шырындардың қатаюы» деп жазды. Ол орыс өнеркәсібінің жаңа саласын-
мозайка үшін түсті шынылар өндіруді ашты (1752).
Ф.Фонтананың және К.Шееленің, Т.Е.Ловицтің адсорбция, П.Лаплас пен
Б.И.Давидовтың капиллярлық құбылыстар, Ф.Ф.Рейсстің электрофорез және
электросмос, Ф.Сельми мен К.В.Негелидің кейбір ерітінділердің аномальдық
қасиеттері, Р.Броунның бөлшектердің қозғалысы (броун қозғалысы),
М.Фарадейдің Au мен Ag-тің коллоидтық ерітінділерін алу жөніндегі
жұмыстарының арқасында осы кезеңде жинақталған үлкен эксперименттік
материал КХ-ның жеке ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. «Мицелла»
және «золь» терминдері жалпы қабылданған атауларға айналып, қазіргі кезде
де қолданылады.
Итальян ғалымы Франческо Сельми 19 ғасырдың 40-жылдарында кейбір
ерітінділердің ерекше қасиеттерін байқады, мысалы кейбір ерітінділер
жарықты шашыратты, ертіген затпен әрекеттеспейтін аз ғана мөлшердегі
ерітіндіні құйғана ертіген заттар тұнбаға шөгеді, мұндай күйге көшуі
температураны өзгертпей, жйне жүйенің көлемі өзгермей жүреді. Оларды
Сельми псевдоерініделір деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: