9-жаттығу. 1. Төмендегі қара сөздердің мағынасын анықтаңыз. Ол
мағыналардың пайда болу себебін, жолын көрсетіңіз.
1. Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын және ақыл
сұрайын деп ат, шапан алып барады. 2. Сонда Бөкен «саған батамды берейін,
сен жас болғанымен елге бас болғандай бала екенсің» - деп, бата береді.
3. Мінезің қара жерден ауыр болсын дегенің – беріден ойлама, әріден ойа,
салмақты бол, жеңіл болма дегенің. 4. Сырым бір жолдасымен жолаушылап
келе жатып бір үйге түссе, үйде сүйегі сұлу, түсі сүйкімді жас келіншек отыр
екен. 5. Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:
Астымдағы қара атым – тұлпарым, Қасымдағы қара әйелім – сұңқарым, - деп желе жөнелген екен. 6. Тек бәйбішелері ғана «рас, рас, қарияның сөзі рас»
деп бас изейді. 7. Байдалының бұл сөзін естіген ағайындары қатты ашуланады.
8. Қара жамылып, жоқтау айтуға Айғаным құлағын тіге қалыпты. 9. Ат қағып
шөлдеп келген шешенге өз қолымен сусын береді. 10. Өзіңіз білесіз, ата- бабамыз молда ұстап көрген жоқ еді, оның сырын қайдан білейін.
/«Шешендік сөздер»/. 2. Сөз мағынасының кеңею заңы мен таралу заңын түсіндіріңіз?
3. «Дүниеге ана құрсағынан басымен келіп, аяғымен кетеді» деген сөйлемдегі
«аяғымен кетеді» деген сөздің мағынасын түсіндіріңіз.