Флуоресценция мәні мыныда: ерітінді шағылған жарықта қарағанда өтетін
жарықтыкінен өзгеше түсті және онда Тиндаль конусына ұқсас конусты
көруге болады. Сыртқы ұқсастықтарына қарамастан бұл екеуі-мүлдем әртүрлі
құбылыс.
Опалесценция жарықтың шашырауы нәтижесінде байқалады, мұнда
шашыраған жарықтың толқын ұзындығы түскен жарықтыкіндей болады.
Флуоресценция табиғаты ішкі молекулалық процестермен байланысты:
молекулалар әуелі белгілі бір толқын ұзындықты жарықты таңдап (сұрыптап)
сіңіреді де, содан кейін оларды қайтадан, енді үлкен толқын ұзындығымен
бөліп шығарады (шашыратады).
Флуоресценцияны опалесценциядан ажыратудың екі әдісі бар.
Олардың
айырмашылығының
маңызды
белгісіне
опалесценция
жарығының поляризацияланғандығы, ал флуоресценция жарығының
поляризацияланбағандығы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: