ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-СТИЛЬДІК
РЕҢКТЕРІ
Тілдік амал-тәрілдерді қарым-қатынас жасаудың шарты мен
міндеттеріне барынша сай жұмсау – сөз бедері деп аталады. Әрине, тілдік
қарым-қатынас жасаудың шарты мен мақсаты шындық өмірде өте көп
болуы ықтимал. Оны санамалап шығу мүмкін емес. Бұл жерде әңгіме тіл
жұмсаудың типтік жағдаяттығы шарты мен мақсатына байланысты
болмақ.
Қолына калам, қағаз алған адам өз ой-пікірін, сезімін жеткізуде
әдеби тілдің функционалдық стильдерінің бірін пайдаланады. Сондай-ақ
шаршы топ алдына шығып сөйлеуші қай жерде, қандай ортада, кімдердің
алдында сөз саптауына қарай, алдына қойған мақсатына орай тілдік-амал
тәсілдерді талғайды.
Тілдік амал-тәсілдерді типтік қарым-қатынас жасаудың шарты мен
мақсатына сай жұмсай білу түптеп келгенде, әдеби тілдің фунционалдық
стильдерінің бір-бірінен ерекшеленетін қасиетін, басты-басты белгілерін
жете меңгеруді талап етеді.
Әдетте көркем сөзді ғылыми сөзден, немесе ғылыми сөзді сөйлеу
тілінен ажыратып тұратын нәрсе – стильдік тұтастық, бірлік. Ал сөз
стильдік тұтастыққа қалай ие болады? Біріншіден, бір стиль екінші бір
стильден тілдік материал арқылы ажыратылатындығын байқауға болады.
Мысалы, -уда, -уде (студенттер білім алуда) тұлғасы публицистика
86
стилінде жұмсалғанмен, сөйлеу тілі, көркем әдебиет стиліне тән деуге
болмайды. Болып табылады, ... бірінен саналады... белгілі бір тәрізді
тіркестер ғылыми стильде кездескенімен, көркем тіл кестесіне мүлде жат.
Сондай-ақ боп (болып), кеп (келіп), ап (алып) сөйлеу тілі стиліне бөтен
болғанымен, іс-қағаз стиліне тән деуге болмайды.
Бірақ белгілі бір стильге телулі бұл тәрізді біртарап қолданыстар
стильдік жақтан бейтарап тілдік амал-тәсілдермен салыстырғанда
(мысалы, кітап, үй, қағаз т.б. тәрізді) әлдеқайда аз ұшырайды. Сондықтан
олар стиль тузуге қатысқанмен, сөзді бір стильге шоғырландыруда
шешуші орында бола бермейді. Қайта, керісінше, стиль түзуде бейтарап
тілдік амал-тәсілдер белсенді қызмет атқарады, бейтарап тілдік амал-
тәсілдер барлық стильде қолданыла береді. Мысалы, темір, көмір, ай,
қағаз, су, оқу, жазу, айту, көру т.б. Сондай-ақ көптік, септік, тәуелдік,
жіктік, шақ тұлғалары т.б., сөздердің бір-бірімен тіркесу амалдары мен
байланысу түрлерін белгілі бір стильге ғана тән деуге болмайды. Бұл
тәрізді бейтарап қолданыстар әдеби тілдің бүтіндігін сақтап, тұтастығын
ұстап тұрады. Қазақ тілін тұтынушы адам тек сөйлеу тілін ғана емес,
көркем әдебиет, іс-қағаз стилі, публицистика стилі, ғылыми стильдерді
(белгілі бір дайындықтан соң) қарым-қатынас жасауда пайдалана береді.
Міне, сондықтан көркем шығарма тілі тек жазушыға, публицистика тілі
тек журналист, қоғам қайраткерлеріне, іс-қағаз стилі кеңсе қызметкеріне
ғана түсінікті болмай, қоғам мүшелерінің бәріне ортақ қызмет атқарады.
Кейбір еңбектерде көркем әдебиет тілі, публицистика тілі, кеңсе тілі
деп те қолданыла беруі шартты. Бұл жердегі "тіл" стиль сөзінің синонимі.
Ол авар тілі, өзбек тілі дегендегі "тілмен" бір ұғымда емес. Сонымен
барлық стильге ортақ бейтарап тілдік амал-тәсіл стиль ұйымдастыруға
қатысуда белсенді орын алады. Бейтарап тілдік амал-тәсілдердің бұл
қасиеті екі түрлі жағдайдан байқалады. Біріншісі – жұмсалу жиілігі,
екіншісі – жұмсалу сипаты.
Стиль талғамағанмен, бейтарап тілдік амал-тәсілдердің әр стильде
жұмсалу мүмкіндігі әркелкі болады. Мысалы, жұлдыз, бұрыш, түзу
тәрізді терминдер тек ғылыми стильде ғана емес, көркем әдебиет,
публицистика, сөйлеу тілінде қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың
жұмсалу жиілігі не сипаты әр стильде әр басқа болуы ықтимал. Ғылыми
стильде бұл тәрізді терминдер жиі жұмсала келіп, стиль түзуге қатысады.
Бұған статистикалық әдіс арқылы да көз жеткізуге болады. Тілдік амал-
тәсілдер қолданылу жиілігі ғана емес, жұмсалу сипатымен де стиль түзеді.
Мысалы, темір, көмір, ай, алтын т.б. ғылыми тексте тек терминдік
сипатта жұмсалса, көркем шығарма, сөйлеу стилінде метафорланыпта
қолданылады.
Сондай-ақ алтын, ай сөздерінің ауыспалы мағынада айтылуы
(алтыным, айым) сөйлеу тілі, көркем әдебиет стиліне тән сипатты
аңғартатыны белгілі. Сонымен, тілдік амал-тәсілдер тек жұмсалу жиілігі
87
жағынан емес, қолдану сипаты жағынан да бір стильден екінші бір стильді
бөлектеп тұрады. Мұндай қасиет тек лексика емес, өзге де тіл
деңгейлерінде, оның ішінде қосымшалардың жұмсалуында да кездеседі.
Шақтың өзге формаларымен салыстарғанда ғылыми стильде
ауыспалы осы шақ жиі қолданылады. Бұл тұлға ғылыми стильде тек
қолданылу жиілігі жағынан ғана емес, жұмсалу сипаты тұрғысынан да
бөлектей түседі. Мысалы, "сілті суда ериді", "металлургия өнімдері
машина жасау үшін қызмет етеді" дегендегі ауыспалы осы шақ тұлғасы
шақтық мағынадан гөрі іс-әрекеттің белгілі бір зат, құбылысқа тән
екендігін көрсетеді (мысалы, су 100°-та қайнайды). Сондықтан да
зерттеушілер бұл тұлғаны ғылыми стиль ресурсына жатқызады. Ал сөйлеу
тілі немесе көркем әдебиет стилінде шақтық мағына мұндай сипатта
болмай, объективті процестің уақытқа байланысын айқын бейнеленеді:
Асан ауылға жүреді, ертең күн жауады.
Ғылыми стиль, ресми іс-қағаз стилі т.б. салыстырғанда әр түрлі
бейнелеуіш көріктеуіш амал-тәсілдердің көркем әдебиет стилінде мол
болуы зерттеулерде айтылып та, көрсетіліп те жүргені белгілі. Әрине,
көркем стиль түзуде түрлі троп, фигураның өзіндік орны бар. Бірақ көркем
әдебиет стилі өзге стильдерден бір ғана компоненті – бейнелеуіш,
көріктеуіш тәсілдер арқылы ғана ажыратылмайды. Қайсы бір
суреткерлердің әңгіме, повестері бастан аяқ теңеу, метафораға құрылуы
мүмкін емес. Тіпті әңгіме көріктеуіш, бейнелеуіш тәсілдердің жиі
қолданылуында ғана емес. Кейбір жазушы қаламы ондайға тым сараң
болады. Жұрт аузына ілінген не бір көркем шығарма авторларынан
дәстүрлі немесе төл тума бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілердің бірен-
саран түрін кездестіруіңіз де ықтимал. Ол – суреткердің дара
қолтаңбасына тәуелді жайт. Бірақ солай болса да, оқырман ондай
шығарманың көркем стильде жазылғанын түйсініп отырады. Бұлай болуы
көркем текстегі сөздің жұмсалу сипатында. Бұған көз жеткізу үшін көркем
тіл кестесіндегі сөздің жұмсалу сипатын ғылыми текстегі сөзбен
салыстырып байқауға болады. Мысалы, қайың сөзі ғылыми тексте де,
көркем шығармада да кездеседі делік, бірақ көркем шығармадағы қайыңда
деректі сипат бар: мысалы, ол терезе алдындағы қайың; жел соқса,
жапырағы жамыраған қайың; өзен бойындағы қайың т.б. болуы ықтимал.
Немесе:
Аққайыңдар қардан алқа тағынып,
Шаттануда шалқайып.
Ата – Сібір, ақ күпісін жамылып,
Жата кетті жантайып,– деп ақын ( М.Мақатаев) айтқандай
"қардан алқа тағынған" қайың да болуы мүмкін. Осындай атрибуттар
арқылы сөз қалайда көркем тексте деректі сипат алуы (конкретизация)
шарт. Сонда ғана оқырман суреткер баяндап отырған жайды "көзбен көріп,
қолмен ұстап, керек десеңіз, дәмін, исін сезіп" дегендей, шындық
88
өмірдегідей қабылдайды. Жазушы оқырманның сезім түйсігіне (бес сезім
мүшесі: көру, есту, иіс, дәм сезу және тері сезім мүшесі) арқа сүйейді.
Ал ғылыми тексте кездесетін қайыңда мұндай деректі сипат жоқ. Ол
"терезенің алдындағы", "өзеннің бойындағы"қайың емес, ой-сана
(рассудок) арқылы түйсінілетін қайың. Ғалым сипаттап отырған
қайыңдағы қасиет тек терезе алдындағы қайыңға емес, күллі қайың
атаулыға тән.
Суреткер қаламы бейнелі сөзге иек артады. Ауыл жым-жырт,
ауыл тыныштықта дегеннен гөрі ауыл мызғып, қалғып тұр деу көркем
тіл кестесі үшін әлдеқайда дәл, әлдеқайда деректірек. Өйткені
"мызғып", "қалғып" тұрған нәрсені, тыныштықта деген сөзбен
салыстырғанда, айқынырақ елестетуге болады: "Көгал сайда отырған
бес-алты үйлі аз ауылдың түңлігі тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де
мызғып, қалғып тұр" (М.Әуезов. "Абай жолы"). Ассоциация арқылы
оқырман санасында "мызғып, қалғып тұрған" жанды нәрсенің елесі
пайда болады да, түнгі ауылдың бейнесін шындықтағыдай көз
алдыңа келтіреді. Енді бір суреткердің талантты қаламы тіпті
оқырман ойламаған тұстан қысқы ауылдың түнгі бейнесін тың әрекет
аркылы береді де экспрессиялық әсерді арттыра түседі:
Аязды түнде ақпанда,
Ит үрмей, тауық шақырмай.
Арқасын сүйеп ақ тауға,
Қымтанып ауыл жатты жай.
Бұл – суреткер қаламының адам сезіміне (сезімдік
қабылдауына) тұтқиылдан әсер етуі. Ауыл тыныштық құшағында,
ауыл ұйқыда дегендерге оқырман сезімінің "еті үйренген" болса,
арқасын сүйеп, қымтанып жатқан адам әрекетіндегі қысқы ауылдың
түнгі бейнесін М.Мақатаев қаламы салған соны сурет, жанды бейне
арқылы елестетеміз. Міне, осылайша көркем тіл кестесіндегі сөз
деректі сезімдік қабылдау түрінде болады.
Сөз – күрделі категория. Тілдегі сөздердің бір алуаны деректі
ұғымды (қайың, қарға, қоян) білдірсе, енді бір алуаны дерексіз ұғымда
жұмсалатындығы белгілі (аң, құс, өсімдік). Бұлардың көркем тіл
кестесіндегі орны бірдей емес. Сондықтан дәннен гөрі сұлы, құстан
гөрі ұзақ деу көркем тіл кестесі үшін әлдеқайда жарасымды
(В.В.Виноградов). Себебі ұзақ,қарға, сұлы дегендерді "көруге" болады
да, аң, құс, өсімдік дегендерді "көруге" болмайды. Ал суреткер
қаламы осындай "көруге" болмайтынның көркем бейнесін жасап
оқырман сезіміне ұялата біледі.
Тыныштық деген – жан ізгі,
Сағынып келген жардайын.
Оянып кетер тәрізді,
89
Сипасаң Солды маңдайын (М.Мақатаев). Ақынды қайталап
айтсақ, тыныштық – ізгі жан, сағынып келген жар. Тіпті ол аялай
сипаған алақанның өзінен оянып кетердей тым сезімтал, сергек. Өлең
жолдарын оқи отырып осындай сәулелі сезімге бөленесің. Сірә,
тыныштықтың мұндай нәзік, мұндай нақты бейнесін жасау биік
талант деңгейінде кездесетін сәтті суреттер болуы керек.
Жоғарыда айтылған мысалдардағы теңеу, метафораларға қарап,
суреткер айтып отырған жайды оқырман тек бейнелеуіш, көріктеуіш
тәсілдер арқылы ғана көз алдына елестетеді немесе түйсіне алады
деуге болмайды. Күнделікті қарым-қатынас қызметін өтеп жүрген
қатардағы жай сөздердің өзі де көркем тіл кестесіне енгенде образға
айналады. Образға айналу үшін олардың метафора, троп болуы шарт
емес. Тіпті көркем тіл кестесіне енген жай ғана сөздер арқылы да
затты, іс-әрекетті, сапаны шындық өмірдегідей түйсініп, "көзбен
көріп, құлақпен естігендей" күй кешеміз. Контекстегі сөз арқылы сол
"заттың", "іс-әрекеттің", "сапаның" санамызда нақтылы сәулесі пайда
болады. Сондықтан көркем тіл кестесіне енген шам, білезік, сырға,
бөрік тәрізді ешбір сиқыры жоқ сөздер сөз образға (словообраз)
айналады. Екінің бірі айтатын "қатардағы" сөздердің өнер
материалына, басқаша айтқанда сөз образға қалай айналатынын
байқау үшін мынадай текстке назар аударып көрейік.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар.
Сүйндік бәйбішесімен және екі баласы –Әділбек, Асылбекпен –бәрі де
қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген
бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы– Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан
үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті.
Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның
келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы
кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден
Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы
мұрын, қаракөз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр.
Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған
қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу
қастары бір түйісе түсін, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір
еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.
Биікке, алысқа мегзейді (...). Абай көнке шейінТоғжан жүзінен көзін ала
алмай, телміре қарап қалды (М.Әуезов. "Абай жолы").
Егер тілдегі мағынасына қарай анықтама берсек, шам сөзі
"жарық беретін құрылғы" дегенді білдіреді. Шам сөзі контекстен тыс
абстракті сипатта. Басқаша айтканда, әнгіменің қандай шам туралы
екендігі, май шам ба, жаяу шам ба, білтелі шам ба, ондық түрлері көп.
90
Ал жоғарыда мысалға алынып отырған мәтіндегі шам қандайда
болмасын "жарық беретін құрылғы" деген абстракті ұғымда емес, сол
ұғымға енетін заттың нақтылы бір түрі туралы екендігін байқаймыз.
Мысалы, ол – тас шам, ол – ала көлеңкелеу жанған тас шам, ол –үйдің
ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам.
Сондай-ақ бөрік сөзі "елтірі, аң терісінен істелген құлақсыз бас
киім" деген мағынаны білдірсе, контекстегі бөрік сөзі әйтеуір бөрік
атаулы жайында емес, кәмшат бөрік, ондада Тоғжан киген кәмшат
бөрік туралы. Тексте кездесетін білезік, шолпы, сырға тәрізді зергерлік
бұйымдар жайында да осыны айтуға болады. Тоғжан таққан шолпыны
көз алдымызға елестетіп қана қоймай, сылдырлаған үнін де
естігендей күй кешеміз. Бұл – көркем контексте сөздің образға
көшуінің белгісі. Образдылық сипат тек есім сөздерде ( шам, бөрік,
шолпы) ғана емес, етістіктерде де бар: "Абай... Тоғжан жүзінен көзін
ала алмай телміре қарап қалды" дегендегі телміру етістігі – нақтылы
әрекетті бейнелейтін аса қажетті сөз образ.
Көркем контекстегі сөз бірде бір заттың екінші бір затқа қатысы
арқылы (үйдің ортасында жалған шам, бастағы кәмшат бөрік, білек
толған білезік т.б.) деректі сипатқа ие болып, сөз образға айналса,
бірде көріктеуіш, бейнелеуіш тәсіл (теңеу) арқылы деректеніп, сөз
образға айналады: Жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр:
қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп самайға қарай тартылған
қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей, сұлу қастары бір түйіле
түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат
лебіндей.
Жазушы сөз образ арқылы, оның ішінде көріктеуіш құрал
арқылы (теңеу) кейіпкер портретін оқырман сезіміне айқын
ұялатады. Тіпті Тоғжанның аппақ жүзінен оның ішкі сезім толқынын
да айнытпай танып отыратындай күй кешесіз. Самайға қарай
тартылған қас жендеттің жебесіндей дегеннен әсем қыздың қиылған
қасын ғана танып қоймай, мұндай сөз образда әлдеқандай астар бар
екенін де түйсінесіз. Сол "жебеден" Абай жүрегінің
"жараланатындығын" да сезіп отырасыз. Тас шамның ала көлеңкелеу
жарығы да үй ішіндегі сән-салтанат, асқан байлықты танытпаса
керек. Көктем нұрын ала келген Тоғжанға қоңырқай тұрмыс
контрастық сипатта. Көркем контексте бұлайша сөз мазмұнын байыта
қолданып, оқырман қиялына қанат бітіріп отыруы – қаламгер
шеберлігінің бір қыры.
Сонымен, көркем әдебиет стилінің әдеби тілдің өзге
стильдерінен, атап айтқанда, ғылыми стильден өзгешеленетін басты
белгісі көркем тіл кестесінде сөздің деректі сипат алып, сөз образға
айналуы деуге болады. Тілдік амал-тәсілдердің ұғымнан сөз образға
көшуі фонетикалық бірліктен (единица) синтаксистік бірлікке дейінгі
91
тілдің барлық деңгейінде болатын қасиет. Бұл айтылғанға қазақ
тіліндегі көптік жалғауының (-лар, -лер) көркем контексте жұмсалу
ерекшелігі мысал бола алады. Әдетте грамматикалық норма бойынша
көптік жалғауы санамалап, даралап айтуға келмейтін зат, құбылыс
атауларына, абстракті ұғымдағы сөздерге талғаусыз жалғана
бермейтіндігі белгілі. Бірқатар сөздерді уақыттар, қуаныштар,
жылаулар дсп көптік жалғауымен айтқанымыз бен, сөз жатық болып
тұрмайды. Бірақ көптік жалғауындағы бұл ерекшелік көркем тіл
кестесі үшін "қатып қалған" заңдылық емес. Оны М.Әуезовтей сөз
зергерінің тіл жұмсау дағдысынан да байқаймыз. "Әбіш әр өнер, әр
мінездерімен, отырыс-тұрыс, киім қалпымен Абайдың жас достарының
барлығын таң қалдырды (М.Әуезов. "Абай жолы"). Бұл жаңа дәуірдің
өзгерген жаңа тірлігі тудырған жаңаша бір тартыс жолы ғой. Мен әлі
естіп те, оқып та білмеген халдер екен (сонда).
Әдеттегі сөз саптауымызда -лар, -лер қосымшасын тосырқап
тұратын сөздерді (мінез, хал) жазушының көптік жалғауымен
түрлендіре жұмсауы, бір жағынан, көркем тіл стилінің табиғатына
тәуелді ме деп ойлаймыз. Өйткені көптік жалғауы, негізінен,
санамалап айтуға "көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын" зат
атаулыны білдіретін сөздерге жалғанады. Міне, осымен байланысты
бұл қосымшада сөзге деректі сипат беретін үстеме қасиет те бар
тәрізді. Дағдыдан тыс орайларда да көптік жалғауының жазушы
қаламына орала беруі осы қосымшаның өзі жалғанатын есім сөзге
деректі сипат үстемелеуіне байланысты болуы ықтимал.
Сондай-ақ объективті процестің уақытқа қатысын айқын
бейнелейтін шақ түрлері көркем әдебиет стилінде мол ұшырайды
(олай болатыны шақтың бұл түрінде деректі сипат бар). Ал шақтың
кейбір түрлерінің көркем контексте жұмсалу мүмкіндігі тым
шектеулі. Өйткені шақтың мұндай түрі белгілі бір іс-әрекеттің
уақытқа қатысын айқын көрсетпейді (мысалы, су 100°- пю қайнайды).
Вербалдық мағынасы жалпылама мәнде болғандықтан, бұл сипаттағы
шақтың ғылыми контексте колдану мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
-Уда (студенттер білім алуда) қосымшаның көркем әдебиет, сөйлеу
стилінде жұмсалу мүмкіндігі тым төмен, өйткені бұл тұлғаның да
білдіретін "шақтық" мағынасы жалпылама, дерексіз сипатта.
Ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта "ұғым"
түрінде болуы ғылыми стильдің басайырым белгісі болса, сөздің
деректі сипат алып, сөз образға көшуі көркем әдебиет стилінің басты
айырым белгісі. Бұл жағынан бір стиль екінші бір стильге қарама-
қарсы сипатта болады.
Сөздің, басқа да тілдік амал-тәсілдердің деректі сипатқа ие
болуы сөйлеу тіліне де тән қасиет. Бұл жағынан сөйлеу тілі көркем
әдебиет стиліне қарама-қарсы сипатта болмайды. Өйткені сөйлеу тілі
92
контексіне енген тілдік амал-тәсілдер де деректі сипатта жұмсалып
отырады. "Кітабың қызық екен" дегенде сөйлеуші қайдағы бір
абстракті кітап жайында айтып тұрған жоқ. Әңгіме сөйлеуші мен
тындаушы жақтың көз алдындағы кітап па, я болмаса бірінен бір
алып оқыған кітап па, әйтеуір қалай да болмасын, сөз нақтылы кітап
туралы екендігін байқаймыз. Бірақ сөйлеу стилінде (бәлкім, басқа
стильдерде де) сөз дерексіз сипатта мүлде қолданылмайды деуге
болмайды. Сөзді жалпылық мәнде қолдану сөйлеу стилінде де
кездеседі, бірақ сөзді дерексіздендірудің сөйлеу тіліне тән арнаулы
тәсілдері бар. Мысалы, кітап дегенің рухани қазына ғой, үйеңкі дегенің
өсімтал келеді; бала дегенің бақыт емес пе, Терезенің алдына бір қайың
ексем деп едім, Көзіңе түссе бір үйеңкі кесіп ала кел. Бұл жерде бір деген
сөздерді сөйлеу стилінде сөзді дерексіздендіріп, жалпылама ұғымдық
мәнде жұмсалуына әсер етіп тұр.
Публицистикалық стильдің де өзге стильден басты айырым
белгісі болады. Публицистика тілі өрнегіне енген сөз, тілдік амал-
тәсілдер бағалауыштық сипатта болады.
Әдеби тілдің өзге салаларына қарағанда газет-журнал тілінде
жағымды реңдегі сөздер (ұстаз, диқан, еңбеккер, ғарыш, шамшырақ
түлектер еңбек ардагері, азаткер т.б.) сондай-ақ жағымсыз
реңдегі(басқыншылар, итаршы, қанқұмар, қаскөй т.б.) сөздер аса жиі
қолданылалы. Газет тілінің бұлай болуы себебі түсінікті де, өйткені
газет үні ерекше. Ол қоғамдық өмірдегі озық дәстүрлерді, игілікті
істерді жай ғана жазып қоймайды, аскақ үнмен дәріптей отырып
жұртшылық жүрегіне жеткізе айтады. Келеңсіз жайларды жай атап
өтіп қана қоймайды, аяусыз сынап, өлтіре түйрейді. Жұртшылыққа
бұлай әсер ету үшін газет тілі әдеби тілдегі жағымды, жағымсыз
реңдердегі сөздермен фразеологизмдерді молынан пайдалана
отырып, өзі де бейтарап сөзге тыңнан рең дарытады.
Газет тілі үшін бағалауыш сөздер (жағымды, жағымсыз реңдегі
сөздер) ауадай қажет. Сұхбат тәрізді кейбір сөздер қазіргі кездің
өзінде-ақ бейтарап реңнен жағымды реңге көшіп келе жатқандығын
байқау қиын емес. Сұхбаттасу – "әңгімелесу" деген мағынаны
білдіреді. Бірақ сұхбаттасты дегенді жай ғана тілдесу деп ұқпаймыз.
Келелі мәселе көтеріп, терең пікір қозғаған, тартымды да әсерлі
әңгімені сұхбат деп түсінеміз. Қоғам қайраткерлері, еңбек
ардагерлері, өнер майталмандарымен болған әңгімеге қазір
газеттеріміз сұхбат деп айдар тағып жүруі де бұл сөздің жағымды
рең алып келе жатқандығының көрінісі.
93
|