41
қойылады. Сонымен, толық екі таңбалы сан пайда болады. Сандардың
құрамы шот пен абакта жаттықтандырылады. Сандарды жазу бары-
сында қиындықтарға ұшырайтын кейбір оқушыларға разрядты түспен
белгілеп қолдануды немесе бірліктерді бір сызықпен, ондықтарды екі
сызықпен сызу тәсілін ұсынуға болады.
Оқушыларды санды разрядтарға бӛлуді жазудың әртүрлі
әдістерімен таныстыру қажет.
55
55
55 = 50 + 5
50
5
5
онд.
5
бірл.
55
– 5 онд. 5 бірл.
Бұл кезеңде оқушылар санақ таяқшаларымен қолданады. Екі
ондыққа (бума таяқшаларға) бір-бірден қосылып отырып сан қатары
жазылып отырады. Басқаша айтқанда, үшінші ондық кӛлеміндегі сандар.
10 таяқшаны қоса отырып, оқушылар тағы 1 ондық таяқшаларын
жинақтап, бумаға байлайды. Сонымен балаларда 3 бума таяқша немесе
3 ондық немесе 30 саны пайда болады. Осыған ұқсастырып 100
кӛлеміндегі сандар қатары жинақталады. Сандық қатарының жеке
үзінділерін немесе барлық қатарын дәптерге жазуға болады.
Бірліктерді қосып санау шотта да жаттықтандырылады. Оқушы-
ларды бірліктерді біртіндеп алуға үйретуге кірісу барысында мұғалім
қолдарына 1 жүздікті алуын сұрайды (10 бума). Оны 10 ондыққа ауысты-
руын сұрайды (үлкен буманы шешіп, ондықтарға бӛлу). Бір ондықты
алып, оны 10 бірліктерге ауыстырамыз (1 ондық таяқшаларын шешеміз).
Одан кейін жүздіктен 1 таяқша алынып, қалған сан аталынады – 99. Осы
процесс 90 санын алғанға дейін жалғастырылады. Ол тағы да 10 бірлікке
ауыстырылып, бір-бір таяқшадан алынып, әрі қарай кері санауға үйре-
теміз. Мұғалім балалардың зейінін ең алдында қанша ондық болданына
аударады. Одан кейін бірліктер қайдан алынып, ондықтың қайда
жоғалып кеткенін түсіндіреді. Бұл жерде де жұмыс шотпен бекітіледі. 3-
сымдағы 2 сүйекше 2-сымдағы 10 сүйекпен алмастырылады. 2-сымдағы
10 сүйекше 1-сымдағы 10 сүйекпен алмастырылады.
Бірінші жүздік кӛлеміндегі сандар қатарын ӛту «демонстрациялық
шаршы»
кӛмегімен
жүргізіледі.
«Демонстрациялық
шаршымен»
жасалатын жаттығулар:
-
Мұғалім шаршыдағы жеке сандарды, жолдарды, бағандарды
жауып, оқушылардан атауын сұрайды;
-
Бос
торды толтыру;
-
Қатардағы және бағандағы санның «кӛршілерін» атау;
-
Сандарды салыстыру;
-
Берілген саннан 1 санға (1 ондыққа) кӛп (кем) санды жазу;
-
Екі берілген сан арасындағы санды жазу;
42
Осы құрал кӛмегімен тақ және жұп сандары да анықталады.
Демонстрациялық шаршыда жұп сандарды түсті қарындашпен бояуға
болады. Жұп сандардың екі бірдей бӛліктерге бӛлінетін қасиеті заттық-
сарамандық іс-әрекет орындау барысында бекітіледі.
Бұл сұраққа алдында уақыт бӛлінген болса да, бірақ балалар-
дың ерекшеліктерін, меңгеру ерекшеліктерін есепке ала отырып, бұл
тақырып бойынша екі таңбалы сандардағы бірліктер мен ондықтардың
алатын орны бойынша жұмыстарды міндетті түрде жүргізу қажет. Негізгі
жұмыс разрядтық кестемен жүргізіледі. Келесі жаттығуларды ӛткізуге
болады:
-
берілген
санды разрядтық кестеге жазу;
-
разрядтық кестедегі санды оқу;
-
берілген саннан 1 бірлікке (ондыққа) артық (кем) санды жазу;
-
берілген саннан бірнеше бірлікке (ондыққа) артық (кем) санды
жазу;
-
разрядтағы кестедегі берілген сандарды салыстыру.
Нӛмірлеуді үйрену тең сандық топтарын санау барысында алына-
тын сандар қатарымен танысумен аяқталады: 2, 5, 4, 3. Екі еселеніп
санау тақ және жұп сандарды ӛту барысында оқытылады. 5 сан қосып
отырып санау демонстрациялық шаршыдағы 2 бағандағы алынатын сан
қатарында қарастырылады. Бұл бағандарды жеке сызып алып
қарастыруға болады. Бұл сандар қатарындағы сандарды жақсы есте
сақтауын қамтамасыз етеді. 4-ті қосу арқылы санауды 2 және тағы 2-ні
қосу арқылы үйретуге болады. 3-ті қосу арқылы алынатын сандарды
келесі жолмен жасауға болады: 20 кӛлеміндегі сандарды ауызша айтып,
қалғандарын демонстрациялық шаршыдан табады. Оқушылар санау
барысында алынатын сандарды шаршыда 2-3 тордан кейін орналасуын
анықтайды. Бұл сандар жеке жазылып, есте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: