Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет46/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

       27-жаттығу.  1.  Төмендегі  үзінділерден  омонимдік  сипаты  бар  сөздерді 
табыңыз. 
 
Ішіп-жеп аяқтағы қонақ асты, Кеңеске елдің бәрі құлақ асты. 
 
Сары әйел шарасыздан шалға тиген, 
Баласы мұнда қалып іші күйген. 
Садық алған уақытта екі қабат, 
Айтқан екі сөз болды деп сондай күймен. 
 
Қапалы мөлдіреген кезде жасы, 
Көз салып енді байқар сорлы басы 
Көзіне болар – болмас көрінеді, 
Бүгжеңдеп ел аңдыған ауыл жасы. 
 
Сенің атың мәлімді, 
Қанжығалы Асаубай, 
Асау болып кетіпсің, 
Бас білмеген асаудай. 


 
44 
Сөзің өткір көрінеді, 
Қайралған өткір қашаудай. 
Неғып шыдап отырсың, 
Шалғы орнына баса алмай. 
 
Тауға біткен қайыңның, 
Солқылдар басы жел өтсе. 
Тоғайға біткен жоңышқа, 
Салқын тартар күн өтсе. 
Ерні салпы ер аты 
Семірмес қайта ер өтсе. 
Еңкейіңкі тартады, 
Ер қолынан мал кетсе. 
Арбадан үркіп жаман ат, 
Ер салдырмас жан бітсе. 
Тілеп алған ұлдарың, 
Тіл алмайды ер жетсе. 
/Шешендік сөздер/. 
 
2. Туынды және түбір омонимі деп нені айтамыз? 
3. «Жақ», «жар», «сал» сөздерінің мағынасына талдау жасаңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет