Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет2/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
1-том, 113-240

ӘОЖ 158 
 
ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ  
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI 
 
Султанбеков Б. – ЕТ-117, Жолбарыс Е. – магистр, 
 т.ғ.д, профессор Ескендиров Ш.З.,  т.ғ.к. Юнусова Д.У. 
Шымкент университеті 
 
Қазiргi  әлемнiң  ғылыми  бейнесiнiң  негiзгi  сипаттамасы  қоғамдағы  және  табиғаттағы 
информациялық  процестер  мен  факторлардың  фундаментальды  ролiн  мойындау  болып 
табылады. 
Бұл  жағдай  бiздiң  ғасырдың  басында  әлемнiң  бейнесiн  жаңаша  тұжырымдайтын 
идеяның  тууына  байланысты  өзгере  бастады.  Мұндағы  негiзгi  мәселе  ұйымдастырушылық 
немесе  қазiргi  айтылып  жүргенiндей  информациялық  факторларға  байланысты.  Дәлiрек 
айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы 
мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп 
аталды.  Сонымен  информатика  –  компьютердiң  көмегiмен  информацияны  iздеу,  сақтау, 
жинақтау,  тарату,  өлшеу  мен  өңдеудiң  әдiсi,  тәсiлдерi  мен  заңдылықтарын  қарастыратын 
математикалық ғылым. 
Қазiргi  кезде  информатиканың  ықпалына  көп  сүйенетiн  саланың  бiрi  халық  ағарту 
жүйесi.  Ал,  жоғары  оқу  орындарында  информатиканың  проблемаларын  қарастыратын  сала 
кәсiби информатика деп аталады. 
Кәсiби  информатика  информатика  ғылымының  бiр  саласы  ретiнде  жоғары  оқу 
орындарындағы  оқу  процесiнде  пайдаланылатын  компьютердi  программалық,  техникалық 
оқу-әдiстемелiк  және  ұйымдастырушылық  жақтарынан  қамтамасыз  етудi  зерттейтiн  сала 
ретiнде анықталады. 
Жоғары  оқу  орындарының  информатикасын  программалық  қамтамасыз  ету  оқу 
орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы 
жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар. 
Жоғары  оқу  орындары  информатикасы  психологиялық-педагогикалық  қамтамасыз 
етiлуi  тиiс.  Ол  өзiнiң  маңыздылығы  жағынан  алғашқы  орында  қарастырылатын  мәселеге 
жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi 
компьютерлендiрудiң  барлық  проблемаларын  шеше  алмайтыны  анық.  Компьютердi 
пайдалану  жағдайында  оқу  процесiн  тиiмдi  және  өз  мақсатына  жете  алатындай  етiп 
ұйымдастыру  үшiн  бiрқатар  педагогикалық,  психологиялық  проблемаларды  шешу  қажет. 
Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары 
қосымша  зерттеудi  талап  етедi.  Бұл  жерде  оқытуды  компьютерлендiрудiң  екi  түрлi  негiзгi 
бағыты  бар  екенiн  ескеру  қажет,  олар  компьютер оқу  объектiсi және  компьютер оқу 
құралы ретiнде. 
Компьютердi  зерттеу  объектiсi  ретiнде  алатын  болсақ,  жоғары  оқу  орындарында  оның 
программалық  қамсыздандырудың  негiздерiн  оқытатын  “Жүйелік  бағдарламалау”  деп 
аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика 
ғылымының  барлық  мазмұнын  қамти  алмайды.  Ол  болашақ  информатика  мамандарының 
жоғары  оқу  орындарындағы  басқа  пәндердi  оқуға  қажеттi  бiлiм,  iскерлiк  пен  дағдылармен 
қаруландыруы тиiс. 
Қазiргi  кезде  “Жүйелік  бағдарламалау”  курсына  жоғары  оқу  орындарында  96  сағат 
бөлiнген  және  Қазақстан  Республикасының  “Бiлiм  туралы”  Заңының  талаптарынa  сәйкес 
курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген: 
  курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы; 
  болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар; 
  стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау; 
  бiлiм бағалау. 


~ 118 ~ 
 
«Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың мақсаттары: 
 -  графика,  математика,  статистика  бойынша  қолданбалы  программалар  пакеттерiн 
ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу; 
 -  графиктердi,  диаграммаларды,  үлгiлердi,  суреттердi,  этикеткаларды  еркiн  мәтiнге  не 
құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену; 
-  графикалық  бейнелердi  құруға  және  модификациялауға  мүмкiндiк  беретiн 
инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету. 
Курсты оқытудың мiндеттерi: 
- берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену; 
- ғылыми  салада  қолданбалы  программалық  ұқсас  пакеттердiң  мiндетi  туралы  түсiнiк 
қалыптастыру; 
- web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы 
түсiнiктердi қалыптастыру; 
Кәсiби 
қызметте 
қолданбалы 
программалаудың 
дағдысын 
пайдалана 
бiлудi 
қалыптастыру.  Информатиканы  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  жөнiнде  қалыптасқан  түрлi 
көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы қолданбалы программалық қамсыздандыру 
курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық. 
-  Жоғары  оқу  орындарындағы  “Жүйелік  бағдарламалау”  курсының  мазмұны  түрлi 
программалық жабдықтармен жұмыс ебдейлiгiн, дағыдысын қалыптастыруға негiзделген. 
- “Жүйелік  бағдарламалау”  курсы  бiр  жағынан  курстың  информатика  пәнiмен 
байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық 
дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi. 
-  “Жүйелік бағдарламалау” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз 
байланысты. 
-  “Жүйелік  бағдарламалау”  курсын  оқу  барысында  алған  бiлiм  мен  iскерлiктерiн  басқа 
пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады. 
Сонымен  жоғары  оқу  орындарындаға  информатика  мамандығының  “Жүйелік 
бағдарламалау”  курсы дәстүрлi әдiстегi  iскерлiк пен  дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа 
пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi. 
Жоғары  оқу  орындарында  информатика  курсының  енгiзiлуiне  байланысты  педагогика 
ғылымының  жаңа  саласы  пайда  болды,  оның  зерттеу  объектiсi  информатиканы  оқыту 
әдiстемесi деп аталды. 
Мұнда  қоғамның  алға  қойған  мақсатына  байланысты  информатиканы  оқытудың 
заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне 
сай зерттеледi. 
Қазiргi  кезде  РБАО  негiзiнен  бiлiм  жүйесiнiң  барлық  сатылары  үшiн  электронды 
оқулықтар  жасаумен  шұғылданып  келедi.  Электрондық  оқулықтарды  құрастыру  техноло-
гиясы  (профессор  Г.Нұрғалиева  жасаған)  оқыту  процесiнiң  заңдылықтарына  негiзделiп 
жасалып,  бiр-бiрiмен  тығыз  байланыстағы  төрт  бөлiктен  тұрады,  олар:  мотивациялы  –
мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi. 
Электронды  оқулықтың  мотивациялық-мақсаттық  компонентi  модульдердi  (микромо-
дульдердi)  құрастырудан  тұрады.  Модуль  дегенiмiз  –жергiлiктi  (локальды),  жүйелiк  және 
функционалдық  бiлiм  жиындары.  Ол  оқушының  өз  танымдық  әрекетiн  ұйымдастыратын  “ 
түйiнi” болып саналады. 
Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. 
Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден 
және  диаграммалардан  тұратын  мәлiметтер  базасы  ретiнде  берiлетiн  ақпараттық  оқыту 
ортасы.  Мәтiндердi  қазақ,  орыс,  ал  кейбiрiн  ағылшын  тiлiндегi  дыбыстар  арқылы  айтуға 
болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған. 
Электронды  оқулықтың  операциялық  компонентi  интерактивтi  формада  берiлген 
тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау 
компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта тесттердiң екi түрi берiлген: 


~ 119 ~ 
 
бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды 
тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады. 
Оқушылар  үшiн  электрондық  оқулық-  мектепте  оқыған  жылдардың  барлығында  да 
өздерi  толықтырып  отыра  алатын  және  нәтижелiк  емтиханға  дайындалуға  көмектесетiн 
мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр оқушының өз 
мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет