулер әсерінен UNIX ОЖ өнертапқыштарына жадыны басқаруға
бағдарламалық оверлей тәсілін пайдалануға тура келді. Оверлей
пайдаланылмай тұрған жадыны өшіру есебінен жадыны бірнеше
қайтара пайдалануға және оған жаңа блоктар, кодтар және деректерді
жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе жұмысы кезінде мысалы,
операциялық жүйені жүктеу және инициалдау деңгейінде орындалған
және жүйе жұмысы кезінде қажеттілігі жоқ кодты өшіруге және
босаған жадыны басқа бағдарламаларға қолдануға мүмкіндік берді.
Бұл тәсіл БҚ жасау кезінде қосымша талаптарды қосады,
бағдарлама жасаушыдан кодтың қай бөліктерін және қашан алып
тастауға немесе негізгі жадыға жүктеу керектігі туралы ережеқажет.
Бұндай бағдарламалардың төзімі өте нашар, өйткені оларда көбіне
өздері жасалған жүйелердің аппараттық ерекшеліктері қолданылды.
Ұрпағы операциялық жүйелерінің жадыларын басқару жүйесінің
келесі даму деңгейі бағдарламаны толықтай қосымша жадыға көшіру
негізіндегі стратегияны енгізу болды. Бұл жүйені қолданғанда
бағдарламалар оперативті жадыға кезегімен жүктелді. Егер кезекті
процеске жады жеткіліксіз екені анықталса, операциялық жүйе