Бегежанова Райхан Карымжановна


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте сандарды оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-2


ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте сандарды оқыту әдістемесі 
 
Бірінші ондықты оқыту әдістемесі 
Бірінші  ондық  сандары  және  олармен  жасалынатын  амалдар 
оқытудың  1-жылында  ӛтеді.  Оқушылар  10  кӛлеміндегі  сандардың 
әрқайсысымен  жеке  танысады.  Әр  санның  құрамы,  оның  цифрмен 
белгіленуі,  осы  сан  шеңберінде  есептеу,  заттар  жиынтығы  мен  санды 
және  цифрларды  сәйкестендіру  оқытылады.  Сандардың  натуралды 
қатарда  алатын  орны  белгіленеді.  Сандар  салыстырылады,  олардың 
құрамы  зерттеледі;  әр  сан  шеңберіндегі  «+»  мен  «-»  амалдары,  сан 
қатарының  үзіндісі  зерттеледі;  қосындының  мәні  мен  айырманың 
қалдығын  табуға  бағытталған  қарапайым  арифметикалық  есептер 
шығарылады. Зияты зақымдалған балаларды санақ есептеу түсініктерін 
және  сандардың  натуралды  қатарының  кейбір  алғашқы  қасиеттері 
туралы білім беру мен осы түсініктерді қалыптастыру - ӛте қиын мәселе. 
Оның  шешіміне  жету  тек  кӛрнекілік  құралдарын  кеңінен  қолдану 
барысында  әр  баланың  жеке  мүмкіншіліктерін,  оның  ӛткен  тәжірибесін, 
10  кӛлеміндегі  сандарды  ӛту  кезіндегі  жалпы  және  жеке  қиындықтарын 
ескергенде ғана мүмкін болып табылады. 
Оқушылардың ойлауының нақтылығы бақыланатын құбылыстарды 
жалпылаудың әлсіздігі ақыл-есі бұзылған оқушылардағы сандар туралы 
білімдерінің, есептеудің тәжірибелік икемділіктерінің баяу қалыптасуына 


33 
әкеледі. Арнайы мектептің 1-сыныбына келген оқушылар кӛбіне әртүрлі 
шеңбердегі  сандарды  атай  алады,  бірақ  сандарды  атау  заттарды 
кӛрсетумен  сәйкеспейді:  сандардың  атауы  заттарды  кӛрсетуден  қалып 
қояды  немесе  озып  кетеді.  Мысалы,  8  дейді  де,  6  немесе  1  затты 
кӛрсетеді.  1-сыныптың  зияты  зақымдалған  оқушылары  санаудан  бас 
тартады  немесе  заттарды  санау  барысында  кӛптеген  қателер  жібереді 
(кӛбінесе  егер  де  заттар  әр  жерде  орналасса  –  тігінен,  кӛлденең, 
шашыранды және бұрын кездеспеген болса). 
Оқушылар  есептеуді  қай  жағынан  бастауын  білмейді.  Зияты 
зақымдалған оқушылардың кӛбісі кӛлденең орналасқан заттарды солдан 
оңға қарай ғана санау керек деп ойлайды. Егер оңнан солға қарай сана 
десе, олар санамайды немесе барлық сандарды кері айтады (10-нан 1-ге 
дейін).  Бұл  санаудың  негізін  түсінбей  стереотипті  жатталған  сандар 
қатарын  кӛрсетеді.  Бұның  салдары  берілген  саннан  бастап  санауды 
білмейтіндігіне әкеледі. Зияты зақымдалған оқушыларды санау вариант-
тарына  үйретпесе,  тек  1  санынан  ғана  санауды  білетін  болады.  1-сы-
ныпқа  келген  зиятында  ауытқуы  бар  балалар  «неше?  нешеу?»  деген 
сұрақтарға  жауап  беруге  қиналады.  Заттарды  бірнеше  рет  санап, 
нәтижесін кӛрсете алмайды. Оқушылар әртүрлі заттардың жалпы санын 
анықтауда  қиындықтарға  ұшырайды.  Олар  бір  түрдегі  заттарды  жеке 
санап,  оларды  жалпы  жиынтыққа  біріктірмейді.  Тіпті  олардың  түсі  мен 
кӛлемі  әртүрлі  болса  да,  жалпы  санын  біріктіріп  айта  аламайды.  Мыса-
лы,  қорапта  түймелер,  оймақтар,  ілмектер  жатыр.  «Барлығы  қорапта 
неше зат бар?» деп мұғалім сұрайды. Оқушылар түймелерді, оймақтар-
ды, ілмектерді жеке 3 қатарға жинақтап, жеке санайды, бірақ мұғалімнің 
сұрақтарына  жауап  бермейді.  Бұл  баладағы  сан  мен  санақ  ұғымының 
қалыптаспағандығын  дәлелдейді.  Кӛптеген  оқушылар  сандарды  санау 
мен  ретпен  санауды  ажырата  алмайды:  5  затты  кӛрсет  десең,  оқушы 
реті бойынша 5-затты кӛрсетеді.  
1-
сыныпта  10  кӛлеміндегі  сандарды  оқу  барысында  келесі 
кӛрнекілік құралдар қолданылады:  
1. 
Заттық құралдар: 
а)  қоршаған  болмыс  заттары:  сынып  жиһазы,  оқулық  жабдықтары, 
табиғи  материалдар,  жемістер,  кӛкӛністер,  түймелер,  ілмектер, 
оймақтар, ойыншықтар (басқа да ұсақ заттар тізбекке біріктіріліп қатырма 
қағазға жабыстырылады). 
б) 
санақ 
үшін 
арнайы 
даярланған 
заттар: 
таяқшалар, 
арифметикалық  сандық,  жеке  және  сынып  шоты,  шариктері  (саны  10) 
жіпке ілінген жақтау.  
в) геометриялық фигуралар. 
г) жемістердің, кӛкӛністердің, саңырауқұлақ, аңдар, құстар және т.б. 
трафареттері.  
2. Иллюстративті немесе суреттемелі құралдар: 
а)  заттар  суреттерінің  жиынтығы  –  жеміс,  кӛкӛніс,  аңдар,  ұшақ, 
машиналар бейнеленген.  


34 
б) 1-ден 10-ға дейін заттардың суреттері. 
в) бір сюжетпен біріктірілген бір және әр түрдегі заттар. 
г) сандық сатысы кестесі. 
д)  жылжымалы  цифрлардың  және  белгілердің  (таңбалардың) 
жиынтығы  (кӛрсетуге  және  жеке  жұмысқа  арналған),  фланельді, 
магниттік цифрлар.  
е) резинадан жасалған цифр штамптары.  
ж) цифрларды дұрыс жазу, салу кестесі.  
з) тиын кассасы 1, 2, 5, 10 тг. 
и)  «Бірінші  ондық  (он  кӛлеміндегі)  сандардың  нӛмірленуі»  атты 
кесте. 
Авторлары: 
М.И.Моро, 
С.В.Степанова, 
Н.А.Янковская, 
Р.А.Сүлейменова.  
Құралдарды  кӛрсету  үшін  құм  жәшігі,  демонстрация  үстелі,  магнит 
немесе  фланельді  тақта, экран  және  иллюстративті жолақтар санайтын 
заттары бар.  
Арнайы мектеп мұғалімі математикалық білімдерді саналы меңгеруі 
тек  кӛрнекілік  құралдарын  қолдану  барысында  жүзеге  асады.  Кӛрне-
кіліктермен  балалар  ӛз  беттерімен  жұмыс  істей  алуы  керек  (заттық 
сарамандық  іс-әрекет).  Он  кӛлеміндегі  сандармен  танысу  келесі 
бірізділікпен ӛтеді:  
Бірінші  сабақта  сан  мен  цифр  туралы  анықтама  беріледі.  Сабақ 
мақсаты  -  оқушыларды  сан  құрамымен  таныстыру  (алғашқы  санға  1 
бірлікті  қосып  айту),  оны  атау,  цифр  ретінде  белгіленуімен  таныстыру, 
цифрды  жазуға  үйрету,  сан  қатарында  алатын  орнын  кӛрсету  (реті), 
санды,  цифрды  заттар  санымен  сәйкестендіруге  үйрету;  натурал 
қатарының  белгілі  үзіндісінің  сандық  және  реттік  қатынастарын 
қарастыру. Цифр – санды жазып кӛрсету үшін қолданылатын таңба.  
Екінші  сабақта  оқушылар  осы  санның  сандар  қатарында  алатын 
орнын  бекітеді,  алдындағы  санның  қрамы  туралы  ұғым  алады,  санақты 
тура  және  кері  айтуға  жаттықтандырылады.  Оқушылар  сандар  мен 
заттар  жиынтығының  санын  салыстыруда  жаттықтанады,  сандар  мен 
заттар арасындағы теңдік пен теңсіздікті анықтауға үйренеді (<, >, =). 
Кейінгі  сабақтарда  оқушылар  бұл  санның  құрамымен  (екі  топты 
сандармен  құрастырылатындығымен),  осы  сан  шеңберінде  қосу  және 
алу  амалдарымен  танысады.  Бұндай  сабақ  саны  санның  ӛлшемі  мен 
сынып құрамына байланысты.  
10 кӛлеміндегі сандардың әр біреуімен жасалынатын жұмыс кезеңі: 
1. Сандардың құрамы.  
2. Санды цифрмен белгілеу және цифрды жазу.  
3. Санның, сан мен цифрлардың сәйкестігі.  
4. Сан қатарындағы санның орны (реті). 
5. Тура және кері бірізділікпен санау.  
6. Заттар жиынтығын салыстыру. Сандарды салыстыру (салыстыру 
таңбалары =, >, <).  
7. 10 санының шеңберінде қосу мен алуға үйрету.  


35 
1.  Санның  құрамы.  Мысалы  6  санының  құрамы.  Мұғалім  оқушы-
лардан  дәптерлерді  санауды  сұрайды.  Мұғалім  5  дәптерді  кӛрсетіп: 
«Мына жерде неше жол дәптер бар?» - деп сұрайды. Оқушылар санап: 
«Бұл  жерде  5  жол  дәптер  бар,  -  дейді.  Оған  тағы  бір  жол  дәптерін 
қосайықшы.  Барлығы  неше  дәптер  болды,  санайықшы.  6  дәптердің 
құрамын  айтайықшы.  Неше  жол  дәптер  болды?  Оған  нешеуін  қостық? 
Неше дәптер болды?» Одан кейін 6 санының құрамы басқа да құралдар 
арқылы қарастырылады (шот, түйме және т.б.).  
5  санына  үйрету  барысында  мұғалім  оқушыларды  4  санының 
құрамын екінші әдіспен табылуын таныстырады. Сандарды және сәйкес 
шамаларды  (ұзындықтарды)  қосу  және  алу,  санмен  сәйкестендіру  де 
қарастырылады.  
Бірінші жылдың аяғына қарай оқушылар он кӛлеміндегі сандардың 
құрамының  алдындағы  санға  1-ді  қосу  арқылы  пайда  болатындығын, 
егер  де  саннан  1-ді  алатын  болса,  онда  артқы  санның  шығатындығын 
түсінуі тиіс.  
2.  Санның  құрамымен  танысып  болған  соң,  мұғалім  оны  цифрмен 
белгілеуді  үйретеді  (қолмен  жазылған  және  үлкен  баспа  цифрлармен 
таныстырады).  Цифрды  зейін  қойып  қарастыру  керек.  Барлық  эле-
менттеріне  кӛңіл  аудару  қажет.  Оларды  заттарды  салыстырып,  мысал 
келтіру  керек.  Бұл  цифр  бейнесін  оқушылар  шатастырмауы  керек. 
Мысалы, 8 цифрасы – бұл екі тоқаш немесе шексіздік белгісі, 1 цифрасы 
–  таяқша  мен  ілмек.  Мұғалім  цифраны  сәйкес  заттар  жиынтығының 
астына  қоюы  керек.  Одан  кейін  цифраны  жазуға  үйретеді.  Бұл  ӛте 
күрделі  үрдіс.  Жазу  процесі  қиындатылған  оқушыларға  алдын  ала 
қосымша құралдар даярлау қажет (пластмас цифрлар, қарындаш салып 
цифрды жазуға арналған трафареттер).  
Цифрды жазуға үйретудің бірізділігі: 
1. 
қолмен  жазылған  цифр  үлгісін  кӛрсету,  цифр  элементтерін 
кӛрсету мен жазу.  
2. 
мұғаліммен  цифрды  тақтаға  жазып  кӛрсету  (бұл  жерде 
бордың қимыл-бағытына кӛңіл аударылады). 
3. 
цифр 
моделін 
(саусақпен, 
бағыттауыш 
таяқшамен) 
айналдырып, басып кӛрсету.  
4. 
цифрды ауада жазу.  
5. 
бірнеше оқушымен цифрды тақтаға жазу.  
6. 
үлгі  бойынша  цифрды  дәптерге  жазу.  Мұғалім  алдын  ала 
цифрларды жазу үшін оқушыларға дәптерлерді дайындайды.  
Жеке оқушыларға мұғалім цифрларды нүктелермен немесе жіңішке 
сызықтармен  жазады.  Ал  балалар  оны  тек  басып  салады.  Кей 
оқушыларға  2-3  сүйемелі  нүкте  қойса  да  жетеді.  Егер  де  оқушыда 
моториканың  үлкен  бұзылыстары  болса,  саусақтарының  ұсақ  қимыл-
дары қиындатылады. Бұл балалар цифрларды бір торға жаза алмайды. 
Бұндай оқушыларға цифрларды екі торға жазуға рұқсат беріледі. Кейде 
одан да ірі, мұғалім ӛзі арнайы сызған торларға жазады. Дәптер бетінде 


36 
бағдар  ете  алмайтын,  цифрларды  жазу  барысында  сызықтарға 
қарамайтын оқушыларға  әр  жолды кӛк  қарындашпен сызып беру  керек. 
Кей  оқушылар  тек  трафарет,  мұғалімнің  кӛмегімен  ғана  цифрларды 
басып  шығарады.  Жазу  алдында  цифрларды  саусақпен  айналдыру 
ұсынылады,  олардың  атауларын  ауызша  қайталауы  қажет.  Мұғалім 
цифрларды дұрыс жазуды талап етеді.  
3.  Алғашқы  уақытта  арнайы  мектеп  оқушылары  сан  мен  цифрды 
байланыстыра  алмайды.  Сондықтан  да  бұл  қатынасты  саналы  түсіну 
үшін  түрлі  жаттығулар  керек.  Мысалы,  берілген  зат  санына  сәйкес 
цифрды таңдау. Мұғалім: «Айжан 5 алма сатып алды. Айжан неше алма 
сатып  алды?  Цифрмен  кӛрсетіңдер.  Тексерейік.  Бәріміз  бірге  санап,  5 
цифрін ілейік». 
4. Жұмысты сан сатысынан бастау керек. 1-сатыны 1 санымен, 2-2, 
3-
3  санымен  белгілейміз.  Балалар  сатыға  шығып  және  түсіп  санақ 
жүргізеді. Одан кейін оның орнын сан қатарынан анықтайды. Мысалы, 7 
цифры  6  цифрасынан  кейін  тұрады.  «Кӛршілерін  тап»  тапсырмасын 
беруге  болады.  Балаларды  жаттықтыру  барысында  «Тірі  цифрлар» 
ойынын ойнап бекітуге болады (балалардың рет-ретімен тұра қалуы). 
5. 
Алдымен  әр  затты  қолымен  алып,  одан  кейін  әрқайсына  қол 
ұшын  тигізіп  санау.  Одан  кейін  оларға  тиіспей  тек  заттарды  кӛрсетеді. 
Одан кейін кӛзбен санайды да, ауызша айтады. Мұғалім: «Неше дәптер 
бар?» - деп сұрақ қояды. Санауды тігінен, кӛлденең, оңнан солға, солдан 
оңға  қарай  жүргізуді  үйрету  керек.  Заттарды  санауға  жаттығулар 
жүргізіледі, санның ретін анықтайды.  
6.  Сандарды  ретімен  тұрған  кӛршілес  сандармен  салыстыру 
қарастырылады.  «4»  санын  ӛту  барысында  4-тің  3-тен  артық  екенін 
кӛрсетеді.  Оқушылар  бір  таңбалы  және  екі  таңбалы  сандарды  ажырата 
білуі қажет.  
7.  Арифметикалық  амалдармен  оқушылар  2  санын  ӛткеннен  кейін 
танысады.  Он  кӛлеміндегі  сандар  арасында  қосу  мен  алу  амалдары 
бірге  қарастырылады.  Оқушылар  «+»,  «-»  және  «=»  таңбаларымен 
танысады. 
Пропедевтикалық кезеңде берілетін тапсырмалар: 
1. Әртүрлі жерлерге нүктелер қою.  
2. Сызықтар сызу. 
3. Кесінділер (2 см). 
4. Торды айналдыра сызу. 
5.  Геометриялық  фигураларды  сызу:  шаршы,  шеңбер,  үшбұрыш, 
штрихтау. 
6. 10-
15 қатар бардюра. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет