Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет125/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Байланысты:
1-том, 113-240

Оқушылардың 
шығармашылық 
әрекеті 
бастауыш 
мектептен 
басталады. 
Сондықтан  оқушыларды  зерттеу  әрекетіне  үйретуді  бастау  тек  сабақ  арқылы  ғана  емес, 
сондай-ақ факультативтік және қосымша сабақтарда, сабақтан тыс уақытта жеке және топтық 
жұмыстар  арқылы  зерттеу  іздену  әрекетіне  үйрету.  Білім  алушыларда  зерттеу  мәдениетінің 
барлық  компоненттерін  мақсатты  қалыптастыруда,  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып, 
оқыту үрдісінде оқуды зерттеудің өзіндік кезеңдерін ескеру маңызды. 
    Бірінші сыныптан бастап зерттеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын бастаймыз. 
Зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сабақтарда ойын түрінде  оқушылар зерттеу 
әдістеріне  үйренеді:  өзіне,  әңгімелесушісіне  сұрақ  қоюды  үйренеді;  берілген  тақырыптар 
бойынша  әдебиеттер  таңдауды;  түрлі  дереккөздерден  ақпараттар  іздеуді;  байқау  және 
қорытындылау; қарапайым эксперименттер жүргізу. 
  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  үшін  жұмбақтар,  ребустар,  сызбалар, 
логикалық тапсырмалар, зерттеу ойындары, рөлдік ойындар, саяхат ойындары қолданылады. 
 
1-сыныпта  зерттеу  біліктерін  дамыту  бойынша  пропедевтикалық  жұмыстарды 
жүргізу абзал: 
  Балаларда зерттеу әрекеті туралы бастапқы түсініктер қалыптастыру, зерттеуге деген 
қызығушылығын ояту; 
  Алғашқы зерттеу әрекеттерін қалыптастыру; 
  Мұғаліммен,  сыныптастарымен  бастапқы  «интеллектуалдық»  қарым-қатынасқа 
дағдылануы; 
 
2-сыныпта жұмысты келесі бағыттар бойынша іске асыруға болады: 
  Зерттеу,  ақпарат,  болжам,  қорытынды  және  т.с.с    зерттеу  әрекетінің  жекелеген 
теориялық ұғымдармен танысу; 
  Зерттеудің  негізгі  кезеңдерін  практикалық  жүзеге  асыру-  ой-пікірдің  туындауы,  ой 
ұшқырлығы, іс-әрекетте ойды өрістету(жүзеге асыру), нәтижелерді ұсыну және безендіру; 
  Түрлі  тақырыптар  бойынша  айқындалған  жоспарды  ұжымдық  кішігірім  зерттеуді 
жүзеге асыру; 
 
3-4 сыныптарда: 
  Зерттеу әдістері және кезеңдерімен танысу; 
  Берілген тақырып бойынша ұжымдық және топтық зерттеу жүргізу; 
  Бар  білімі  мен  білігін  (тақырыптар  таңдау,  зерттеу  әдістерң  мен  іс-әрекеттер 
алгоритмін  анықтау,  ақпараттарды  іздеу  және  өңдеу,  болжамдар  ұсыну,  қарапайым 
тәжірибелер  мен  эксперименттер  жасау,  бақылау  нәтижелерін  тіркеу,  зерттеу  нәтижесі 
бойынша  қысқаша  сөз  сөйлеуді  дайындау)  қолдана  отырып,  қызығушылығы  жоғары 
оқушылармен мұғалімнің және ата-аналардың жетекшілігімен ұзақ уақытты(1тоқсанға дейін) 
зерттеулерді жүзеге асыру; 
  Сауалнамалар,  сұхбат  (қажетті  ақпараттар  жинау)жүргізу  мақсатында  сыныптан 
тыс оқушылардың коммуникативтік байланыстарын кеңейту. 
Педагогтың дұрыс ұйымдастырған педагогикалық әрекетінде көпшілік бастауыш мектеп 
түлектері  өздіктерінен  оқу-зерттеу  іс-әрекетімен  айналыса  алады.  Сондықтан  педагогтардың 
қазіргі мақсаты: оқушылардың бойына зерттеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және 
дамыту  үшін  жағдайлар  жасау  және  іске  асыру.  Әрине  бұл  мақсаты  іске  асыруда  бастауыш 
сынып  мұғалімі  оқушылардың  дербес  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  оларда 
зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау қажет. 
 Оған жету үшін мына мәселелер шешіледі: 


~ 232 ~ 
 
−  қолайлы  оқыту  ортасын  құру  арқылы  сабақтарда  өзараәрекеттесу,  бірлескен  оқыту 
үрдісін тиімді ету, оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру; 
−  өз  білімдерін  дербес  құрастыру  және  ақпараттық  ортада  бейімделу  қабілеттерін 
дамыту; 
− оқу тапсырмаларын уақытылы орындау үшін өзін-өзі ұйымдастыру; 
− танымдық белсенділігінің деңгейінің артуына себептелетін оқу-танымдық, әлеуметтік 
және ішкі мотивтерді қамтитын оқыту әрекетінің мотивациялық негізін құру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет