Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
1505989350339 (1)

белсенді әдістер болып  табылады.  Осыған  байланысты  «белсенді  оқыту

әдістері» ұғымы ол – субьектілердің  «білім  алу-оқыту»  бірлескен әрекетінде

өздерінің белсенділік  танытуы үшін  жағдай  туғызу – дегенге  келеді.  Олар

маманға  педагогикалық  әсер  ету әдістері  болғандықтан  білім  мазмұнының

компоненті  болып  есептеледі. Өйткені  бұл әдістер  арқылы  ауызекі  сөйлеуде

орын  ала  бермейтін әрекет  меңгеріледі.  Ал әрекетке  тек әрекет  арқылы

үйренуге болатындығы баршаға белгілі.

Оқытудың белсенді әдістерінің негізгі  сипаттамаларын  төмендегідей

топтастырдық:

оларда мұғалім қаласа да, қаламаса да белсенді болуы тиіс;



мұғалімдердің белсенділігі тұрақты және ұзақ болуы үшін оқу  білім алу

үрдісіне қатыстырылып отырулары қамтамасыз етіледі;

мұғалімдердің  қызығушылықтары  мен  эмоциональдық жағдайы,  дербес



шешімдер қабылдауға деген ұмтылыстарына қолдау көрсетіледі;


36

оқу үрдісінің диалог, полилог формасында жүруі қамтамасыз етіледі;



оқытушылар  мен  мұғалімдердің

рефлексиялық

тұрғыдан


өзін-өзі

ұйымдастыруларына қол жеткізу ескеріледі.

Оқытудың белсенді әдістерінің жіктемесін жасауда  Ю.С. Арутюнов  пен

О.С.Анисимов  еңбектерін  басшылыққа  алдық.

Оларда  аталған

әдістер:


имитациялық, имитациялық емес, соңғысы өз кезегінде ойын түрінде емес және

дамытушылық болып бөлінеді. Имитациялық емес  сабақтарға дәстүрлі  оқыту

жүйесінде қолданылатын:зертханалық, курстық жұмыстар, семинарлар жатады

да  оларда қарастырылатын  обьект  пен әрекеттің моделі  бола  алмайды.  Білім

алуды белсендіру  білім  алушы  мен  оқытушының тікелей қарым-қатынасы

арқылы жүреді [15].

Белсенді  оқыту әдістері  арасында  кең тараған  тәжірибе  түрлері:  нақты

жағдаятты  талдау,  іскерлік  ойындар  болып  табылады.  Біріншісінде  оқытушы

талданатын  жағдаяттың моделін  жасап,  сипаттамасын  таратып  береді  және

бақылау  сұрақтары  арқылы  пікірталас ұйымдастыратын  болса,  екіншісінде

арнайы  ролдер  арқылы әр  мұғалім  сол  бейненің образына  ене  отырып,  «өз

басынан өтіп  жатқан  жағдайдың»  қыры  мен  сырына  бойлауға  ықпал  етеді.

Іскерлік  ойында  оқытушы  тек  ойын  ережелерімен  таныстырады,  ал қалған

жұмыстар;  мәселені  талдау,  рольдерді  бөлісу,  орындап  шығу  барлығын

атқаратын «оқушылар». Мәселеге қатысты жоғары кәсіби деңгейдегі, әрі шұғыл

шешімді  де қатысушылар өздері қабылдайды.  Оқытушы  ойын  соңында

рефлексия жасау үшін ғана араласады. Ол бұл формаға неғұрлым аз араласқан

сайын үрдістің дамытушылық  құндылығы  арта  түседі.  Сондықтан  іскерлік

ойындарда өзін-өзі оқыту, өзін өзі ұйымдастыруға  мүмкіндік  мол  және  оқу

үрдісінің бұл жағдайдағы ерекшелігі нәтижені көре алу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет