КІРІСПЕ
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі
үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу
жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын
таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б.
функционалдық
дағдылар
мектеп
қабырғасынан
қалыптасады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-
қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен
бекітілді [1]. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын
жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен
жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-
техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [2]. Ондағы басты
мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,
оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім
алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай
оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған
білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде
«функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың
өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге
қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді
анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр,
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған
байланысты еліміздің оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау
үшін Қазақстан PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысты.
PISA (Programm for lnternational Student Assessment) –
оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Бұл бағдарламаның
мақсаты білім беру жүйелері әр түрлі елдердің 15 жастағы жасөспірімдерінің
мектепте математика және жаратылыстану ғылымдарынан алған білім, білік
3
және дағдыларын өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды шешуде қолдана
алуларын, сонымен қатар түрлі мәтіндерді оқып және түсінулерін
салыстырмалы бағалау болып табылады. PISA зерттеуі үш бағыт бойынша үш
жылда бір өткізіледі.
PISA бағдарламасы халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының (ЭЫДҰ) (OECD – Organization for Economic Cooperation and
Development) және ұлттық орталықтардың қатысуымен алдыңғы қатарлы
халықаралық зерттеуші ұйымдардан құрылған Консорциуммен жүзеге
асырылады. Консорциумға келесі ұйымдар кіреді: Білім беру аймағындағы
Нидерланд Ұлттық өлшеу институты (Netherlands National Institute for
Educational Measurement, CITO); АҚШ-тың педагогикалық тестілеу қызметін
көрсету (Educational Testing Service, ETS); білім беру саласындағы Жапонияның
Ұлттық зерттеу институты (National Institute for Educational Research, NIER);
статистикалық ақпараттарды жинау бойынша Америкалық ұйымы (WESTAT).
Ал Консорциумның жұмысын педагогикалық зерттеулердің Австралиялық
Кеңесі (The Australian Council for Educational Research, ACER) [3].
Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығы IEA
(International Association for the Evaluation of Educational Achievement өткізетін),
TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study)
халықаралық
мониторингтік зерттеуі төрт жыл сайын әлемдегі 50-ден астам елдің
математикалық және жаратылыстану ғылымдары білімінің дамуы үрдісін
бақылауға мүмкіндік береді.
TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) –
математика және
жаратылыстану білімінің сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу.
Жобаға қатысушы елдердің білім мазмұнын ескере отырып, бұл зерттеудің
аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының математика және
жаратылыстану ғылымдары бойынша дайындықтарының сапасы бағаланады.
TIMSS зерттеулері оқу жетістері туралы жан-жақты мағлұмат алумен қатар, ел,
мектеп және білім берудің жағдайлары туралы қосымша ақпарат алуға да
мүмкіндік береді. TIMSS-ке қатысушы елдердің құрамы алуан түрлі, олар
экономикалық дамуы, географиялық жағдайы, халқының саны жағынан бір-
бірінен ерекшеленеді. Бірақ олардың бәрі білім беру ұйымдарының жүйесін,
оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін оқушылардың жетістіктері арқылы
салыстыру, білім беру саласында тиімді курстар әзірлеуге арналған құнды
ақпарат жинақтауға көмектеседі [4].
TIMSS жобасын жүзеге асыруға белгілі ғылыми-зерттеу орталықтары: білім
саласында тестілеу қызметін көрсету (ETS – Educational Testing Service, США);
Канаданың Статистика Орталығы (Statistics Canada); білім берудегі
жетістіктерді бағалау бойынша халықаралық қауымдастықтың хатшылығы
(IEA, Нидерланды); білім берудегі жетістіктерді бағалау бойынша халықаралық
қауымдастықтың мәліметтерін өңдеу орталығы (DPC IEA – Data Processing
Center IEA, Германия) және дүние жүзінің басқа да ғылыми-зерттеу
орталықтары қатысады.
Халықаралық зерттеулердің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау
4
жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің
стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Біздің еліміз үшін халықаралық зерттеулерге қатысу білім берудің бақылау-
бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттілігін ескертетін бірқатар
факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім
беру кеңістігіне кірігуіне негізгі себеп болады. Қазақстанның халықаралық
зерттеулерге қатысуы, оқушының өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске
асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, өздігінен іздену, талдау жасау,
құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы халықаралық зерттеулер отандық және халықаралық
контексте білім беру жүйесінің жағдайын бағалап, қазақстандық білім берудің
жетістігі мен осал тұстарын анықтауға және алға қойған мақсаттардың ең
тиімді жолдарын белгілеуге жағдай жасайды. Ғылыми жаратылыстану
сауаттылығын анықтауға бағытталған халықаралық зерттеу тапсырмаларын
сабақта
пайдалану
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруға негіз болады.
Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни PISA, TIMSS
зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану
сауаттылықтарын дамытуға арналған әдістемелік құралы ұсынылады.
Әдістемелік құралда оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын
анықтауға
бағытталған
халықаралық
зерттеулер
тапсырмаларының
ерекшеліктері, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша қазақстандық
оқушылардың халықаралық зерттеулерінің нәтижелерін талдау, оқушылардың
ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар беріледі.
5
|