51-жаттығу. 1. Берілген сөйлем іштерінен метафоралық жолмен
жасалған сөздерді бір бөлек, метонимиялық жолмен жасалған сөздерді бір
бөлек, синекдохалық жолмен жасалған сөздерді бір бөлек теріп жаз.
1. Сол арқылы ата жауы құрып бітіп, ауын дауы ғана қалғандай содыр-
сотанақтарын жинап, шоқпар көтере жеткен Өмен бидің мысын басып, төзімін
тауыса түскісі келгендей. 2. «Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса
кетеді». 3. Тәуке хан тұсында қазақтың төбе билері бірігіп, шығарған көп
дүниесін қолды ғып жіберіп, қарап отыра қоймас. 5. Алды-артын ойланып –
толғанып уақыт оздырып тілдің майымен тойғызып, тыйып тастай ма деп,
билерге, ақсақал абыздарға айтпадым. 6. Алғы күндер асуы мен өткелінің
өткендегіден кем болмайтынын ой көзімен, зейін – зердесімен болжап-
пайымдап отырса да, көңілге көлеңке түсіргісі келмегендіктен Райымбек әңгіме
бетін махаббаты мен мейірімі мол, ләззатқа толы дәл қазіргі шырын шаққа
көбірек бұрғысы келеді. 7. Бұл кезде қыстың қысқа күні батып үйге шырақ
жағылған. 8. Еңлік іркілмей қосылып екеуі «Елім-айды» қайталап шығарды. 9.
Сондықтан неменеңе мәз болып қыс көзі қырауда дірдектеп далада жүресіңдер,
одан да үйлеріңе келіп шаруаларыңды істеңдер. 10. «Тәуекел түбі – жел қайық,
өтесің де кетесің» деп жұрт қостап-қолдады.
2. Лексикологияның салалары қандай?
3. Сөздің ауыспалы мағынаға ие болу себебін түсіндіріңіздер.