Сәлем-сауқат дегендегі "сәлем" сөзі былай да түсінікті, ал сауқат
қандай мағынаны білдіреді? Бұл сұраудың жауабын өзге сөз орамдарымен
салыстыру арқылы іздеуге де болады.
Қазақ тілінде "аңшыдан сыралғы, батырдан сауға" деген тұрақты
сөз тіркесі бар. Тұрақты сөз орамының неге бұлай айтылатындығын
байқау үшін алдымен өзге тілдің берер байырғы дерегіне назар аударып
көрейік. Монғолдардың ХVII ғасырдағы шежіресінде
54
мынадай баяндау
бар. Добу мерген, монғол шежіресі бойынша Шыңғыс ханның түп
аталарының бірі, орман кезіп, аң іздеп келе жатып, үш жасар бұғыны атып
алып, сүбесін отқа қақтап отырған бір кісіге кездеседі. Добуға береді.
Міне, аңшыдан сыралғы сұрау байырғы монғолдарда да бар
екендігін байқаймыз. Моңғол ескерткішін зерттеушілердің айтуынша
широлға (сыралғы) сөзі широ "шанышқыға түйреліп, отқа қақталған ет"
дегенді білдіреді ("Алтын тобчи". Түсініктемесін жазған - Н.П.Щастина).
Монғол зерттешісі М. Гаадамбаның пікірінше, "мақал-мәтел үлгісіндегі
бұл сөз орамының із-сорабы сонау рулық қоғамда жатыр".
Шындығында, тапқан олжасын ортаға салу – рулық қауымның
бұлжымас заңы. Оны бұзғандарлы қауым өз ортасында аластайды. Ал
феодалдық қоғамда ауланған аңның белгілі бір бөлігі сыралғы ретінде хан
мен нояндарға тиісті болған. Міне, аңшыдан сыралғы деген сөз орамында
әлеуметтік астар жатқаңдығы байқалады.
Ертедегі батырлар да, аңшылар тәрізді, олжасын рулас
қауымдастарымен бөлісіп, сауға беріп отырған. Бұл дәстүр кейде олжа
салу деп те аталады. Оны ертедегі батырлық жыр нұсқаларынан
кездестіреміз.
"Қобыланды елге барғанда,
Қаланы өзім алдым дер,
Олжаны өзім салдым дер.
Босқа келіп, бос қайтты,
Қыпшақтың мың сан нөкері дер".
Феодалдық-рулық қоғамда олжаның бар бөлегі - сауға алдымен хан
мен бөктерге тиесілі болған. Сәлем-сауқат ретінде хан қазынасына түсіп
отырған. Ал сауға созінің сауқат болып өзгеріске ұшырауы қазақ ру,
тайпаларының монғолдармен аралас-кұралас отыруына байланысты.
54Лубсан Даңзан. Алтан тобчи. М.,1973, 307-б.
40
Әсіресе, VІІ-XIII ғасырлар аралығында көптеген түркі сөздеріне=
т (бұл-монғол тілінде көптік мағынаны біліретін қосымша) жалғана
бастады: керей-керейіт (керейлер), телеу-телуіт (телеутер), алып
(батыр) - алпауыт (батырлар).
Құрбы-құрдас. Бұл қос сөздің, былайша карағанда, екі сыңары
да түсінікті. Жас шамасы қарайлас адамдарды кұрбы-құрдас деп
айтатындығы белгілі. Бастапқыда қос сөздің өзгеше мәнде
жұмсалғандығы байқалды. Әйгілі ғалым М.Қашқари (XI ғасыр)
сөздігінде кұр сөзі "дәреже". "лауазым"
55
дегенді білдіреді делінген.
Осындай дерекке қарағанда құрдас деп әуелде жасы қарайлас
адамдарды емес, дәреже, лауазымы қатар кісілерді атаса керек.
Ал құр сөзінің байырғы тілде "лауазым", "дәреже", мағынасын
білдіруінің өзіндік себебі бар. М. Қашқаридің "Диванында" құр сөзі
"белбеу" дегенді де білдіреді. Қазіргі тіліміздегі құрсау, құрсақ осы
кұр сөзімен төркіндес екендігі еш күмән тудырмайды. Көне тілде құр
сөзінің бірде лауазымды, бірде бұйым атауын (белбеу) білдіруі,
әрине, кездейсоқ, бір-біріне байланыссыз нәрсе емес. Олай
дейтініміз: белбеу (құр) белге буынатын бұйым болумен бірге ертеде
лауазым, дәрежені көрсететін белгі де болған. Орда, сарай
төңірегіндегілер өзінің лауазымына қарай асыл тас орнатып, күміс
кұйып, алтын жалатқан әшекей, зері әр түрлі белбеу (кұр) таққан.
Лауазым, дәреже, немесе тектілікті белбеу (құр) арқылы ғана емес,
өзге де заттар арқылы білдіру салтының болғандығын байырғы
мұралардан кездестіріп отырамыз. Туыстас қырғыз халқының ұлы
эпосы "Манаста" ("Көкетайдың ертегісі". Ш.Уалиханов жазып алған
бөлігі. Қазақшаланған академик Ә.Марғұлан.1973 ж.)
Көзотаға пиғынып, Көріне төре боламын. Алтай толған көп
қалмақ, Араласа қонамын, - деген жолдар бар. Мұндағы көзотайға- "бас
киімге қадайтын меруерт бұршағы" (Ә.Марғұлан). Көзотаға жай ғана
әшекей сәндік бұйым емес. Ол – ақсүйектікті, төре тегін білдіретін
ерекше белгі. Осыған ұқсас жайды қазақтың көркем жырларынын
бірі – "Арқалық батырдан" да ұшыратамыз:
Бір жерге кеп тұрып ем, үйме-жүйме,
Сары жарғақ, сары шалбар алтын түйме,
Бір жалғыз қара ала атты тұра салды.
Зәңгі екен қызыл тасты тұтқан күйде .
Зәңгілер
(монғолша – дзанги, "лауазымы кіші
чиновник")дәрежесіне қарай ақ, сары, қызыл тас тағып жүреді.
Сонымен, кұрдас сөзі бастапқыда жас шамасы қарайлас адамдар
жөнінде емес, лауазым, дәрежеге байланысты қолданылған.
55Древнетюркский словарь. Л.,1969, 467-б.
41
Халқымыздың асыл мұрасы "Қобыланды батыр" эпосынан кұрдас
сөзінің ерекше қолданысын кездестіреміз:
Жая менен жал кұрдас, Шекер менен бал кұрдас. Көбіктінің көп
жылқы, Олжа қоспай ал, кұрдас.
Қазіргі тілдің межесі тұрғысынан қараған адамға жая мен жал,
шекер мен бал кұрдас деу қиынсыз көрінуі ықтимал. Шындығында,
кұрдас сөзінің байырғы кезде дәрежелес, лауазымдас, қатар, тең,
деген орайда жұмсалатындығын еске алсақ, жая да, жал да қонақ
құрметтеуде орны бірдей аса сыйлы тағам, дегенді аңғартатыны
байқалып тұрады. Мұндайда байырғы мұраның жыр жолдарына
қазіргі тілдің межесімен қарамай, өткендегі жай-күйінен хабардар
болып оқудың айрықша әсері бар.
Бет-әлпі деген қос сөздің екінші сыңарына назар аударсақ, бұл
сөздің әлпі түзу,әлпі жақсы, әлпі тәуір тәрізді тізбектерде де
кездесетінін байқаймыз. Мұндағы әліп сөздері бұрынғы қазақ
алфавитіндегі бірінші әріп - "а"-ның - атауы.Әлпі түзу, әлпі жаман
деген сөз орамы бастапқыда әліптің таяқша түріндегі кескінін,
бейнесін таңбалауға байланысты айтылып, кейіннен бейнелі өң
алған.Әлпі түзу - "бағыт-бағдары, беталысы түзу, дұрыс" дегенді
білдірсе, бет-әлпі – тәуір - бет бейнесі, "суреті" тәуір –өңі жақсы
дегенді аңғартады. Осы фразаның ауызекі тілде әрпі тәуір түрінде
қолданылып жүргендігі де байқалады.
Тілімізде бір діңнен өрбіп, мәуелі бұтақтай тармақталып жатқан
осындай сөз тізбектері көркем әдебиет тілінде жиі қолданылады.
Қос сөз сыңарлары мен тұрақты сөз тізбектерінде көненің
сарқытындай сақталып қалған "құпия" сөздер көп-ақ. Әрине,
олардың байырғы мағыналары ұмыт болды, атқарған қызметін,
арқалаған жүгін уақыт керуені түп-түгел бізге жеткізе алған жоқ.
Көне сөздерге арнайы барлау жасап, "көзін" ашып отырсақ, сонау бір
кездегі болмыстан сыр аңғарып қана қоймай, бүгінгі тіл
қолданысымызда "бұл қалай-ау?" дейтін сұраудың кейбіріне жауап та
табар едік.
Күндегісін күнде қолданып жүрген сөздің алуан қыры мен сыры
бар. Оны кейде байқасақ та, кейде байқай бермейміз. Бір ақын өз
өлеңінде сөзді кітапхана сөресінде тұрған кітаптарға теңеген екен.
Кейбір сөздер қаз-қатар тізілген кітаптардай көз алдында тұрады, қол
созып сөреден ала бересің, керегінде пайдаланасың. Ал кей сөздер
кітапхананың алтын қорында жатқан қымбат қазынадай. Оны колыңа
шырақ алып, жертөлеге түсіп іздеуің керек. Халықтың өткендегі
өмірі, ерлік дәстүрі мен елдігі, қайғы мен қуанышы, өлең-жыры,
ұғым-түсінігін сол кітаптардан табасыз. Тілдегі сөздер де бір-бір
кітап. Тек оны оқи білу керек. Сөз – кітапты кім қалай оқиды?
Басқасын айтпағанда сөз мағынасы туралы бәріміздің түсінігіміз бір
42
жерден шығып жата ма? Тіл туралы кам жеп, жақсы ниетпен
жазылған мақалаларда сөз мағынасы, сөз тағдыры жайындағы әр
кімнің түсінігі мен жорамалы әр басқа болып та жатады. "Мына
сөздің байырғы кездегі мағынасы былай еді, қазір неге басқаша
кабылдаймыз? Бұл сөз бөтен тілден енгенде өзгеше еді, енді
танымастай болып барады" – деп, сөздегі жаңару мен жаңғыруды
жақсы нышанға жорымайтынымыз да бар. Сондай мақалалардың
бірінде жазира сөзінің мағынасына түсінбей қолданып жүргеніміз-
сөз болады. Автордың сондағы дәлелі мына тәрізді. Бұл сөз араб
тілінен енген, төркін тілінде білдіретін мағынасы – "шөл",
"арал"
56
.Сондықтан масатыдай құлпырып тұрған жерді жазыра деп
атау дұрыс емес т.б. Осындай пікірге қарағанда жазира сөзін
жаңылыс мағынада қолданып жүрген тәріздіміз. Кезінде бұл пікірге
кейбіріміз кұлақ асып, құлай жығылдық, кейбіріміз дүдәмал күйде
қалдық. Шындығында, жазира араб тілінен енген сөз, мағынасы –
"шөл", "арал". Онда неге жазира сөзін үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын гүл, жасыл сөздерімен тіркестіріп гүл жазира, жасыл
жазира деп атаймыз? Бұлай қолдану мүлдем теріс емес пе? Өзге
жұрттан коныс аударған бұл сөз қазақ топырағына алғаш түскен сәтте
"шөл", "арал" мағынасында қолданылған екен.
Жазираны гүлстан ету үшін,
Төбені ойға аударып тастаған ер.
(Халық ақындарынан. Мысал Н.Оңдасыновтың аталған
кітабынша көрсетілген). Бұдан жазира сөзінің "шөл" деген мағынада
жұмсалғандығын байқаймыз. Енді бұл сөздің "арал" мағынасында
қолданылғанына мысал келтірейік:
Жолықты бір жазира және тағы,
Кең арал, мұхит теңіз екі жағы.
Ғажайып зифа харам бір жазира
Адамның бастарындай жеміс бағы.
(Ғашықтық жырлардан.)
Сөзге көне сипат беріп, стилизациялал жұмсауды көздеген
ақын, жазушыларда болмаса, бүгінгі тіл қолданысымызда жазира
"шөл", "арал" мағынасында жұмсалмайды.
Бұлай болуы заңды де, өйткені, алғашқыда қазақтың арал, шөл
тәрізді төл тума сөзімен бәсекеге түскен жазира басы артық
қолданысқа айнала бастады.
Өзінің өзгеру, даму барысында тіл небір басы артық
қолданыстан арылып, өзін-өзі "реттеп" отырады. Бірақ балластан
арылудың жолы әр түрлі. Басы артық кейбір сөз, элементтер
56
Оңдасынов Н. Арабша-казакша түсіндірме сөздік. Алматы,1969, 48-б.
43
қолданыс үйірінен мүлдем шығып қалады, кейбірі, керісінше,
бәсекелесімен тайталас жұмсала келіп, өзгеше мағынаға ие болады.
Олай болса жазира сөзінің мағынасы калайша өзгеріп, полярлық
қарама-қарсы ұғымға ие болды?
Мұндай өзгерістің болуы кездейсоқ қисыныз емес, оныңөз
заңдылығы бар. Жазира "шөл" деген бір бүтін ұғымның ғана емес,
сол бүтінге кіретін бөлшектің атауы. Бұл жерде бүтіннің бөлшегі деп
отырғанымыз шөл мен шөлейт далаларда кездесетін – оазис (жасыл
алқап). Қазақ тілінде бастапкыда бүтіннің атау болған сөз бөлшектің
атауына көшкен. Бөлшектің бүтіннің атауымен атала беретінін өзге
де мысалдардан байқауға болады. Мысалы, үкі-құс, үкі-тақия мен
домбыраға әшекей үшін тағатын қауырсынның атауы.
Сонымен жазира сөзі бүтіннің бөлшегін (оазисті) білдіретін
атауға көшті. Кең байтақ қазақ даласы ұлы теңіз тәрізді көрінсе,
оның әсем көрінісі Көкше, Қарқаралы тәрізді оазистері ардаға ұқсас
еді. Осындай оазистер жазира, гүл жазира, жасыл жазира делініп
ерекше реңмен аталып жетса, еш жаттығы жоқ. Оны жаман нышанға
жоруға болмайды. Кейбір тілдерде, мысалы монғол тілінде арал сөзі
"түбек", "остров", әрі "оазис" мағынасын білдіреді.
57
Ертедегі түркілерде де арал сөзі 1) "остров", 2) "оазис" деген екі
түрлі мағынаны білдірген болуы керек. Арал теңізі деген
географиялық атаудың жасалуына осы сөздің екінші мағынасы
("оазис") негіз болуы ықтимал. Шөл мұхитының арасынан бұл теңіз
аралдай (оазистей) болып көрінсе керек. Бұл – (сөзді) ұқсату
заңдылығы бойынша аталуы. Сөздің кейде бүтіннің бөлшегін
білдіретін мағынада жұсалуы немесе ұқсату арқылы өзгеріп отыруы
тіл-тілде болатын заңды құбылыс. Одан бейхабар жанға мұндай
өзгерістер білместіктен кеткен ағат қолданыстай болып көрінеді.
Егер осындай қисынды өзгерістерді мойындамасақ, қазіргі
қолданылып жүрген шебер сөзінің мағынасынан да бас тартқан болар
едік. Қазіргі тілімізде «он қолынан өнер тамған адамды» шебер деп
атасақ, әуелі баста ол "сұлу" деген мағынаны анғартқан. Монғол
тілінде цэвэр – "әсем", "әлемі", "таза", "сұлу" дегенді білдіреді.
Тілдегі құбылыс із-тозсыз кетпейді.Бұл сөздің "сұлу", "әсем" деген
көне мағынасы эпос тілінде сақталған:
Көктем мезгіл болғанда,
Көктен құйған тамшыдай.
Шебер қыздың қолында,
Балдағы алтын қамшыдай
("Қобыланды").
57Монғолша-ағылшынша сөздік. Лос-Анджелес, 1960, 48-б.
44
Тіл мәдениеті, сөз шеберлігі жайында сөз қозғамақ болған
мақалалардың тағы бірінен дұрыс қолданысты бұрысқа шығарған
мынадай "түзетуді" де оқыр едік:
"Ақын Ысырайыл Сапарбаевтың "Орман сыры" атты өлеңі
біздіңше жаман жазылмаған сияқты... Бірақ бір қарын майды бір
құмалақ шірітетіндей, осында орынсыз алынған бір сөз ырықты
бұзып-ақ тұр.
...Өтті ол күндер, қалды артымда ойласақ, Ал қазіргі тіршілігім -
қан-базар, – дегізеді автор орманға. Бейбітшілік уақытындағы
орманның қазіргі тіршілігі қан-базар дегені не деген сөз? Біздің
ормандарымыз қазір түгіл, соғыс кезінің өзінде қан-базар болып
көрген жоқ. Жауға қарсы күресіне партизандарға тірек болған сол
ормандар емес пе еді? Егер қазіргі күндегі ондағы аңдар мен
кұстарды жаппай қырып-жойып жатсақ (қан жоса етсек) ғана осылай
деп сөз саптауға болар еді. Тіпті де олай емес қой. Сонда бұл
қайдағы "қан-базар". Міне, бір сөзді орнына дұрыс қолданбаудың .
жалпы тәуір жазылған өлеңге қаншалықты зардап тигізіп тұрғанын
байқау қиын емес (мұның дұрысы - "хан-базар"...).
58
Сонымен,
автордың айтуынша, "қан базар" деген сөз тек "қырып-жоюға"
байланысты айтылса дұрыс та, өзге орайда хан-базар болуға тиіс.
Бірақ осылай "үйреткенмен", қан-базарды ешкім "қырып-жою"
деп түсінбейді.
Тілімізде негізі мағынасын сақтаған, бірақ тұрақты сөз
тіркестерінің құрамында айтылғанда өзгеше қызметке көшкен сөздер
де бар. Қара сөзінің жеке алғандағы мағынасы түр-түсті
білдіретіндігі белгілі, ал кейбір сөздермен тіркес құрай келгенде бұл
сөз мүлде өзгеше мәнге көшеді. Қара шаңырақ, қара орман, қара жол.
Бұндай тіркестерде қара сөзі ұлы , үлкен" тәрізді ұғымды анғартады.
Қызыл сөзі де осы тәрізді, тұрақты тіркестерде өзгеше мәндс
жұмсалады: қызыл май болу – "әбден болдыру", "шаршау" (ат туралы):
қызыл аяқ – "жалаңаш-жалпы", қызыл қарын – "жасбала" мағынасын
білдіреді. Осылайша өзгеше мағынада жұмсалатын сындық ұғымдағы
сөздер тіл білімінде ахроматизмдер деп аталады.
Заттық ұғымды білдіретін кейбір сөздер де тұрақты тіркес
құрамында айтылғанда өзгеше мәнге көшеді. Сондай сөздердің бірі -
қан: қан сонар - "нағыз сонар": қан саске - "ұлы сәске" (нағыз сәске),
"түске таяу шақ";
59
қан сорна - "қызылмай болу"; қан қаза-"ауыр қаза,
үлкен қаза"; қан қазына-"зор, үлкен қазына" (М.Әуезов); қан базар -
58Қарағұлов М. Сейлем-сөзден // Жұлдыз, 1983, N 3, 152-б.
59Кеңесбаев I.Казақ тілінің фразеолоиялық сөздігі, 317-б
45
"қайнаған базар". Осы соңғы тіркес ақын жазушы, өзге де қалам
иелерінің сөз қолданысында "у-иіу", "қызық-думан: деген мағыналық
реңде де жұмсалады. "Абай да бұрынғы жылдар осы Қолқайнардан,
сонау Байқошқар өзеніне жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды
қызығы бітпес қан базардың көшкеніндей көретін" (М.Әуезов). Мұндай
қолданыстардағы қан базар тіркесін хан-базар түрінде "дұрысталып"
кажеті шамалы. Тілімізде қан базарға ұқсас тіркестің бірі – қан
жайлау. Кейбіреулер бұл тіркестің мағынасын дәл түсінбей "үлкен
жайлау" деп ұғады. Шындығында, малшы тұрмысында қан жайлау
мезгілдік ұғымға байланысты айтылады. Өйткені, жайлаудың
алғашқы кезеңі, басталар шағы бар. Бұл кез өз көрінісімен әсем.
Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алды жайлауға келіп, қоныс
төбе бастайды. Жайлау отының сонысына тіс тимей, кұрағының
қаймағы бұзылмай тұрады. Бұдан кейінгі кез – қан жайлау. Бұл шақта
жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп болып, бас-аяғы түгел
жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кәде, ат жарыс, өнер жарыс т.б.
қызықтардың өткізілетін шағы да осы сондықтан да жайлаудың нағыз
қызып қайнаған дер кезі қанжайлау дей аталса керек. Ел салтына
байланысты айтылатын мұндай сөздер М.Әуезовтей ұлы суреткердің
қаламынан ғана беріс қалмаған. "Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл
сағаттағы қаракеті қалың топыр, қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем
емес" ("Абай жолы") Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған,
жапырылмаған сонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған, баирдың
тарқар сәтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол – сары жайлау. Жайлаудың
мерзімге байланысты атаулары ғана емес, қеңістікке қатысты аттары да
бар: ой жайлау немесе етек, бөктер жайлау, төр жайлау; кер жайлау.
Осылардың ішінде кер жайлауды "кең жайлау" деп түсінетіндер де бар.
Бұл түсінік дәл емес. Кер жайлау, ғалым Тоқтар Арыновтың айтуынша, –
"ең алыс", "ең биік" жайлау. Мұндай жайлауда у-шу аз болады. Мал оңаша
бағылып, қоңды күтіледі. Кей жерлерде кер сөзімен аталатын жеке
биіктердің, шыңдардың атаулары кер сөзінің "биік" деген ұғымды
білдіруіне байланысты қойылуы ықтимал.
Мәселен, Кертау - Орталық Қазақстандағы биік, Кер – Жоңғар
тауындағы шың. Кей жерлерде кер сөзімен аталатын жеке биіктердің,
шыңдардың атаулары кер сөзінің "биік" деген ұғымды білдіруіне
байланысты қойылуы ықтимал. Мәселен, Кертау – Орталық
Қазақстандағы биік, Кер – Жоңғар тауындағы шың.
Осындай ерен біткен Жүрек тауын,
Жағалай біткен жасыл алма бауын.
Күн сайын жылы леппен жауып тұрад,
Кербез шың - Кер бұлтынан сепкен жауын.
(Сара Тастанбекқызы).
46
Сөз мағынасының өзгеруі, қызметінде жаңа бір қырдың пайда
болуы, өзгеше реңкте көшуі тілдің өз заңдылықтары бойынша өрбіп
отырады. Соларға сұйенбей, оларды елеп-ескермей "дұрыс" не "бұрыс" деп
кесім айтып, әркім өз қиялынша топшылау жасап жатса, көлеңкеге қарап
пішкен тондай келіссіз болып шығуы да мүмкін. Сөздің де сөз болғанмен,
сарасы бар. Тұрақты сөз орамдарының табиғаты мен заңдылығын,
мағынасы мен мазмұнын дәл сезініп, дәлелмен, дұрыс айтылған сөздің
орны басқа.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ НОРМА ЖӘНЕ ОДАН МАҚСАТТЬІ
АУЬІТҚУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жазушы каламы фразеологизмдерді жалпытілдік қолданыстағыдай
өзгертпестен жұмсауы да, белгілі бір мақсатқа орай құрылым-құрылысын,
мағынасын жаңғырта қолдануы да мүмкін. Біздің байқауымызша,
жаңғыртудың өзі екі түрлі болуы ықтимал. Біріншісі – жалпытілдік
қолданысқа тән түрлендірулер де, екіншісі тек жазушы қаламына тән
түрлендірулер, фразеологизмаердің көркем тіл кестесіндегі қолданысын
сөз етпес бұрын осы екі құбылыстың басын ашып алу қажет.
Жалпытілдік қолданысқа тән түрлендіруге эллипсис немесе
фразеологизмдердің белгілі бір сыңарларын түсіріп қолдану, ықшамдау
тәрізді квантативті өзгертулер жатады. Мысалы: сайда саны жоқ, кұмда ізі
жоқ – сайда саны, құмда ізі жоқ; әзілде кек жоқ,өсекте шек жоқ - әзілде
кек, өсекте шек жоқ; малына кұрық сілтеді, басына сырық сілтеді -
малына құрық, басына сырық сілтеді. Бұлайша ықшамдап қолдану қос
орамды фразеологизмдерде, онда да олардың салаласа байланысқан
түрлерінде жиі кездеседі. Кейде қос орамды фразеологизмдердің
қайталанып келетін сыңарларының екеуі бірдей редукцияланады: жау
үлкені елдің жауы болар, дау үлкені жердің дауы болар - жау үлкені - елдің
жауы, дау үлкені - жердің дауы. Қос орамның кейде тұтас бір орамы
редукцияланады: ай дер ажа жоқ, қой дер қожа жоқ - ай дер ажа жоқ.
Алайда қос орамды фразеологизмдердің қайталама сыңарларын, бірыңғай
тұлғада тұрғанымен, түсіріп қолдану фразеологизмдердің нормасына сай
келе бермейді: Тамыр болдың - айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ;
Бағы жоқ басқа жаудыраған көз бітеді, дауасы жоқ ауызға саудыраған
сөз бітеді (М.Әуезов). Эллипсиске ұшырап, етек жеңі әбден—
ықшамдалып, тас түйін күнде болуы фразеологизм табиғатына тән
заңдылық. Сондықтан кейбір фразеологизмдердің бастапқы лексикалық
кұрылымы "ұмыт" болып, бізге тек ықшамдалған күйде жеткен. Мысалы,
ер елінде, жекен суында, шеңгел өз жерінде дегендер қазіргі кезде толық
құрамда (ер елінде көктейді, жекен суында көктейді; шеңгел өз жерінде
дүркірейді, ақын өз елінде дүркірейді) емес, ықшамдалған күйде
жұмсалады. Сөйтіп, кейбір фразеологимдердің ықшамдалған нұсқасы сөз
47
(речь) қолданыстан тілдік бірлікке(единицаға) көшкен. Мұндай
ыкшамдалудың нәтижесінде фразеологизмнің кейде ішкі формасы
көмескілене бастайды.
Тіл жұмсау дағдысында тұрақты сөз тіркестерінің кейбір
сыңары толық қалпында да, немесе, ыкшамдалған жинақы түрде де
қолданыла береді. Мысалы: "Жайлауыңды жау алды, қыстауыңды өрт
алды, – деген сұмдық осы да! - деп, құр күрсінгеннен басқа Сүйіндік түк
айта алмады"("Абай жолы"). Бұл фраза "Жайлауынды жау, қыстауынды
өрт алды..."
түрінде де ықшамдалып айтылады. Алайда
фразеологизмдерді тұлғалық жақтан бұлай жинақы тұрле ықшамдау
үшін тұрақты тіркес сыңарларының бірі қайталанып отыруы шарт.
Ал М.Әуезов шығармаларынан ықшамдаудың үйреншікті тәсілінен
өзгеше түрін ұшыратуға болады. Мұндағы ерекшелік:
қайталанбайтын сыңар түсіріліп, ықшамдалады. Мысалы: Оның үстіне
ұрыны, кашқынды сүйедің ден, үстінен кұс, астынан ит жүгіртіп, момын
елді неғылса да, Бақтыгұлға жау қылатын болды ("Қараш-Қараш
оқиғасы"). Бұл мысалдағы фразаеологизм әдетте "үстінен құс
ұшырып, астынан ит жүгіртіп" түрінде, толық күйде айтылатыны
белгілі. Жазушы екінші орамдағы қайталанбайтын сыңарды (ұшыр-
етістігін) түсіріп, тұрақты сөз тұрпатын ықшамдаудың әдеттен тыс
жаңаша түрін жасайды.Тағы бір мысал: "Оның рас-ау, бірақ
Алшынбайдың жазғы жайлауы ары шалқын, ұзан кетеді. Бару, келудің
жолы алыстап, мойны қашықтаған соң, жүріс ауыр болады" ("Абай
жолы"). Дағды қолданысты жер мойны қашық, алыс, шалғай... түрінде
айтылса, бұл құрылымда тұрақты сөз сыңарының өзі өзгеріске
түскен. Осылайша жазушы бір алуан тұрақты сөз тіркестерін әр
қырынан құбылтып, шеберлікпен түрлендіре түскен ықшамдауды
ұтымды пайдаланған. Сөйтіп, дағдылы кұбылысты дамыта түсуі –
жазушы шеберлігінің, тіл зергерлігінің бір қыры.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамын жаймалап қолдану –
эллипсиске қарама-қарсы құбылыс. Фразеологизмдердің лексикалық
құрамына енбейтін, бірақ жалпытілдік қолданыста олармен ілесе
айтылып жүретін сөздер болады. Міне, осындай серіктес сөздерді
сөйлеуші кейде сөз арасына қыстырып отырады да, фразеологизмнің
тілдегі қалыптасқан құрылымын кеңейтіп, етек-жеңін жаймалап
жұмсайды. Мысалы:үш салар текемет - үш салар үлкен текемет, ат
шантырым жер - ат шаптырым алыс жер, сөзге келмеді - екі сөзге
келмеді, бір ауыз сөзге келмеді, тіл қатпады - бір ауыз тіл қатпады,
төбесі көкке жетпеді - төбесі көкке аз-ақ (екі елі, сәл) жетпеді т.б.
Фразеологизмдердің лексикалык құрамын жаймалап
қолданудағы ерекше бір тәсіл - екі бөлек фразеологизмдердің кейбір
сыңарларын, әсіресе қайталанатындарын, түсіру арқылы бір бүтін
етіп жұмсау. Мысалы, сөйлеу дағдысында шыбын жан, қу жан тәрізді
48
фразеологиялық түйдек кейбір фразеологиялық орамдармен
сыйыстырыла жұмсалып, фразеологиялық бір бүтінге айнала
бастайды. Мысалы: Ей Қыдырбай, жылаған мен жаны күйген бүгін кеп
тұрған. Біз қу жанды шүберекке түйіп кеп тұрмыз, білдің бе? Сен де
шараңнан аса берме (М.Әуезов."Түнгі сарын").
Жалпытілдік қолданыста бар мұндай сыйыстыру
фразеологизмдердің экспрессиялық ренкін бұрынғыдан да күшейте түседі.
жаны шыққанша
жанын шүберекке түйді
жаны көзіне көрінді
шыбын ------ жанын қоярға жер таппады
қу ----------------------
жаны күйзелді
жаны мұрнының
ұшына тақалды
жан(ы) аман болса
жаны қалмады
Жалпытілдік қолданыста фразеологизмнің контоминацияланған
нұсқасының лексикалық құрамы серіктес сөздермен тіркесу арқылы
да одан әрі жаймалана түсуі ықтимал: бір қу жанды қоярға жер
таппай жүргенде; бір ғана шыбын жаның аман болса.
Екі бөлек фразеологизмдерді( қужан - жанды шүберекке түю)
сыйыстыра қолданудың нәтижесінде пайда болған нұсқа (қу жанды
шүберекке түю) тілдік единица статусына ие болған фразеологизм
вариантына жата ма, әлде сөз қолданыстағы вариацияға жата ма? Бұл
қазақ лексикографиясында әлі толық шешімін таппаған деуге болады.
Осымен байланысты кейбір фразеологиялық единицалардың
шекарасын айқындау кейде қиындай түседі. Мысалы, жоғарыда
көрсетілген фразеологизмдердің "Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігінде" (1977) жанын шүберекке түйді деген нұсқалары берілген
де, бұл фразеологизмдердің қу мен келетін нұсқасы-ау жанын
шүберекке түйді берілмеген. Бұл типтес фразеологизмдердің он
томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде" де берілуі бірізді емес.
Достарыңызбен бөлісу: |