Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
1505989350339 (1)

Имитациялық сабақтар белгілі  бір жағдаятты  талдау,  имитациялық

жаттығулар, рольдерде ойнау, рольдік жобалау, рольдік тәжірибе, проблемалық

іскерлік  ойындар, ұйымдастыру-әрекеттік ойындар  болып  бөлінеді.  Бұлардың

ерекшеліктері  оларда

қарастырылатын

үрдістің,  ұжымдық немесе  жеке

әрекеттің моделі  болады.  Бұл  сабақтар  белгілі  бір  рольдерді  орындау

барысында  оқытушы  мен  білім  алушының

коммуникациядағы

өзара


әрекеттестігі арқылы  іске  асады.  Имитациялық  әдістерде  белгілі  бір  ролдер

болып,  оларды  орындаушылар  болғандықтан  ойын  түрінде ұйымдастырылу

мұғалімдерің өзара белсенділігін қамтамасыз етеді.

Осы  ретте  интерактивті  оқыту  мәселесіне  тоқтала  кеткен  жөн  деп

есептейміз. Интерактивті  оқыту – жаңа  білімді  диалог,  полилог  жағдайында

меңгеру  мақсат  етілетін  танымдық  үрдіс.  Білім  алушы  мен ұсынушы

субьектілер арасындағы бірдей белсенділік.

Бұл  жайлы  ХХ ғасырдың  30 жылдарында-ақ белгілі  психолог ғалым

К.Левин  топқа  біріктірілген  индивидтерді өзгерту  олардың  әрқайсысын  жеке

өзгерткеннен әлдеқайда жеңіл  екендігін  айтып  кеткен.  Ал  «Білімдегі  бірлесу:

топтық жұмыс,  кооперация»  атты  еңбегінде  А.Ю.  Уваров  интерактивті

оқытудың көкейтесті болуының себептерін анықтайды:




37

топта  бірлесіп  жұмыс  жасау-демократиялылықтың,  қоғамды  дамытудың



негізі;

ол арқылы білім алушының әлеуметтенуіне мүмкіндік туады [16].



Ғылыми әдебиеттерде  интерактивті  оқытуға  көпқырлы құбылыс ретінде

қарау қажеттілігі алға қойылады. Өйткені ол арқылы бір мезгілде 3 түрлі міндет

шешіледі:

танымдық

(нақты  білім  алу),  коммуникативті-дамытушылық

(танымдық 

үрдістің


эмоционалдық-интеллектуалдық

жағдайда 

жүруі),

әлеуметтік бағыттылық.

Қазіргі уақытта  педагогикада белсенді әдістердің жіктемесін  жасауда

олардың екі белгісі есепке алынады:

еңбек үрдісінің (еңбек әрекеті) үлгісінің болуы;



рөлдердің болуы.

Шартты  түрде  белсенді  оқыту әдістерінің формалары  эвристикалық

(шығармашылық,

бағдарламалық

емес, 


жаңаша 

шешім


қабылдауға

бағытталған),  бағдарламалық  (алгоритмдік  белгілі  бір  бағдарламамен,

тәртіппен орындалатын) болып  бөлінеді. Бағдарланатын формалар мен әдістер

үшін нақты алгоритм немесе ереже түзіледі, ал шығармашылық үшін – ғылыми

негізделген модель немесе схема жасалады.

Имитациялық  әдістер  білім  алушылардың мотивтерін  дамытып,  ойлау

жүйесінің іске қосылуын қамтамасыз  етеді. Оларға  жататын іскерлік  ойындар,

ұжымдық ойлау әрекеттері мұғалімнің интеллектуалдық және өзін-өзі дамыту

мәдениетін арттырады.

Біліктілікті  арттыру  ісін  интерактивті  жағдайда ұйымдастыру топ құру,

проблемаларды  тұжырымдау, қарама-қайшылықтары бар, әр  түрлі  пікір

туғызатын мәселерді  анықтап  алудан  басталады.  Ең бастысы мұғалімдер үшін

алдына қойған проблемалардың түсінікті екеніне көз жеткізу қажет. Бұдан соң

проблема  диалог,  полилог  түрінде  алдымен  кіші  топтарда,  содан  соң ұжымда

талқыланады.

Әр

мұғалімнің



танымдық

белсенділігін  арттыруда  бұл

таптырмайтын әдіс. Осы әдіс негізінде құрылған сабақ үлгісі соңында әр топ өз

шешімдерімен  басқа  топ  мүшелерін  таныстырады. Енді  біз  санаға  серпін

беретін,  білімдегі  биіктерге  бастайтын,  мұғалімді  «акме»  жағдайына әкелетін

әдіс-тәсілдердің  өз  тәжірибемізде жиі қолданылған кейбіреулеріне  тоқталып

өтеміз.

Педагогикалық үрдістің қатысушыларының барлығынан бірдей белсенділік

пен  бастамашылдықты  талап  ететін өзара белсенділік  немесе  интерактивті

оқыту  формасының бірі – ой қозғау. Бұл  мұғалімдердің біліктілігін  арттыру

курстарында өте жиі қолданылатын әдістердің түріне  жатады. Әсіресе  оқудың

алғашқы  күні тақырыптық курстың негізгі  мәселесін  талқылауға өте  тиімді.

Өйткені, өкінішке орай, барлық тыңдаушы курста талқыланатын мәселе жайлы

хабардар болып келмейді. Сондықтан курста оқуға мотивтері төмен (кейде тіпті

жоқ) болып  келген  мұғалімдердің ынтасын  арттыру үшін  арнайы  жұмыс

жүргізу өте қажет. Ой қозғау әдісін кезкелген дәрісті бастар алдында қолдануға

болады. Ондай  жұмыс  барысында  дәріс  тақырыбы  жайлы  білім  алушылардың



38

не білетіндері анықталады да, білім алушылар қарастырылып отырған мәселеге

байланысты өзінің білімінің жеткіліксіз  екенін  сезіну  арқылы  олардың оқуға

деген ынта-ықыласын арттыруға мүдделі болады.

Бұл жұмыс басталмас бұрын жүргізуші проблемалық мәселені хабарлайды.

Ой қозғау әрекетінің қарапайым ережелерімен таныстырып шығады. Олар: ойға

келген  барлық идеяларды  ортаға  салу;  оларды  сынға  алмау;  бір-бірін  тосып

сөйлеу;  сапалы  ой  айту  керек  деп  сескенбей,  күтпеген,  фантастикалық

ұсыныстарды ашық айту,  (оларды  ойластыра  отырып  пайдаға  асыру  мүмкін).

Бұдан кейін мәселені талқылау үшін топтар құрылады. Топ мүшелері мәселені

шешудің жолдарын  ойларында қарастыра  бастайды  (5-7  минут).  Бұдан  соңғы

уақытта әр  адам өзінің варианттарын  ортаға  салады.  Топтың бір  мүшесі  ол

идеяларды қағазға  түсіріп  жинақтап  отыруы  тиіс  (жазып  немесе үнтаспаға

түсіріп  отырады).  Бұл  кезеңде  айтылған  пікірлердің  «дұрыс»  не  «бұрыс»

екендігі талқыланбайды. Екінші кезеңде әрбір идея, ұсыныстың мәселені шешу

мүмкіндігі  талқыланады.  Ең тиімді, қызықты  деп  табылған  варианттар

таңдалады.  Ой

қозғау  барысында  жүргізуші

қатысушыларды

қолдап,


ынталандырып тұрғаны дұрыс («жақсы, өте жақсы т.б. түрінде).

Бірақ  өз  ойын  күштеп  таңдауға  тырыспауы  керек.  Ой қозғау ұжымның  әр

мүшесінің, ондағы әр  адамның шығармашылық  әлеуетін  дамытуға әсер  ететін

әдістің түрлерінің бірі.  Мұғалімдердің шығармашылық  әлеуетін  дамытуға

бағыттталған  интерактивті  оқыту әдістерінің біріне өзіміз  соңғы  кезде  кеңінен

қолданып жүрген  тренинг,  нақты  жағдаятты  талдау,  пікірталас,  нобайлау

әдістерін жатқызамыз.

Дәл  осындай әдістерді  таңдай  отырып шығармашылықты  білім,  білік,

дағды  сияқты  жолмен  беріле  салмайтындығын,  ол үшін әр  адам  сол

шығармашылықтың азабын  тартуы қажет  деген  И.Я.  Ларнер,  В.  Франкл

т.б.ғалымдардың ойларын есепке алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет