Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет138/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180
    Бұл бет үшін навигация:
  • -ание
Лексика саласында. Жазба әдеби тіл көрінісі ретінде араб 
сөздерінің көбірек қолданылатынын атауға болады. Ол сөздер 
жоғары лауазымдарды атайтын стандарттар: патша хазратла-
ры (Его Величество), генерал-губернатор хазратлары; әр алу-
ан ресми атаулар-терминдер ретінде келген маһкама (учрежде-
ние), хизмет (служба), міндетлі хизмет, хисаб баптары (спи-
сок служебный), бұйрық қағазы (приговоры), халық (общества, 
которые выбирает должность волостного управителя), жария 


269
бұйрық  (приказ  опубликованный,  обнародованный),  уалайат 
(территория по определенному административному делению) 
арз  (прошение,  подаваемое  на  имя  лиц),  тартиб  ~  тәртіп 
(порядок, распоряжение), қазына (государственная казна, соб-
ственность), низам (положение).
XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақтар  үшін  жазылған 
(аударылған) ресми іс-қағаздары тілінің алдыңғы дәуірлердегі 
осы  стильдегі  үлгілерден  айырмасы  да  болды.  Ол  –  бұл 
әдебиетке  орыс  тілінің  тікелей  еткен  әсерінде.  Ең  алдымен, 
жоғарыда айтылды, үкімет тарапынан жазылған бұйрық-жар- 
лықтар,  ережелер,  қағидалар,  үкімдер  т.т.  әуелі  орыс  тілінде 
болып,  қазақшасы  солардан  аударма  түрінде  дүниеге  келді. 
Сондықтан бұл үлгілерге орыс сөздері әлдеқайда мол қатыс- 
ты. Олардың бір тобы қазақтар үшін бейтаныс дерексіз ұғым- 
дардың,  нақты  заттардың,  белгілі  актілердің  атаулары  болып 
келеді: пригауар (приговор), сбор, выборный, аулнай, жалова-
нье, раскладка, знак, статья (заңның, ереженің баптары), со-
дья, списка, аренда, полиция.
Олардың  бірқатары  орыс  тіліндегі  сын  есім  мен  зат  есім 
тіркесі  күйінде  өзгертілмей  қолданылады,  көбінесе  тіркестер 
компоненттерінің род, числоға қарай қиысуы сақтала бермейді 
(демек,  біршама  «қазақшалану»  дәрежесіне  ие  болатындай 
көрінеді).  Мысалы:  Областной  правление,  увольнительный 
приговор,  уездный  начальник,  волостной  управитель,  аулнай 
старшиналар,  Внутренних  Дел  Министр,  Степной  генерал- 
губернатор,  военный  губернатор,  Оренбургский  Новолиния 
районы, государственный совет, податной инспектор, казенная 
палата, докладной лист т.б.
Бұл мысалдардың барлығы бір ғана жоғарыда аталған 1891 
жылғы  «Степное  положение»  дегеннің  қазақша  мәтінінен 
келтірілді. Бұл сияқты орыс графикасымен берілген мәтіндер- 
де ғана емес, «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері- 
нің  беттерінде  де  араб  жазуымен  жарияланған  ресми  құжат- 
тарда  жалаң  да,  тіркес  түрінде  де  орыс  сөздері  едәуір  кезде- 
седі.  Мысалы,  «Дала  уалаяты  газетінің»  1892  жылғы  7  фев- 
ральдағы нөмірінде жарияланған «Жарлықтың» мәтінінен уай-
енный губірнатыр, оязнай нәчәлнік тіркестерін, политсиа сөзін 


270
оқимыз. Өзге  ресми  материалда да –  осындай. Әсіресе  воен-
ный губернатор, государственный совет сияқты орысша сын 
есім тұлғасындағы сөздермен келген тіркестердің қолданылуы 
–  талданып  отырған  кезеңдегі  ресми  қағаздар  стиліне  тән 
белгінің бірі деуге болады. Бұл – біріншіден, осы тіркестермен 
берілген ұғым, зат, лауазым, мекеме т.б. атауларын тұтас бір сөз 
ретінде қабылдаудың нәтижесі болса, екіншіден, осы күнгідей 
бұл тіркестердегі сын есімдерді аудару тәжірибесінің жоқтығы, 
яғни  қиындығы  байқалады.  Үшіншіден,  оларды  аударудың 
қажеттігін сезіну де әлі пайда болмаған-ды. Сондықтан жалғыз 
ресми қағаздар стилінде емес, жалпы қазақ әдеби тілінде орыс 
тіліндегі күрделі атаулар құрамындағы сын есім тұлғасын сол 
күйінде  сақтап  қолдану  белгілі  бір  кезеңнің  (XIX  ғасырдың 
II  жартысы  мен  XX  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарының) 
дағдысы болғанға ұқсайды.
Лексика құрамындағы екінші ерекшелігі – кейбір канцеля- 
ризмдердің  (ресми  іс-қағаздары  стиліне  тән  стандарт  сөздер 
мен тұлғалардың) пайда болып тұрақтала түсуінде. Мысалы, 
бұйрық-жарлықтарға бір нәрсені міндеттеу ұғымға білдіретін 
етістік тұлғасы (орысша: должно быть, должны делать то... 
то...  деген  сияқты)  қазақша  көбінесе  шартты  рай  мен  керек 
сөзінің  тіркесі  арқылы  берілетін  болған.  Мысалы...  аталған 
«Жарлықтағы»...  жоғары  көрсетілміш  тәртіп  бойынша  қол 
қоюшылардан басқа екі кісі куәландырып қолдарын қойсалар 
керек  деген  сөйлем  –  орысша:  ...должно  быть  подписи  двух 
свидетелей...»  дегеннің  аудармасы.  Немесе:  1897  жылғы  Ка-
лендарьда  берілген  «Ереженің»  әрбір  пункті  осы  түлғамен 
келеді. 142-пункт: Волостной управитель, аулнай старшина-
лар карамақындағы уйлордун кобойгöнун азайғанын тексирип 
қарап тұрса керек...(179-б.). Оба ауруынан сақтандыру шара-
лары туралы циркулярдан үзінді: «... һәм оның (обамен ауырған 
адамның – Р.С.) қасына артық адамдарды һеч қашан жібермесе 
керек... ауру жатқан үйдің ішінде тұрып тамақ ішіп-жемеселер 
керек...  ауырған  адам  төсекте  жатса  керек  («Дала  уалаяты 
газеті», 1892, 12 июнь, 21-саны). Бұларда көрсетілген тұлғалар 
– не пускать, не должны есть и пить, должны лежать в постели 
дегендердің аудармасы. Бұлардағы қойсалар керек, тұрса керек 


271
деген тұлға осы күнгі қоюлары керек, тұрулары керек дегеннің 
баламасы ретінде немесе қойсын, тұрсын түріндегі бұйрық рай 
тұлғасының қызметінде келген.
Стильдік стандарт элементтер қатарына мағлұмдүр (извест-
но),  төменде(гі),  жоғарыда(ғы),  бұйырамын,  бұйырыладүр, 
тағайын қылынады, аталмыш, бойунча, турадағы, пәлен болыс- 
қа не мекемеге қараған,... атына деген сияқты сөздер де жата-
ды. Бұлар да – құжаттардың, әсіресе бұйрық-жарлық мазмұн- 
дамаларының көбінде белгілі бір ұғымда қолданылып отыра-
тын сөздер, олардың бірсыпырасы калька жолымен жасалғаны 
байқалады: төмендегі – нижеследующий, жоғарғы көрсетілген 
–  вышеуказанный,  жоғарыда  аталмыш  –  вышеназванный, 
бекітіледі, тағайын болады – назначается, атына – на имя...
Осы  стильдің  келесі  белгісі  өзіне  тән  кейбір  терминдері 
қалыптаса бастайды, олардың дені қазақ сөздерінен жасалған- 
дар болып келеді. Мысалы, приказ термині бұйрық, распоря-
жение – жарлық (кейде екеуі ажыратылмай да жүреді), поло-
жение – ереже, прошение – ’арз, арыз, подпись – қол (қою), 
кибитковладелец – үй иесі, повинности – алық-салық, чиновник 
– төре, начальник – ұлық, абақты (лабақты), набақты т.б.
Әсіресе  заң-законға  қатысты  ресми  құжаттарда  заң  тер- 
миндері негізінен қазақша қалыптасады. Бұған осы саладағы 
ұғым  атауларының  бұрыннан  қазақтардың  әдет-ғұрып  заңы 
(«Обычное  право»)  бойынша  жасалып,  тұрақталып  қалғаны 
үлкен себепкер болды. Олар: дау, бітім, билік, кеңес (заседа-
ние), айғақ, құн, жаза, жауапкер, іс қорғау (защита), тергеу 
(судопроизводство), мойнына алу (признание), даугер, тоғыз, 
бір  тоғыз...,  төре,  төбе  басы,  шығын,  тергеу,  іс  қорғау,  іс 
(дело служебное) сияқты сөздер.
Бұл саладағы қалыптасқан терминдердің ішінде бұрыннан 
келе  жатқан  араб-парсы  сөздері  де,  жаңадан  еніп,  едәуір 
тұрақталып үлгерген орыс сөздері де бар. Олар: куә(һ), куә(һ)
лік,  кунә,  кефіл...  кепіл  арз,  салауат  айп  /айып    шариат  /
шариғат, міндетті істер (обязанности), содья, мировой содья, 
сот, закон, статья, қызмет (служба), падсалық қызмет (госу-
дарственная служба), общество (население), түрме, сот, ка-
талешке, пауерени (поверенный), залок, адуакат/адбекет т.б.


272
Орыс  әдеби  тілінде  XIX  ғасырдың  аяқ  шенінде  -ание, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет