118
қосмекенділердің біркелкі ғана қимылдауы мишықтың нашар жетілгендігінен. Бірақ
алдыңғы миы оң және сол ми сыңарларына жіктеліп, балықтарға қарағанда ірі келеді.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты қосмекенділердің кейбір сезім мүшелері жақсы
дамыған. Мысалы, көзі айналадағыны жақсы көреді. Көздің қасаң қабығы дөңес, ал терілі
қабақтары көзді ылғал мен ластанудан қорғайды. Көз бұршағы қос дөңесті линза пішінді.
Бақа дыбысты жақсы естиді. Құлағы дабыл жарғақшасынан, есту сүйекшелері бар
ортаңғы құлақтан және іші сұйықтыққа толы иірілген үш түтікшелі ішкі құлақтан тұрады.
Дыбыс жарғақшаны тербеліске келтіреді де, бұл тербеліс есту сүйегіне өтеді. Одан
ортаңғы құлақ қуысы арқылы ішкі құлақ иірімдеріндегі сұйықты тербетеді. Дыбыс жүйке
жүйесіне жетіп, қабылданады. Бақа (құрбақа) соған сәйкес әрекет жасап қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: