197
семантикасын білдіреді. Бұл формалардың түркілік кезеңде сөзжасамдық
қызметі кең болғанға
ұқсайды (бедүк бағырлық).
- қазіргі қазақ тілінде
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -
теу шырай қосымшалары заттар мен құбылыстардың шамасын, қимыл-әрекет
мөлшерінің түрліше деңгейін, дәрежесін білдіреді. Бұл форма XIII–XIV
ғасырларда
-рақ, -рәк, -рак, рәг, одан бұрынғы X–XII және V–IX ғасырларда
-
рақ, -ырақ формасында кездеседі. Аталған тарихи кезеңнің бәрінде шырай
қосымшасының грамматикалық қызметі, семантикалық ерекшелігі ұқсас. Тек
XV–XVIII ғасырлар ескерткіштерінде шырай формасы мөлшер семантикасын
беруде кездеспейді. Бұл хандық дәуір тілінің поэтикалық ерекшелігінен және
жауынгерлік рух тілінің нақтылыққа құрылатын қасиетінен болса керек.
3. «Мөлшер» ұғымы бес тарихи кезеңде де синтаксистік деңгейде кеңінен
көрініс табады. Мұнда мөлшерлік семантика аналитикалық, аналитика-
синтетикалық формалар арқылы беріледі. Бұлар негізінен үш түрлі: 1) тіркестер,
2)
синтаксистік модельдер, 3) синтаксистік конструкциялар.
- мөлшер семантикасы тіркестер арқылы берілгенде екі немесе одан да көп
сөздер тіркесіп, бір ұғымды білдіреді. Мұндағы сөз тіркестері анықтауыштық,
пысықтауыштық, толықтауыштық қатынаста болады. Тіркесім тәсілі бес тарихи
кезеңнің ішінде XV–XVIII ғасыр мұраларында аса белсенді қолданыс тауып,
мөлшер семантикасын берудің ең оңтайлы тәсіліне айналған. Бұл жыраулар
поэзиясы тілінің айқындауыштық құрылымдарды сүйетін табиғатын танытады.
Өзге тарихи кезеңдерде тіркесім семантикасы көбіне тура мағыналы болып келсе,
хандық
дәуірде образды, бейнелі, ауыспалы мәнде болып келеді.
- мөлшер семантикасы синтаксистік модельдер арқылы берілгенде, көбіне
септік формалар мен демеулік шылаулар, көмекші сөздер, үстеудің мағыналық
топтары синтаксистік байланыста болады. Мұнда көмекші сөздер мен
синтетикалық формалар негізгі сөздерді семантикалық жағынан тоғыстырып,
грамматикалық жағынан байланыстырып, бір бүтін мөлшерлік ұғымды береді.
Бұл модельдердің түрлері біршама мол және әр микроұғымдікі кейде әртүрлі.
- мөлшер семантикасы синтаксистік конструкциялар арқылы берілуі
мөлшер категориясының төл тәсілдерінің біріне жатады. Синтаксистік
конструкция негізінен екі түрлі болып келеді. Олар мыналар:
Ф
1
: [(сан + мөлшерлік) + зат есім не
етістік сөздер] = мөлшер ұғымы
Ф
2
: [зат есім не
етістік сөздер + (сан + мөлшерлік)] = мөлшер ұғымы
Бұл құрылымдар арқылы шексіз мөлшер мәнді тілдік бірліктер құрастыруға
болады және мөлшерлік семантиканың мазмұны да шексіз болады. Мұнда үштік
компоненттің әр құрамы өзара аналитикалық тәсілдер арқылы да, аналитика-
синтетикалық тәсілдер арқылы да байланысады және ортақ бір мөлшерлік
ұғымды білдіреді. Конструкцияның мөлшерлік компоненті көбіне өлшем бірлік
болып келеді. Нақтырақ айтқанда, осы синтаксистік конструкция өлшем
бірліктерді қалыптастырушы құрылым саналады. Бұл көне түркі дәуірінде де
нақты қалыптасқан. Әсіресе X–XII ғасырлардағы орта түркі кезеңіне жататын
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінде кеңінен көрініс табады. Осыған орай түрлі
өлшемдік ұғымдарды тудыратын
-ым, -ім, -ұм, -үм, -ум, -ам (-ым, -ім)
аффикстері аса өнімді жұрнақтардың қатарына жатады.
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем бірліктер қалыптасу
ерекшелігіне қарай соматикалық атаулар, құрал-жабдықтар, металл, бағалы