Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Бунақденелілерде, өрмекшілерде, шаяндарда, ұлуларда, буылтық құрттарда



Pdf көрінісі
бет123/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Бунақденелілерде, өрмекшілерде, шаяндарда, ұлуларда, буылтық құрттарда жоғары 
деңгейде орталықтанған жүйке жүйесі бар. 
 1-сурет. Гидраның жүйке торы және 
тітіркендіргіштігі. 
Мысалы, шұбалшаңның жүйке жүйесі бір жұп жұтқыншақ үсті, бір жұп жұтқыншақ асты 
жүйке түйіндерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Бұл тізбек асқорыту жүйесінің 
астымен денені бойлай созылып жатады. Мұны құрсақ жүйке тізбегі дейді. Жұтқыншақ 
асты, жұтқыншақ үсті жүйке түйіндері бір-бірімен сақина тәрізденіп байланысады. Бұл 
түйіндерді «ми» деп те атайды. Сырттан болатын әр түрлі әсерді қабылдап, ажыратып
оған берілуге тиісті «жауап» жайындағы «бұйрық» осы түйіндер арқылы құрсақ 
тізбектеріне беріледі. Құрт зиянды әсері бар кедергілерді айналып өтеді, пайдалыларына 
(ылғал, қорек) қарай бұрылады. 
Ағзаның тітіркендіргішке жүйке жүйесі арқылы қайтарған жауабын рефлекс дейді. 
Ал өрмекшілер мен бунақденелілердің жүйке жүйесі денедегі орналасуы мен құрылысы 
жағынан шұбалшаңның жүйке жүйесімен ұқсас; ерекшелігі: құрсақ жүйке тізбегіндегі 


117 
 
түйіндерінің саны аз, оның есесіне жүйке түйіндері, әсересе жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ 
асты түйіндері жақсы дамыған. 
Шаяндардың, ұлулардың жүйке жүйесі негізінен осы жәндіктердің жүйке жүйесіне ұқсас. 
Балықтардан бастап жүйке жүйесі ми және жұлын болып екі ірі бөлімнен тұрады (2-
сурет). Ми бассүйектің ішінде орналасқан. Ол бес бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, аралық 
ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми (3-сурет). Сопақша ми омыртқа жотасының өзегінде 
орналасқан жұлынмен жалғасады. Ми мен жұлын көптеген жүйке тармақтары арқылы 
балық денесінің барлық мүшелерімен байланысады. 
 
 
Жүйке тармақтары 
3-сурет. Балық пен бақаның жүйке жүйесі. 
Балықтың мінез-қылығында шартсыз және шартты рефлекстер білінеді. Балық 
уылдырықтан шығып, өздігінен тіршілік ете бастағанда жемін іздеп, тауып жейді. Бұны 
оған ешкім үйреткен жоқ. Бұл туа пайда болған шартсыз рефлекс. Егер аквариумдағы 
шабақтарды әуелі шам жағып, содан кейін аквариумның бір бұрышына жем тастаса
шабақтар ол жемді бірден көреді де, келіп жей бастайды. Осылай 2-3 рет қоректендіріп, 
келесіде жем тастамай-ақ тек шам жанса, олар сол бұрышқа жүзіп келіп, жиналып жем 
іздейді. Мұны шартты немесе жүре пайда болған рефлекс дейді. 
Балықтардың мінез-қылығы өте күрделі, олар шартты және шартсыз рефлекстер арқылы 
айналадағы орта жағдайларын жақсы бағдарлап, соған сәйкес жауап қайтарады. Балық 
миының біршама жақсы дамуы сезім мүшелерінің де жетілуіне әсер еткен. Оның екі көзі 
бар. Көзі бұлшықеттер арқылы жоғары, төмен, алға, артқа қимылдап, төңірегін толық көре 
алады. Бастың алдыңғы жағындағы екі танау тесігі арқылы иісті сезеді. Аузында, бүкіл 
денесінің сыртында сезімтал жасушалар көп болғандықтан дәмді, жолында кездесетін 
кедергілерді, т. б. жақсы ажыратады. Мұрты сипап сезу қызметін атқарады. 
Балықтың есту мүшесі бассүйектің ішінде болады, сырттай қарағанда байқалмайды. Ол 
қатты дыбысты естиді. 
Балықтардың бәрінде ерекше мүше – бүйір сызығы болады. Бүйір сызығы су ағынының 
бағытын, күшін, сүңгу тереңдігін сезінуге мүмкіндік береді. Осы мүше арқылы су 
астындағы кедергілерді түйсініп, олардан айналып өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет