36
Жапырақша саны жұп болса жұп қауырсынды, тақ болса тақ қауырсынды күрделі
жапырақ дейді. Жұп қауырсындылар – асбұршақ,
сары қараған, чина, қоянбұршақ; тақ
қауырсындылар – қызыл мия, ақ мия, итмұрын,
ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы.
Жай жапырақтардан тағы бір ерекшелігі ағаштың күрделі жапырақтары күзде, тұтас үзіліп
түспейді. Алдымен жапырақшалары, соңынан сағағы үзіліп түседі. Шөптекті
өсімдіктердің күрделі жапырақтары тұтас қурап түседі.
Бүйрек тәрізді Жебе тәрізді Ромб тәрізді Жүрек тәрізді Қылқанды (ине) тәрізді
2-сурет. Жапырақ тақтасының пішіндері.
Достарыңызбен бөлісу: