Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет47/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

        28-жаттығу. 1. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз және қай түріне 
жататынын анықтаңыз. 
 
       1. Қас батыр атты Жауына шапты, Біреуін  атты, біреуін  шапты. Қашқанын 
түйреп, Сасқанын сүйреп, жыртқызып жеңді, Ақыры жеңді. Үшінші фермадағы 
Кемпірбайдың су мұрын қатыны былтыр қызын ұзатқанда: «Сонау Шымкентке 
барып  ырыстараңдатып  қайттым!»  деп  шалқақтамады  ма.  Сабырлы 
болмағаным  ба?  Ол  Шымкентке  барып,  ырыстараңдатса,  мен  Алматының 
өзінде  ырыстараңдатам.  Оның  шалы  шабан  болса,  сен  де  шабан!  Аяғыңа 
қарамай,  басып  алдың  қарамай.  Жадағай  сөздің  досы  емен,  бұл  жолы  өтпей 
көшемен, Ауылға бардым – қарсы алды, Былтырғы еккен жас емен. Дәмді аспен 
қарным тойса деген арман, Мұршам аз ой ойлауға онан арман. 
 
Көлеңкені сойып жедім, 
Бір жегенде тойып жедім. 
Қызыл етке қарауды да, 
Содан бері қойып едім. 
 
Тауық саудым, тауық саудым, 
Ең сүттісін тауып саудым, 
Балқаймаққа бөктірдім мен 
Талайларын тамақсаудың. 
 


 
45 
Жұртым-ау! Қашар қандай, Нұрым қандай! 
Нұрым сақал қақиған мұрын қандай! 
Нұр шашып, жалт-жұлт етіп жайнаған жүз 
Қарашы бүгін қандай, бұрын қандай! 
Шырқа, шырқа, көкке өрле, 
Қыран, «қызыл сұңқарым»! 
Қуанамын бәйгіңе 
Тарпаң «Асау тұлпарым»! 
Жас күніңнен жайсаң тай, 
Ұлы дуда жарыстың. 
Тар жолдарда тайсалмай, 
Жау қолында алыстың. 
Алуан әсем күйменен 
Әндеттің «сыр сандығың» 
Тәтті ой, өткір тілменен 
Кең даланы жарды үнің! 
 
2. Полисемия мен омонимнің айырмашылығы қандай? 
3. Төмендегі келтірілген мысалдар қандай сөздердің түріне жатады? 
 
 
Отырғандай – оты ұрғандай, 
Әңгімені – әңгіме неме. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет