Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§ 4. Қоғамдық-публицистикалық стильдің пайда болуы



Pdf көрінісі
бет126/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180
§ 4. Қоғамдық-публицистикалық стильдің пайда болуы
XIX ғасырдың II жартысында қазақтың ұлттық жазба әдеби 
тілі функционалдық стильдерге тарамдала бастады. Басыңқы 
(доминант) стиль бұрынғысынша көркем әдебиет стилі болды. 
Сонымен  қатар  өзге  стильдер  туып,  әрі  қарай  даму  бағытын 
алды.  Солардың  бірі  –  қоғамдық-публицистикалық  стиль. 
Оның  пайда  болуы  ең  алдымен  мерзімді  баспасөздің  тууы-
на  байланысты.  «Түркістан  уалаятының  газеті»  (1870-1883), 
«Дала  уалаятының  газеті»  (1888-1902),  «Торғай  газеті»,  
«Ауыл  шаруашылық  листогі»  дегендер  –  патша  үкіметінің 
жергілікті  әкімшіліктерінің  органдары  болғанмен,  бұларда 
халықтың  тұрмыс-жайы,  оқу-ағарту  мәселелері,  қазақтың 
ұлттық  мәдениеті,  тарихы,  әдебиеті  мен  тілі  т.б.  туралы 
публицистикалық сипаттағы материалдар басылып тұрды.
Екіншіден,  «әр  заманда  бағасы  жойылмайтын  бір  үлкен 
қымбат қазына» (М.Әуезов) болып танылып отырған Абайдың 
«Қара  сөздерінің»  бірқатары  публицистикаға,  енді  бір  тобы 
жартылай  ғылыми  стильдердің  үлгісіне  жатады.  Мысалы, 
3,  8,  22,  39,  41,  42-сөз  деп  аталған  шығармаларында  жазу-
шы  көпшілік  оқушыға  арнаған  ойларын  публицистикалық 
стильде  ұсынады.  46-сөзі  –  тарихи  очерк  іспетті  қысқа  зерт-
теу жұмысы. Ал 5, 29-сөздері филологиялық, этнографиялық 
тақырыптардағы шағын ғылыми мақалалар деуге болады, 17-
сөзі – психологиялық этюд, бұл да – «композициясы, мазмұны 
және  баяндау  мәнері  жағынан  нағыз  әдеби-публицистикалық 
шығарма
17514
. Абай «Қара сөздерінің» ішінде «Ғаклиат тасдиқат» 
деген атпен бөлек көшіріліп келген ең көлемді шығармасы – 38-
сөз – автордың дін, мораль мәселелері жайындағы ой-толғауы. 
Мұны  «публицистика  стилімен  жазылған  философиялық 
толғау» деуге болады.
Мерзімді баспасөз беттерінде туған қазақ тілінің қоғамдық- 
публицистикалық стилін онда жарияланған әлеуметтік, мәдени, 
экономикалық  мәселелерге  байланысты  материалдар  таныта-
ды. Олар оқу-білім мен техника- шаруашылық түрлері жағынан 
қазақ  қауымының  артта  қалғаны,  кейбір  әдет-ғұрыптардың 
175
 Сильченко М.С. Творческая биография Абая. - Алма- Ата, 1957.


246
ескіріп,  заман  ағымына  сай  келмей  отырғандығы,  егін  егу, 
саудаға араласу сияқты қарекеттердің қоғам дамуы үшін пай-
далы  екендігі  т.т.  төңірегінде  болды.  Және  бұл  материалдар-
ды оқырман қауымға түсінікті, жатық тілмен ұсыну көзделді. 
Сондықтан  лексика-фразеологиялық  құрамы  жағынан  да, 
грамматикалық  құрылысы  жағынан  да  бұл  стильдің  негізі 
–  қазақтың  өз  тілі  болды.  Әрине,  бұл  кезде  қазақ  тілінің 
функционалдық  стильдері  қазіргідей  сараланып,  әрқайсысы 
өз белгілерін айқындап алмаған болатын, дегенмен ондай ай-
ырым белгілер мен әр стильдің азды-көпті өз нормалары бар 
екендігін  көрсетуге  болады.  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы 
қазақ әдеби тілінің қоғамдық-публицистикалық стилін сипат-
тайтын мынадай белгілер байқала бастайды:
1.  Лексика  саласында.  Лексика  құрамы  негізінен  қазақ- 
тың  төл  сөздері  болды.  XIX  ғасырдың  II  жартысында  қазақ 
тілінің қоғам өмірінің барлық жағын суреттей (баяндай) ала-
тын  мол,  тұрақты  сөздік  қоры  бар  екендігі  байқалды.  Функ- 
ционалдық  стиль  сұранысына  орай  әлеуметтік-саяси  ұғым- 
дарды  атайтын  сөз  топтары  қалыптасты.  Олардың  бірқатары 
терминдік сипат алды. Ол үшін байырғы сөздерге жаңа мағына 
үстеу және ішінара жұрнақ жалғап, жаңа сөз жасау амалдары 
қолданылды.  Мысалы,  әңгіме  болып  отырған  кезеңде  патша 
әкімшілігінің  ел  басқару  тәртіптеріне  байланысты  «приказ»,  
«распоряжение»  деген  ресми  қағаз  атауларын  қазақша  беру  
үшін  бұрынғы  бұйрық  және  жарлық  сөздеріне  жаңа  мағына 
үстеп,  оларды  әкімшілік  терминіне  көтерді.  Әрине,  бұлайша 
қалыптасу бірден бола қоймағаны белгілі: зерттеуші Б.Әбілқа- 
сымовтың талдауларына қарағанда, «Түркістан уалаяты газеті» 
бұл  екі  ұғымның  екеуін  де  бұйрық  сөзімен  білдірген.  Жауап 
сөзіне  үстеме  мағына  қосып,  бұл  күнде  мәселе  (вопрос)  деп 
жүрген  сөздің  ұғымын  беру  үшін  қолданған  («Бұрұн  бидай 
жіберетін астықты енді диірменге тартыб ұн қылыб жіберсек 
қайтеді деген жауап чықты» – «Дала уалаяты газеті». - 1896. 
- 31-б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет