Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет71/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

 
 
6 – тақырып.         Тілдің сөздік құрамы  
 
 
Жоспары: 
1  Сөздік құрам және оның дамуы. 
2  Тілдің сөздік құрамының стилистикалық қабаттары. 
3  Кірме сөздер. 
4  Терминдер мен терминология. 
5  Фразеология.  Фразеологиялық  оралымдарға  тән  белгілер  және  олардың 
пайда болу, шығу негіздері. 
6  Фразеологиялық оралымдардың түрлері. 
7  Этимология  және  «халық» этимологиясы 
 
           Тілдегі  сөздердің  тұтас  жиынтығы  тілдің  сөздік  құрамы  деп  аталады. 
Сөздік  құрам  белгілі  бір  халықтың  тұрмыс  жағдайын,  күнкөріс  тіршілігін, 
кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, 
мәдени  тұрмысы  неғұрлым  күрделі  болса,  соғұрлым  сол  тілдің  сөздік  құрамы 
да бай болады деген сөз. Мәселен,  «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» (1974) 
бірінші томына ғана (А-Ә) 5310 сөз енген.  Ал  ол сөздік он том болып шықты. 
Кез  келген  қазақ  осы  сөздерді  түгел  біледі,  таныс  деп  айту  қиын.  Сөздік 
құрамдағы сөздерді қолдану жиілігіне қарай, актив сөздер (жиі қолданылатын) 
және пассив сөздер (сирек қолданылатын) деп екі салаға бөлуге болады. 
 
Актив  сөздерге  осы  тілде  сөйлейтін  адамдар  тек  танып  қана  қоймай, 
өзінің сөйлеген сөзінде жиі қолдана білетін сөздер жатады. Демек, актив сөздер 
осы тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ болып табылады. Пассив сөздерге 
көпшілік түсінгенмен, бірақ онша жиі қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр 
ғылымның  өзіне  ғана  тән  тар  көлемдегі  терминдер,  көнерген  сөздер,  тарихи 
сөздер,  кәсіби  сөздер,  кітаби  лексикалар  жатады.  Актив  сөздер  мен  пассив 
сөздердің  шекарасы  қатып  қалған  дүние  емес,  жылжымалы,  өзгермелі  деп 
түсіну қажет. 


 
67 
 
Сөздік  құрамдағы  сөздер  түрлі  принципке  негізделіп,  өзара  әлденеше 
топқа бөлінеді: 
1  Әдеби  лексика  мен  диалектілік  лексика  –  сөздің  әдеби  және  әдеби 
еместігіне қарай бөлінеді; 
2  Жалпы халықтық лексика  мен арнаулы лексика  – әдеби тілдегі  сөздердің 
халыққа таныс және онша таныс еместігіне қарай бөлінеді; 
3  Бейтарап  сөздер  мен  экспрессивті  сөздер  –  тілдегі  сөзді  жұмсалу  аясы 
мен көркемдік мәніне қарай бөлініп көрсетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет