2. Грамматика саласында. Сөз етіп отырған дәуірдегі
қазақтың көркем әдебиет стилінен публицистикалық стилінің
басты айырмашылығы грамматикалық тұлға-тәсілдерінің көрі-
нісінде болды. Мұнда «түркілік» элементтер көбірек араласа-
ды. Олар:
1) өткен шақ есімшенің -ған қосымшасының орнына кей-
кейде -мыш жұрнақты түрі қолданылады, бұл көбінесе есім-
шенің анықтауыштық қызметте келген тұсында кездеседі:
өтміш жылдар, айтылмыш адамдар, болмыш халықдар.
2) III жақ жіктеудің көпше тұлғасына -лар жалғауын
тіркейді: еттілер, бекітіледілер, айтқанлар.
3) Есімшенің -ар /-ер жұрнақты тұлғасымен қатар, -ур /-үр
вариантты түрі де орын алды: өлтүрүр еді, түрүр, жүрүр.
4) шейін шылауының -че варианты да қолданылады; мен,
менен шылауымен параллель бірлән, бірлә, илән, білә, илә
дублеттері, бірақ пен қатар ләкин шылауы жиі пайдаланылады;
сол сияқты араб тіліндік қадар, хүсұсы, уа, һәм, уа һәм шылау-
лары мұнда кәнігі элементтер.
5) Бұл,
осы деген есімдіктердің түркілік қаю, үшбу, мәзкүр
эквиваленттері еркін жұмсалады.
6) Етістіктен есім тудыратын -учы жұрнағын -ғучы,
Достарыңызбен бөлісу: |