Маралбек ермұхамет


Мөлшер категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі



Pdf көрінісі
бет19/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

1.2 Мөлшер категориясының тілтанымдық аспектіде зерттелуі  
 
Мөлшер  –  тілдік  категория.  Заттар  мен  құбылыстарда  ежелден  бар  және 
адамзат  санасынан  тыс  өмір  сүретін  мөлшер  категориясы  ең  әуелі 
философиялық  категория  саналғанымен,  оның  тілдегі  бейнесі  оны  тілдік 
категорияға айналдырады. Заттар мен құбылыстардың бойындағы сан-санақсыз 
мөлшерлік  ұғымдар  адам  санасының,  танымының  көмегімен  түрлі  тілдік 
тәсілдер, логикалық құрылымдар арқылы тілдік бірліктерге айналады немесе тіл 
арқылы  көрініс  табады.  Жүйесіз  көрініс  таппайды,  белгілі  заңдылық  негізінде 
жүйелі көрініс табады. Тілдің барлық деңгейіндегі мұндай жүйелі көрінісі оны 
тұтас бір категорияға айналдырады. Мөлшер заттар мен құбылыстарда ежелден 
бар қасиет болғандықтан, ол барлық халықтардың таным үдерісіне де ортақ. Әрі 
адамзат  тілінің  барлық  типтері  мен  түрлерінен  көрініс  табады.  Алайда 
жалпыадамзаттық осы «мөлшер» ұғымының таным үдерісіне енуі, сол арқылы 
тілдік  бірлікке  айналу  деңгейі  әр  халықта  әртүрлі.  Бұған  көптеген 
интратілтанымдық  және  экстратілтанымдық  жағдаят  әсер  етеді.  Кей  тілдерде 
мөлшер мәнді тілдік бірліктердің саны көп болса, кейбірінде салыстырмалы аз, 
ал кейде тілдің белгілі деңгейінде ғана басымдық алса, кей тілдерде ол деңгей 
өнімсіз,  керісінше,  басқа  деңгейдегі  берілу  жолдары,  формалары  көп.  Мұндай 
ерекшеліктер бір жағы сол халықтың тілтанымдық психологиясын, тілдің ішкі 
болмысын көрсетеді. «Мөлшер» ұғымының түрліше тілдердегі тілдік бірліктерге 
айналу,  берілу  формаларындағы  мұндай  өзгешеліктер  бұған  қатысты 
тілтанымдық  зерттеулерде  де  түрліше  пікірлердің  айтылуына  себепші  болды. 
Ұқсамаған  тілдер  өз  алдына,  бір  тілдік  деректер  бойынша  жасалған 
зерттеулердің өзінде де әртүрлі тұжырымдар қалыптасуда.  


17 
 
Тіл  –  тірі  организм.  Ол  туу,  даму,  қалыптасу,  өзгеру  басқыштарынан, 
түрліше даму кезеңдерінен өтіп, бүгінге жетті. Сондықтан тілдегі белгілі ұғымды 
зерттеу нысаны еткенде, оның тарихи даму кезеңдерін тұтастай қамтымайынша, 
тілдік табиғатын толыққанды ашу қиын. Және түрліше ұстанымдар мен түрліше 
кезеңдер  бойынша  жасалған  зерттеулердің  үздік  тұжырымдарын  басшылыққа 
алу маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, ең әуелі мөлшер мәнді тілдік бірліктердің 
әлемдік лингвистикадағы зерттелуі жайына назар аудару керек.   
Мөлшер  мәнді  тілдік  бірліктер  әлемдік  лингвистикада  да  зерттеу  нысаны 
етілген.  Атап  айтар  болсақ,  ағылшын,  орыс,  қытай,  тағы  басқа  да  әлемдік 
тілдерде  кеңінен  зерттеліп  келеді.  Алғашқы  кезеңдерде  орыс,  ағылшын  тіл 
білімінде  мөлшер  семантикасы  өлшем  бірліктер  аясында  қарастырылды. 
Метрологияның  жалпы  мәселелері  мен  дүниежүзіндегі  әртүрлі  өлшем 
бірліктердің мәні жайлы Ф.И.Петрушевский [1], В.Депман [2], С.К.Кузнецов [42] 
еңбектерінде қарастырылады. Ф.И.Петрушевскидің «Общая метрология» деген 
екі бөлімнен тұратын еңбегінде өлшем бірліктердің әртүрлі және өте ауқымды 
тілдік құбылыс екенін айта келіп, оның себебін былай деп түсіндіреді: «Меры, 
как известно, чрезвычайно разнообразны, а разнообразия ихъ суть следующия 
причины: 1) качество или свойство измеряемыхъ предметовъ; 2) ихъ количество, 
и  3)  самое  существо  меръ.  Сюда  же  прибавить  должно  местность  съ 
политическими и религиозными правилами и народными привычками» [1, с. 2]. 
Ғалым  өлшем  бірліктерді  үлкен-үлкен  сегіз  семантикалық  топқа  бөліп 
қарастырады.  Ал  Л.А.Молчанова  [3]  кейбір  славян  халықтары  мен    шығыс 
халықтары  тілдеріндегі  өлшем  атауларын  жинақтай  келіп,  оны  халықтық 
метрология тұрғысынан қарастырады. Орыс тіл білімінде метрология мәселесі 
бойынша  Д.И.Прозоровский  [43],  Л.В.Черепнин  [4],  Н.В.Устюгов  [44], 
Г.Я.Романова  [5],  т.б.  ғалымдар  жан-жақты  зерттеулер  жүргізді.  Бұлардың 
қатарында  Д.И.Прозоровскийдің  орны  ерекше.  Ғалымның  «Древняя  русская 
метрология» атты лекциялар курсы орыс метрологиясының қайнар көзі саналады 
[43].  Г.Я.Романованың  «Наименование  мер  длины  в  русском  языке»  деп 
аталатын еңбегінде көне жазба ескерткіштер мен диалектологиялық материалдар 
негізінде 200-ден астам  орыстың ескі ұзындық өлшемдеріне талдау жасалады 
[5]. 
Орыс 
ғалымдарының 
зерттеулері 
көбіне 
өлшем 
бірліктерге 
бағытталатындықтан, «мөлшер» ұғымын «сандық мән» тұрғысынан сипаттайды. 
Сондықтан  да  орыс  ғалымдары  мөлшер  категориясының  ішкі  семантикалық 
топтарын сандық ұғымдар негізінде ажыратады.  
Орыс  тілінде  де  «мөлшер»  ұғымы  функционалды  аспектіде  кеңінен 
қарастырылды.  В.В.Химик  [45],  А.А.Худяков  [46],  Н.С.Чиркинян  [47], 
Н.Д.Дизенко [48], В.В.Новицкая [49], Т.П.Перетятько [50], т.б. ғалымдар аталған 
тақырыптың  түрлі  мәселелері  бойынша  кандидаттық  диссертация  қорғаса, 
А.В.Бондарко  [51],  [52],  З.Я.Тураева  [53],  Л.Д.Чеснокова  [54],  т.б.  ғалымдар 
маңызды  ғылыми  еңбектер  жазды.  Ал  Н.Н.Гарина  [55],  Е.В.Щебетенко  [56] 
сынды зерттеушілер мөлшер категориясын ағылшын тілі,  Д.А.Кашина [57] неміс 
тілі  материалы  негізінде  қарастырды.  Мөлшер  категориясына  біртабан  жақын 
көптік  категориясын  француз  тілі  деректері  бойынша  Л.М.Беляева  [58] 
қарастырса, жапон тілі материалдары негізінде А.А.Холодович [59] зерделеді.  


18 
 
Мөлшер  семантикалы  тілдік  бірліктер  туралы  зерттеулер  ағылшын  тілді 
әдебиеттерде  де  кездеседі.  Аталған  зерттеулерде  мөлшер  семантикалы  тілдік 
бірліктер  түрліше  лингвистикалық  аспектіде  қарастырылады.  Мөлшер 
категориясы  туралы  бұл  зерттеулердің  көпшілігі  қазіргі  лингвистика 
ғылымының  даму  деңгейін  көрсетеді.  Атап  айтқанда,  тілді  философиялық 
бағытта  қарастыратын  ағылшын  зерттеуші  Дерек  Болл  (Derek  Ball)  [60] 
мөлшерлеу,  өлшеу  үдерісінің  жүзеге  асуы  мен  ұйымдасуын  семантикалық 
теория негізінде қарастырады. Неміс ғалымы Стефани Солт (Stephanie Solt) [61], 
[62]  сандық  семантика  мен  мөлшердің,  шамалардың  арасындағы  танымдық, 
логикалық  байланысты  көрсетеді.  Ал  АҚШ  зерттеушісі  Грегори  Сконтрас 
(Gregory  Scontras)  «The  Semantics  of  Measurement»  тақырыбынғы  докторлық 
диссертациясында  [63]  мөлшер,  өлшем,  көптік,  сан,  дәреже  т.б. 
семантикаларының  байланысы  мен  айырым  белгілерін  қарастырады.  Француз 
зерттеушісі  Грегорий  Шамбон  (Grégory  Chambon)  [64]  нумеративтер  мен 
метрология  мәселелерін  бір  нысанда  қараса,  тағы  бір  АҚШ  ғалымы  Ретт 
Джессика  (Jessica  Rett)  [65]  «көп»,  «аз»  ұғымдарының  семантикалық 
интерпретациясын  қарастырады.  Ал  Алексис  Уэлвуд  (Alexis  Wellwood)  [66] 
ағылшын  тіліндегі  морфологиялық  бірліктердің  мөлшер  семантикасын  беру 
ерекшеліктерін қарастырады. Бұл зерттеулер Еуропалық лингвистердің аталмыш 
категорияны  функционалды-семантикалық  аспектіде  кеңінен  қарастырғанын 
көрсетеді.    
Мөлшер  категориясы  бірнеше  тілдер  бойынша  салыстырыла  зерттеген 
еңбектер де бар. Айталық, С.А.Швачко ағылшын, орыс, украин тілдерін қатар 
ала  отырып,    «Языковые  средства  выражения  количества  в  современном 
английском,  русском  и  украинском  языках»  атты  еңбек  жазса  [67], 
А.В.Степанова  [68]  ағылшын,  орыс,  чуваш  тілдеріндегі  сан-мөлшер 
категориясын салыстыра зерттеді. Әлемдік лингвистикада мөлшер категориясын 
зерттеуге  қосқан  Украин  ғалымдарының  үлесі  зор.  В.В.Акуленко  [69]  тұтас 
еуропа  тілдерін  зерттеу  материалы  ете  отырып,  «Категория  количества  в 
современных европейских языках» атты құнды еңбек жазса, М.А.Парнюк [70] 
мөлшер  категориясын  ғылыми  тіл  деректері  негізінде  қарастырды.  Бодуэн  де 
Куртэненің 
сан-мөлшер 
семантикасын 
логикалық 
процестермен 
байланыстыратын  «Количественность  в  языковом  мышлении»  атты  еңбегі  де 
құнды теориялық еңбек саналады [71].  Аталған еңбектер мен авторлардың қай-
қайсы да мөлшер категориясын зерттеуде өзіндік үлестерімен ерекшеленеді және 
оны әр қырынан, толыққанды түсінуге теориялық негіз бола алады.  
Мөлшер мәнді тілдік бірліктердің қытай тіл білімінде зерттелуі де айрықша 
маңызға ие. Мөлшер семантикалы сөздер қытай тіл білімінде «мөлшер сөздер» 
деген атпен ғылыми деңгейде ХІХ ғасырдың  аяғынан бастап сөз бола бастады. 
Одан  бұрын  түрлі  тарихи  жазбаларда,  тіпті  біздің  жыл  санауымыздан  бұрын, 
антикалық кезеңдерге тән жазбаларда да түрлі ұзындық, салмақ өлшемдері мен 
ақша атаулары кездесіп, олардың мағынасы, қанша шамаға тең екені баяндалады. 
Кейде  бұл  өлшем  бірліктер  «Жібек  жолы»  бойындағы  сауда-саттық,  түрлі 
мәдени-экономикалық  қарым-қатынас  арқылы  түркі  халықтарының  тіліне  де 
енгені  байқалады.  Қытай  тіл  білімінде  мөлшер  мәнді  сөздердің  лексика-
грамматикалық ерекшеліктері мен өзге сөздерден айырмашылығы туралы алғаш 


19 
 
ғылыми пікір айтқан Ма Жианжұң (Ma Jianzhong) болды. Ол өзінің 1898 жылы 
жарық  көрген  «Ма  Шы  Він  Тұң»  (Ma  shi  wen  tung)  деген  еңбегінде  «мөлшер 
сөздердің» бір алуан лексика-грамматикалық, стильдік қызметі бар екенін айтқан 
болатын [72]. Одан кейін Li Jinxi 1924 жылы жарық көрген «Жаңаша жазылған 
мемлекеттік тіл грамматикасы» (Xinzhi guoyu wenfang) атты еңбегінде мөлшер 
сөздерді  «сандық  мағынаны  білдіретін  зат  есім  сөз»  дей  келіп,  оны  сандық 
семантикамен байланыстырады [73]. Бұдан соң Лүй Шушяң 1940 жылы жарық 
көрген  «Қытай  тіліне  кіріспе»  кітабында  мөлшер  сөздерді  есім  болғанымен 
әдеттегі  зат  есімнен  өзгешелеу  болғандықтан,  «есімше»  деп  таныса  [74],  1943 
жылы Ваң Ли «Қазіргі заман қытай тілі грамматикасында» мөлшер семантикалы 
сөздерді, адам не затқа қатысты айтылатындықтан, «зат есім бірлігі» деп санайды 
[75].  Бұдан  кейінгі  жарық  көрген  ғылыми  еңбектерде  бірде  «сандық  өлшем» 
(1948),  «көмекші  зат  есім»,  «сандық  мөлшер  сөз»  (1957),  «шамалық  сөз»  деп 
түрліше  қарастырып  келді.  Тек  1962  жылы  «Қазіргі  заман  қытай  тілі»  жарық 
көргеннен  кейін  «мөлшер  сөз»  (liang  ci)  аталып,  он  бірінші  сөз  табы  ретінде 
танылды  [76].  Содан  кейінгі  әр  жылдарда  үздік-үздік  қарсы  пікірлер 
айтылғанымен,  бұл бүгінге дейін орныққан тұжырым саналады.  
Байқағанымыздай, қытай тіліндегі мөлшер мәнді сөздер туралы зерттеулер 
негізінен құрылымдық бағытта және олардың таптық статусын анықтау болып 
келді. Шын мәнінде, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің өзге тілдерге ұқсамайтын 
лексика-грамматикалық қызметі, өзіндік ерекшелігі бар. Олар көбіне заттар мен 
қимыл-әрекеттің сандық мәнін анықтау және түрліше қасиетін сипаттау мәнінде 
болып келеді. Бұл, бір жағы, мағынаның берілу формасы негізінен аналитикалық 
тәсілге  құрылған  қытай  тілінің  өзіндік  ерекшелігі.  Сондықтан  да  әлемдік 
лингвистикадағы қалыптасқан ұстанымдарға сәйкес келмейтін тұжырымдардың 
орын  алуы  заңды.  Біздің  ойымызша,  бұл  құрылымдық  бағыттағы  зерттеулер 
жалпы мөлшер категориясын тануға, мөлшер семантикасының тілдік құралдар 
арқылы  берілу  жолдарын  анықтауға  жеткілікті  ғылыми  негіз  бола  алмайды. 
Сондықтан оны кең ауқымда, функционалды аспектіде қарастыру қажет.  
Қытай  тіліндегі  мөлшер  сөздерді  функционалды  аспектіде  қарастырды 
деуге  тұрарлық  қазірге  дейін  біз  кездестірген  жалғыз  еңбек  –  өзбек  ғалымы 
А.А.Каримовтың «Счетные слова в китайском языке» деп аталатын кандидаттық 
диссертациясы.  Зерттеуші  диссертациясында  мөлшер  сөздерге  құрылымдық, 
лексика-семантикалық,  функционалды  аспектіде  талдаулар  жасайды.  Мөлшер 
сөздерді  «счетные  слова»  деп  атап,  лексика-семантикалық  ерекшелігіне  қарай 
«именные сч. слова», «глагольные сч. слова» деген екі үлкен топқа бөледі де, әр 
топты өз ішінен тағы да әлденеше тармақтарға жіктейді [77, 13 б.]. Осы аталған 
еңбектер  жалпытілдік  мөлшер  категориясының  жекелеген  тілдердегі 
ерекшеліктерін тануға және тілтанымдағы маңызын айқындауға септігін тигізеді.  
Мұсылман  әлемі  мен  түркі  халықтары  да  аса  ауқымды  мәдени-рухани 
кеңістік  саналады.  Сондықтан  аталған  халықтардың  тілдік  кеңістігінде  де 
«мөлшер»  ұғымының  алатын  орны  ерекше.  Шығыс  елдерін  әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда зерттеумен айналысқан белгілі неміс ғалымы  В.Хинц [14] 
Шығыс  метрологиясына  назар  аударып,  көптеген  ауырлық,  көлем,  ұзындық 
өлшем    бірліктерін  жинақтайды.  Әрі  оны  ғылыми  негізде  түсіндіріп, 
анықтамалық  сипаттағы  еңбек  құрастырады.  В.Хинцтің  кітабының  мазмұны 


20 
 
өздігінен сөйлейді, тіпті ондағы мағлұматтарды түсіндіріп берудің қажеті жоқ. 
Аталған  еңбек  осы  уақытқа  дейін  Шығыс  метрологиясын,  яғни  Мароккодан 
Үндістанға дейінгі көптеген елдердің өлшем жүйесі жайлы жалғыз практикалық 
құрал деуге де болады. Е.А.Давыдович Орта Азиядағы түркі халықтары тіліндегі 
өлшем бірліктерді де Мұсылман әлемі өлшем бірліктері ретінде тани отырып, В. 
Хинцтің еңбегіне «Материалы по метрологии средневековой Азии» атты үлкен 
бір тарау қосады. Бұл тарауда Орта Азия елдерінде қолданылатын салмақ, көлем, 
ұзындық, қашықтық өлшемдері туралы терең мағлұматтар берілген [15]. Түркі 
халықтарының ішінде өзбек ғалымы П.Хамдамов «Нумеративы в современном 
узбекском  языке»    атты  диссертациясында  өлшем  бірліктерді  «нумеративтер» 
деп атап, оны он төрт түрге бөледі. Сондай-ақ нумеративтердің синхронды және 
диахронды  ерекшеліктеріне  морфологиялық,  синтаксистік  талдаулар  жасайды 
[78].  Тағы  бір  өзбек  ғалымы  С.А.Шакиров  нумеративті  фразеологизмдерге 
семантикалық-типологиялық талдаулар жасайды [79]. 
Бауырлас түрік халқы, Түркия ғалымдары да мөлшер категориясына, өлшем 
бірліктердің мәніне айрықша назар аударып, зерттеу нысаны етіп келеді.  Атап 
айтқанда,  қазақ-түрік  тілдеріндегі  дәстүрлі  өлшем  бірліктерді  Атмаса  Емине 
(Atmaca  Emine)  [80],  ескі  түркі  медицинасындағы  өлшем  бірліктер  мен  өлшеу 
амалдарын  Гүмүшатам  Гүркан  (Gümüşatam  Gürkan)  [81],  Османлы  дәуіріндегі 
халықаралық  теңіз  саудасы  саласында  қолданылған  өлшемдер  жүйесін  Екінчі 
Илхан  (Ekinci  İlhan)  [82],  аталған  дәуірдің  метрологиялық  жүйесін  Иналчик 
Халил (İnalcik Halil) [83] мен Гүнергун Феза (Günergun Feza) [84] қарастырса, 
түрік халқының дәстүрлі өлшем бірліктерін Шенел Мустафа (Şenel Mustafa) [85] 
мен Өзиетгін Мелек (Özyetgin Melek) [86], б.з.б. Анадолы жерінде мекен еткен 
ескі Хетт империясының сына жазулы көне жазбаларында сақталған ескі өлшем 
бірліктерді  Таш  Илкнур  (Taş  İlknur)  [87],  түрік  тілі  диалектілеріндегі  өлшем 
бірліктерді Каймаз Зеки (Kaymaz Zeki) [88], Гөкяй Шайк (Gökyay Şaik) [89], ескі 
шағатай тіліндегі ұзындық өлшемдерін Сейхан Танжу (Seyhan Tanju) [90] сияқты 
зерттеушілер  мен  ғалымдар  жан-жақты  зерделеді.  Бұдан  түрік  ғалымдарының 
еңбектері  негізінен  түрлі  дәуірлердегі  өлшем  бірліктерді  зерттеуге  арналғаны 
аңғарылады.  
Мөлшер  мәнді  тілдік  бірліктер  өзге  түркі  халықтарының  тілдік  деректері 
бойынша  да  қарастырылды.  Бұл  көбіне  түркітану,  алтайтанумен  байланысты 
болды.  Орыс  және  өзге  де  шетелдік  түркітанушы,  алтайтанушы  ғалымдардың 
еңбектерінде  үздік-үздік  ойлар,  пікірлер  айтылып,  құрылымдық-семантикалық 
сипаттамалар,  этимологиялық  талдаулар  жасалады.  Түркі  тілдеріндегі 
нумеративтер  мен  метрологиялық  терминдер  В.В.Радлов  [91]  пен  Л.З.Будагов 
[92]  сөздіктерінен  де  жиі  ұшырайды.    Орыс  ғалымы  М.И.Граммның 
«Занимательная  энциклопедия  мер,  единиц  и  денег»  еңбегінде  ежелгі  және 
қазіргі  өлшем  бірліктер  мен  ескі  монеталар,  ақша  түрлері  туралы  ауқымды 
мәліметтер  беріледі.  Сонымен  қатар  олардың  пайда  болу  тарихы  туралы 
баяндалады  [93].    Ал  тілдерінің  деректері  бойынша  өлшем  бірліктерді 
Н.К.Дмитриев  [94],  А.Н.Баскаков  [95],  П.Хамдамов  [78],  Э.В.Севортян  [96] 
сияқты ғалымдар лескика-семантикалық, этимологиялық тұрғыдан қарастырады.  
Әлемдік лингвистикадағы зерттелуі жайлы бұл қысқаша шолудан «мөлшер» 
ұғымы  көбіне  сандық  мәнді  білдіретін  өлшем  бірліктер,  ақша  атаулары 


21 
 
шеңберінде қарастырылып келгенін көруге болады. Алайда мөлшер – көптеген 
тілдік құрылымдар арқылы көрініс табатын кең ұғым.   
«Мөлшер» ұғымы – қазақ тілі кеңістігінде де тым ерте тарихи кезеңдерден 
бастап  орныққан  іргелі  ұғымдардың  бірі,  әрі  тілдік  қарым-қатынаста  өте 
ауқымды  танымдық-ақпараттық  мазмұндарды  құрайды.  Сондықтан  мөлшер 
семантикасын  беруге  сөз  таптарының  көпшілігі  қатысады  және  әлденеше 
аналитикалық,  синтетикалық  формалар,  тәсілдер  арқылы  беріледі.  Қазақ  тіл 
білімінде мөлшер мәнді тілдік бірліктерді ғылыми деңгейде зерттеу ХХ ғасыр 
басынан,  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінен  бастау  алады.    Содан  бергі  жүз  жыл 
ішінде жарық көрген шағын мақалалар мен көлемді еңбектер түрліше мақсаттар 
мен  тәсілдерді  басшылыққа  алады  және  тіл  дамуының  түрліше  кезеңдеріне 
арналған. Бұларды зерттеу тәсілдері мен бағыттарына қарай төмендегідей төрт 
топқа жіктеуге болады. Бұл зерттеулердің жалпы сипаты төмендегідей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет