Бегежанова Райхан Карымжановна



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата04.03.2022
өлшемі1,34 Mb.
#27012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі-2

АЛҒЫ СӚЗ 
                                      
«Математика – ғылымдардың патшасы» 
                                                                                          
К.Ф. Гаусс  
 
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар баланың әлеуметтік ортаға сәтті 
бейімделуі  оның  мектеп  қабырғасында  алған  біліміне  тікелей 
байланысты. Мектеп қабырғасында алынған білім – баланың болашақта 
ӛз  орнын  тауып,  барлық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыра  алу  кепілі.  Адам  - 
ойлау  процесін  қалыптастыру  мәселесімен  күнделікті,  үнемі  кездесіп 
отырады.  Ойлау  үрдісі  адамның  бар  іс-әрекетін  реттеуші  болып 
табылады. 
Ешқандай 
әрекет 
ойлау 
қабілетісіз 
жүзеге 
аспайды. Сондықтан, баланың ойлау қабілетін дамытуда маңызды рӛлді 
математика пәнді атқарады.  
Математика  –  пәнаралық  байланыс  аясы  кең,  мектепте 
оқытылатын  негізгі  пәндердің  бірі.  Математика  пәнін  оқытуда  жалпы 
білім беретін мектептерде қандай мақсаттар мен міндеттер қойылса, дәл 
сол  мақсаттар  мен  міндеттер  арнайы  мектепте  де  қойылады. 
Математика  бойынша  бастапқы  білім  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілетін 
дамытады,  зерттеу,  қарым-қатынастың,  математикалық  білімді  ӛмірде 
қолданудың  алғашқы  дағдыларын  қалыптастырады.  Математиканың 
бастапқы  курсын  оқып  үйрене  отырып,  оқушылар  талдау,  жинақтау, 
жіктеу,  салыстыру,  себеп-салдарлық  қатынастар  мен  заңдылықтарды 
анықтауды  үйренеді,  түрлі  заттар  мен  қоршаған  орта  құбылыстарын 
сипаттау  үшін  математикалық  тілдің  негіздерін  игереді,  білім  мен  іс-
әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге 
негіз  болады.  Математика  пәнінің  баланың  тұлға  ретінде  қалыптасуына 
да  зор  үлесін  қосады.  Мәселен,  білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар 
баланы  кәсіби  еңбекке  баулу,  болашақта  мамандық  таңдауда  да 
бастапқы математикалық білім қажет. 
Арнайы 
мектептегі 
математика 
пәнінің негізгі 
мақсаты – 
оқушылардың  математикалық  таным  негіздерін  меңгеруіне  және  тиісті 
дағдыларын  қалыптастыруына  мүмкіндік  жасау.  Осы  мақсатқа  сәйкес 
пәннің келесідей міндеттері айқындалады: логикалық ойлауды, кеңістіктік 
елестетуді  және  математикалық  терминдерді  пайдалану  біліктілігін 
дамыту;  геометриялық  салулар  мен  математикалық  зерттеулер  жүргізу 
қабілеттерін  дамыту;  сын  тұрғысынан  ойлауды,  шығармашылық  қабі-
леттерді дамыту; математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну 
тәсілі ретінде қабылдау; ӛзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа 
пәндерді меңгеруде, күнделікті ӛмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; 
білуге  құштарлық,  мақсаттылық,  жауапкершілік,  сенімділік  және  тәуел-
сіздік  сияқты  тұлғалық  қасиеттерді  дамыту;  қарым-қатынастық  және 
әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және ӛз кӛзқарасын білдіру, 
басқа адамдардың пікірін құрметтеу, кӛшбасшылық қасиеттерін кӛрсету, 
ӛз  жұмысын  жазбаша  және  ауызша  түрде  таныстыру  дағдыларын 



дамыту;  ақпаратты  іздестіру  және  таңдау,  ӛз  уақытын  басқару,  ӛзін-ӛзі 
реттеу дағдыларын дамыту.  
Бүгінгі  таңда  білім  алуда  ерекше  қажеттілігі  бар  оқушыларды 
белгілі  кӛлемде  білім  дағдыларын  меңгертумен  бірге  табиғат,  қоршаған 
дүние  туралы  түсінік  беріп,  ұғымын  кеңейте  отырып  оларды 
шығармашылық  бағытта  жан-жақты  үйретуде  үздіксіз  іздену  –арнайы 
мектеп мұғалімдеріне қойылып отырған басты талаптардың бірі.  
Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құрал  болашақ  мұғалім-
дефектологтардың «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту-
дың  арнайы  әдістемесі»  пәнін  меңгеруде  кӛмек  кӛрсетеді.  Оқу-
әдістемелік  құралда  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  математиканы 
оқытудың арнайы әдістемесінің он бес негізгі тақырыбы, сонымен қатар, 
зерде  бұзылыстары  бар  балаларға  арналған  «Математика»  пәнінен 
жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы,  арнайы  мектепте 
оқытылатын  математика  пәні  бойынша  қысқа  мерзімдік  сабақ  жос-
парының  үлгілері,  студенттердің  білім  тексеруге  арналған  қорытынды 
тест сұрақтары және пәнді меңгеруде пайдаланылатын әдебиеттер тізімі 
берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет