5-жаттығу. 1. Төмендегі Абай шығармаларынан қазақ тіліне парсы
тілінен енген сөздерді анықтаңыздар. Олардың бүгінгі тұрмысымызда қолдану
– қолданылмауына назар аударыңыздар.
1. Бар ойы – өлең айтып, ән салайық,
Біреуді қалжың қылып, қолға алалық.
Қызды ауылға қырындап, үйір болса,
71
Көңіліне зор қуаныш бір бадалық.
/Бір дәурен келді күнге - бозбалалық/. 2. Тіл буынсыз, бой – таза гүл,
Ақылы артық, ары зор,
Ол перизат, ойла, өзің біл,
Не болады, болса қор.
/Онегиннің Татьянаға жауабы/.