22
Түркістан Республикасы мен ҚазССР аумағында үкіметтік қаулылар шығып,
1922-1925 жылдар аралығында метрлік өлшем жүйесі енгізіледі. 1918 жылы 14
қыркүйекте Жалпы Россия Орталық атқару комитеті, Халық шаруашылығы
кеңесі «Жер жүзіне бірдей метрик өлшеуін һәм таразысын жүргізу» туралы 12
баптан тұратын қарар шығарды. Ал бұл 1923 жылы 22 қазанда Түркістан
Республикасының Халық комиссарлар кеңесі «Жер жүзіне бірдей метрик
өлшеуін жүргізу» туралы №149 қарарымен мақұлданады [98, 52-56 б.].
Осылайша ескі қазақ өлшемдері ресми қолданыстан шығарылды. Осыған орай
ескі қазақ өлшемдерінің мәнін жалпақ жұртқа түсіндіру мақсатында Е.Омарұлы
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 299 санында Тайбағар деген бүркеншік
есіммен «Метр өлшеуіштері» деген мақала жазады [99, Т
1
-112-116 бб.]. Ғалым
мұнда
метр, сантиметр, грамм, килограмм, тонна сияқты халықаралық
өлшемдердің мәнін
кез, бүршік, мысқал, қадақ, бұт, аршын, таяқ сияқты
халықтық ескі өлшем бірліктердің мәнімен салыстыра түсіндіреді.
ХХ ғасыр басында өлшем бірліктер жайлы жүйелі мағлұматтар
Х.Досмұхамедұлы еңбектерінен кездеседі. Ғалым «Табиғаттану» кітабының
«Бұйымдардың жалпы қасиеті» деп аталатын бірінші тарауында дүниежүзінде
қолданылатын халықаралық өлшем бірліктер мен дәстүрлі өлшем бірліктер
жайында біршама мол ақпарат береді. Өлшем бірліктерді «өлшеуіш» деп атай
келіп,
салмақ, аудан, бәсеке салмақ, сыйымдылық, температура, қашықтық,
Достарыңызбен бөлісу: