Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен нәтижелері, диссертацияның жалпы материалдары: түркі
тілдерінің салыстырмалы сөздігі, түркі тілдерінің түсіндірме сөздігі, қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, қазақ тілінің этимологиялық сөздігін құрастыруда
материал
бола
алады;
жоғары
оқу
орындарының
филология
мамандықтарындағы студенттерге қазақ тілінің тарихы, қазақ тілінің тарихи
грамматикасы, когнитивті грамматика, функционалды грамматика, тарихи
лексикология, мәтін лингвистикасы пәндерін оқытуда және аталған бағыттар
бойынша оқулықтар жазуда материал бола алады. Сондай-ақ «Тарихи-
функционалды грамматика» деп аталатын жаңа пән қалыптастыруда
бастапқы материал бола алады; «Рухани жаңғыру» жобасы аясында
жастардың тілдік білімін тереңдету мен ана тілінің тарихын тануда да
көмекші материал болады; «Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы»
деп аталатын тілді категория шеңберінде модельдеп үйретуге арналған
электронды әдістемелік құрал мен бағдарлама жасауға, қазақ тілінің дәстүрлі
өлшемдерінің модельді картасы мен оның электронды нұсқасын жасауға
болады. Сондай-ақ «Wikipedia» ашық энциклопедиясы мен қазақ тілді
«Google» базасын толықтыруға материал бола алады.