Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет52/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

        33-жаттығу.  1.  Төмендегі  омоним  сөздердің  мағынасына  қарай  көркем 
шығармалардан мысал жазыңыз. 
Қыс, кез, сал, қал, тар. 
 
Бала  кезінде:  «Біздің  өзеніміз  бен  өңіріміз  неліктен  Шу  деп  аталады 
екен»,  -  деп  үлкендерден  сұраушы  едік.  Оған  жауап  та  әр  түрлі  болатын. 
Біреулер:  «Өзен  кезінде  мол  сулы  болған.  Суы  сарқырап  шулап  аққандықтан 
шу деп  атаған болар»,  - десе,  енді біреулері  «Шудың аңғары  маңыраған  малға 
толып, шуы құлақ тұндырған, бұл содан қалған ат» - дейтін. 
 
Дегенімен  жұрт  не  десе  де  жоғарыдағы  дәлелдер  сенімсіздік  туғызады. 
Өйткені  Шу  өзені  бастауын  Қырғыздың  Алатауынан  алғанымен,  біздің 
өңірімізде  ешқашан  сарқырай  алмаған,  себебі  тау-тас,  құз,  сарқырама  жоқтың 
қасы. 
 
Енді  ғылыми  дәлелдерге  жүгінсек,  «Қысқаша  атеистік  сөздікте»  Шу 
есімін  ежелгі  Мысыр  еліндегі  ауа  кеңістік  құдайының  атына  теліпті...  Алайда 
Шу қайда, Мысыр қайда? Екеуінің арасында қандай жақындық болуы мүмкін? 
Ал  халқымыздың  әйгілі  ғалымы  Әлкей  Марғұланның  кейбір  нақты  деректері 
бірден  көкейге  қона  кетеді.  Оның  ғылыми  еңбектерінде  былай  делінген: 


 
49 
«Қытайдың белгілі тарихшысы Сыма Цянь былай жазған: Күнбатыста Шу атты 
мемлекет  бар.  Өздерінің  әлеуметтік  салты  Жун  елінің  салтымен  жүргізіледі. 
«Жун» деп отырғаны «Ғұн». 
2. Жартылай омоним дегеніміз не? 
3. Көп мағыналы сөз бен омоним сөзді қалай ажыратуға болады? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет