45
х – 3 = 6. Оқушылар таза қағазға алдымен 3 таяқша, сосын 6
таяқша салады. Таза қағазға белгісіз азайғыш шығады. Ереже: «Белгісіз
азайғышты табу үшін айырмаға азайтқышты қосу керек».
х
///
//////
х = 3 + 6
3
6
Үшінші түрдегі теңдеу. Оқушылар 12 таяқша алып, 5-ін алып
тастайды. Қалғанын таза қағаз бетіне салады. Сонымен қағаз үстінде
белгісіз компонент салынды. Оқушылар келесі тұжырымға келеді:
«Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін алу
қажет».
12
– х = 5 12
///// ///////
5
х
Оқушыларда теңдеуді шешу үшін әртүрлі әдісті саналы таңдауды
қалыптастыру үшін бұл теңдеулерді кезектестіріп отыру қажет.
Оқушыларға толықтыратын есептер беріп, оларды шешуді сұрау керек.
Мысалы, х + ... = 14
х - ... = 5
...
– х = 7
Нүктелердің орнына оқушылар сәйкес санды таңдаулары қажет. Ол
үшін қосу мен алу амалдарының арасындағы компоненттердің
байланысын еске түсіру қажет: «Қосындының мәні қосылғыштардан
артық болуы қажет. Азайғыш айырманың мәні мен азайтқыштан артық
болуы керек». Теңдеулерді бір таңбалы сандарды қолдану арқылы шешу
қажет. Одан кейін екі екі таңбалыға ауыстырылады.
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.
Бірінші ондықты оқыту әдістемесін сипаттаңыздар.
2.
Екінші ондықты оқыту әдістемесін сипаттаңыздар.
3.
100 кӛлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі сипаттаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: