№1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы



Pdf көрінісі
бет36/38
Дата17.01.2017
өлшемі14,19 Mb.
#2082
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

 
Summary 
Using  the  methods  of  absorption  spectroscopy  the  creation  mechanisms  of 

3
X
-centers  in  KCl 
crystals at the association of interstitial halogen atoms (H-centers) in the field of cation-homologs of minor 

 
215
radius  (Li,  Na)  and  cation  vacancies  (in 



с
Sr

  dipoles)  are  studied.  On  the  basis  of  experimental  and 
calculation  data  it  was  registered  that 
 



i
i
aca
Cl
Li
Cl
3
  and 





i
c
aca
Cl
Sr
Cl
0
3
-  centers in  KCl-Li  and KCl-Sr  crystals 
(Н-centers)  in  the  dipole  field 


c
ic
Li

  and 



с
Sr

,  accordingly,  and 
 



i
i
aca
Cl
Na
Cl
3
  -  centers  in KCl-Na  crystals 
are  created  at  the  association  of  the  interstitial  halogen  atoms  (Н-centers)  in  the  field  of 


i
c
Na
...

 
preliminary created in the lattice at the decay of the self-trapped anion excitons. 
 
 
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІНЕ ЖЕЛБӨГЕТ-ЖЕЛҚУМА  ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ӘСЕРІ 
 
А.Н.Жаулина, Атырау мұнай және газ институтының қоршаған ортаны 
қорғау кафедрасының доценті 
 
            Теңіз деңгейінің ұзақ уақыт көтерілуі желқума желдің (дүлей дауыл) әсерінен солтүстік Каспий 
жағалауларында ерекше күшейеді.  
       
Бұл жерде күшті жел өте жиі (жылдың үш бөлігінде) байқалады. Олар желдің жылдамдығына, 
бағытына, ұзақтығына байланысты түрлі биіктік пен ұзындықтағы желқуманы еске салады.  
           Солтүстік  Каспидегі  желқума  құбылыстарды  түрлі  ғалымдар  зерттеген.  (Robertson,  1973; 
Canevary, 1971; Затучная, 1975; Freegard, 1971; Nelson-Smith, 1972; Brunnock, 1968; Smith, 1968). Олар 
Солтүстік Каспийде қауіпті желқума және желбөгет күзгі-қысқы және көктемгі мезгілде айына 1-2 рет 
байқалуы  мүмкіндігін  анықтады.  Солтүстік  Шығыс  Каспийде  желқуманың  таралуына  мұз  кедергі 
келтіреді, қыста олар болмайды.  
          Каспий  теңізі  солтүстік  жағалауының  батыс  бөлігінің  шығыс  бағытына  қарай  үнемі  жел 
соғуының әсерінен үлкен желқума пайда болады (Каспийск маңынан Волга атырауынан батысқа қарай 
4,5  м.  шейін).  Теңіз  деңгейінің  2  метрден  жоғары  көтерілуі  теңіздің  солтүстік-шығыс  жағалауында 
(Жилой  Косы  ауданында)  тіркелген.  Орташа  биіктік  пен  жағаның  еңістігіне  байланысты  мұндай 
желқумалар  кезінде  құрғақшылықтың  үлкен  көлемін  су  басады.
 
Жағалаудағы  күшті  желқума  кезінде
 
судың тұрақты кемерінен 20-30 км дейін, кейде 50 км-ге дейін су басуы мүмкін. Желқуманың әсері көп 
мөлшерде  балықтардың,  бентостың,  өсімдіктердің  жойылуына  душар  етеді.  Шығыс  жағалаудағы 
желқума  солтүстік-батыстан  және  оңтүстік-батыстан,  Жайық  өзенінің  теңізге  жуық  оңтүстік-батыс 
және солтүстік-солтістік-батыс маңайында жел тудырады. КазНИГМИ (1992 ж.) мәлметі бойынша 1940-
1991  жылдар  аралығында  «Пешной»  гидрометеорологиялық  станциясында  (ГМС)  Жайық  өзенінің 
теңізге  жуық  маңайынан  биіктігі  0,4  м  345  желқума  белгіленді.  Жиілігі  жылына  2-3-тен  15  жағдай 
кездескен. Бұл жерде 0,7 м-ден биікігірек желқума жыл сайын дерлік байқалады.  
        
«Пешной»  ГМС-ында  1  м-ден жоғары  желқума  1941  ж.  (104  см),  1946 ж.  (184  және  105  см), 
1958 ж. (135 см), 1965 ж. (116 см), 1967 ж. (109 см), 1969 ж. (129 см), 1970 ж. (124 см), 1971 ж. (108 
см), 1975 ж. (109 см), 1978 ж. (110 см), 1980 ж. (102 см), 1985 ж. (125 см), 1987 ж. (111 см), 1990 ж. 
(145 см), 1991 ж. (173 см), 1992 ж. (175 см), 1993 ж. (170 см), 1994 ж. (169 см), 1995 ж. (174 см), 1996 
ж. (178 см), 1997 ж. (172 см), 1998 ж. (176 см), 1999 ж. (171 см), 2000 ж. (180 см) белгіленген. Күшті 
желқума бұл жерде 1946 жылы наурыз-сәуір айларында 184 см және 1991 жылдың желтоқсан айында 
173  см  байқалды.  Ол  жерде  желқума  көбіне  шілде  және  желтоқсанда,  күштірегі  сәуір-мамыр 
айларында болады. 1989-1991 жылдары ірі желқумалар шығыс жағалауда байқалды.  
          Кәдімгі желқуманың жылдық орта көлемі Теңіз кенішінің жағалау бөлігінде 0,9 метрді құрайды. 
Күшті  (24  және  одан  да  көбірек  м/с)  және  ұзаққа  созылған  (2-4  тәулік)  батыс  және  оңтүстік-батыс 
желдері бұл жерде өте биік (1,2-2,3 м) желқумалар байқалды (Грештанский, 1971). Тұрақты жел Теңіз 
кеніші жағалауында 10 және одан да көбірек м/с жылдамдықта жылына 25 рет байқалды.  
 
1991  жылы  Теңіз  МӨЗ  ауданы  жағалауында  биіктігі  1,51  м  (маусым),  1,8  м  (мамыр),  2,14  м 
(желтоқсан) желқума байқалды. 1991 жылдың желтоқсан айында соңғы 45 жылдағы ең күшті 26,05 м 
БС (теңіз деңгейі 1991 жылы тамыз айында 26,92 м болды) белгіге дейін құрғаққа теңіз суы жайылды.  
           Солтүстік Каспийдің шығыс жағалауының басқа жерлерінде желқуманың биіктігі 158-246 см, ал 
желбөгеттің биіктігі 2,5-3,0 м (Герштанский, 1991) құрады. Күшті жағалау желдері теңіз деңгейінің 1,5 
м  дейін  төмендеуіне  (1952  жылы  2,5-3  м  дейін  төмендегені  белгіленді)  әкеліп  соғады.  Бұл  судың 
тұрақты  кемерінен  10-15  км  арақашықтыққа  дейінгі  аймақты  құрғатады.  Теңіз  деңгейінің  тербелісі 
тереңірек жерінде желқума мен желбөгетке байланысты (1,3 м қайраң аймағында және 0,8 м Жайық 
атызында)  ерекше  төмен.  Желқума-желбөгет  құбылысының  орташа  ұзақтығы  5  күннің  шамасын 
құрайды. 
 
        
Солтүстік Каспийдің шығыс аудандарында желқума шілде, қазан айларында, қысылтаяң сәуір-
мамыр айларында кездеседі. Осы бағытта желқуманың әсерінен су деңгейі шығыс жағалауда 2 м-ден 

 
216
де көбірек көтерілуі көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда су басу аймағы 24,5 м белгіден төмен аумақты 
қамтиды. 
                               
 Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  М.Д. Диаров «Экология и нефтегазовый комплекс» .Атырау.1999. 
2.  Бурлибаева М.Ж. «Дельта реки Урал и прилегающее побережье Каспийского моря» Атырау. 1996. 
 
Резюме  
             В  статье  освящается  проблемы  влияние  сгонно-нагонных  явлении  на  биоразнобразие 
Каспийского моря. 
 
 
 
ӘОК 517.926 
 
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУДІҢ КЕЙБІР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ 
ШЕШУДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ 
 
С.Г.Каракенова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 6N0601 -«Математика» 
мамандығының магистранты 
 
 
Қазіргі  кезде  әртүрлі  білім  аймақтарын  математикаландыру  күтпеген  жағдай  және  үлкен 
жаңалық емес. ХХІ-ші ғасырда халық шаруашылығының кәсіпорындарының қандай түрінде болмасын, 
оның  экономикасын  тиімді  басқаруда,  математикалық  әдістер  мен  компьютерді  кеңінен  қолдану 
қажеттілігі әркімге белгілі.  
Қазіргі  жалпы  нарықтық  экономикалық  ғылым  математиканы  кеңінен  қолдануымен 
сипатталынып,  математикалық  әдістер  барлық  экономикалық  ілімдердің,  оның  ішінде  экономикалық 
теорияның  ең  негізгі  бөлімі  болып  есептеліне  бастады.  Жан  жақты  терең  жасалған  экономикалық 
талдаулармен  бірге  оны  қолдану,  экономикалық  ғылымда  және  өндірістік  тәжірибеде  жаңа 
мүмкіндіктер ашты.  
Математиканың  экономикада  және  басқа  ғылымдарда  кеңінен  қолданылуы  осы  ілімнің  өзіне 
тән  ерекшелігі  болып  табылады.  Егер  оның  осы  ерекшелігін  түбегейлі  экономикалық  талдаумен 
біріктіре  отырып  пайдаланылса,  онда  өндірістік  жұмыстарды  тиімді  ұйымдастыруда  және  басқаруда, 
яғни  әр  істен  ұтымды  табыс  табу  жолдарында  математикалық  әдістерді  қолдану  бүгінгі  күндегі  ең 
қажетті істің бірі. Сонымен, экономика математикалық әдістерді қолдану өте құнды.  
Ерте заманғы Греция, Шығыс және Орта Азия математиктерінің (Евклид, Аристотель, Пифагор, 
Омар  Хайям  және  т.б.)  еңбектері  математиканың  әр  алуан  салаларының  ең  бірінші  даму  бұлағы. 
Көптеген  есептердің  экстремалдық  (ең  шеткі)  шешімін  табу  керек  болуына  байланысты 
дифференциалдық есептеулердің ерекшеліктері арқылы математиканың жаңа бағыты математикалық 
талдау  ілімі  пайда  болды.  Осы  мезгілден  бастап,  дүниежүзілік  қоғамда  тиімді  шешімін  қарастыратын 
әртүрлі оптималдау талаптары қойылған есептер құрыла бастады.  
Экстремалдық есептерде – бір мақсатқа ең пайдалы, ең аз шығынды, ең көп табысты аз еңбек 
пен  ең  жеңіл  орындалынатын,  ең  өнімді  және  т.б.  сол  сияқты  шешімдер  қарастырылады.  Мұндай 
есептер  математикалық  талдау  бағытының  бірі  және  оллардың  ұтымды  шешімін  іздеумен  арнайы 
математикалық ғылым айналысты. Сөйтіп, арнайы тәсіл мен әдісті табу керек болды.  
Ақпараттық технологияның күшті дамуына байланысты математиканың экономикалық ғылымға 
енуі  үдейе  түсті.  Дегенмен,  экономикалық-математикалық  зерттеулердің  де  көмегімен  жақсы 
нәтижелерге жетіп жүрдік. Экономикалық процесс экономикалық ғылымның ерекшелігі математикалық 
модельдеудің потенциалдық мүмкіндігін азайтады. Математика көп уақытқа дейін негізінен физика мен 
техникаға байланысты дамыды. Экономика – жаңа дамып келе жатқан жас ғылым болғандықтан, оған 
математикалық  әдістерді  қолданып  модель  құру  қиындыққа  әкеліп  соқтырды.  Экономикада 
қолданылатын  математикалық  модельдер  әртүрлі  белгілері  арқылы  дифференциалданады.  Шешім 
табу сайманы немесе тағы басқалары сияқты математикалық әдістерді пайдаланып, модельдің негізгі 
ерекшеліктерін өзгерту.  
Теориялық-аналитикалық  модельдер  –  экономиканың  жалпы  қасиеті  мен  сипаттау 
заңдылықтарын тәжірибеден бұрын жасалған аксиомалар. 
Қолданбалы  модельдер  ең  алдымен  эконометриялық  модельдер  зерттеу  және  эмперикалық 
мәліметтерді оқу негізінде нақты экономикалық объектіні функционалдау үшін керек.  
Экономикалық процестерді модельдеуді тексеру түрлері бар.  

 
217
Макроэкономикалық  модельдер  –  экономикалық  күрделі  материалдық  және  финанстық 
көрсеткіш арасын байланыстырып, бір бүтін түрде жазады.  
Микроэкономикалық  модельдеу  процесінің  жоғарғы  дәрежелі  тексерісі  –  экономиканы 
құрылымды  және  функционалды  құраушылардың  әрекетін,  не  болмаса  құраушының  нарықтық 
ортадағы әрекетін жазады.  
Экономикалық  аймақтағы  адамның  іс-әрекеті  –  бұл  «пайдалылығымен»  анықталған  іс-әрекет 
нәтижесін  өлшеу  үшін  керекті  мақсатты  әрекет.  Математикада  пайдалылық  дәл  және  қатал  түрде 
анықталған. Математикалық модельдер тек осы аталғандармен шектеліп қалмайды. 
Өсімнің неоклассикалық моделі біріккен тұйық экономикадағы экономикалық өсуді сипаттайды. 
Біріккен  экономика  t  уақытта  бір  біртекті  өнімнің  өндіріліп  шыққанын  білдіреді.  Шыққан  өнімді  Y(t) 
арқылы белгілейік. Осы кезде өндіріске екі біртекті қорғаушы күштер қатысады. Олар еңбек L(t) және 
капитал K(t) (t үздіксіз өзгереді). Яғни тұйықтылықта өнім басқа елден әкелінбейді немесе басқа елге 
шығарылмайды.  C(t)  арқылы  t  уақыттағы  тұтынуды,  ал  I(t)  t  уақытында  түскен  ақшаны  белгілесек, 
келесі кіріс пен шығыстың теңдігін аламыз:  
Y(t)=C(t)+I(t) (1) 
Өрнек  өнімнің  (жалпы  ұлттық  өнім)  тек  қана  тұтыну  мен  инвестицияға  кететінін  көрсетеді. 
Инвестициялар  өз  кезегінде  қолма-қол  капиталдың  өсуіне,  тозған  капиталдың  орнын  ауыстыруға 
кетеді.  Амортизация  µ  арқылыбелгіленіп,  t  уақыт  аралығында  µК(t)  амортизациялық  қаржымен 
алмастыру керек. Жалпы инвестициялар үшін келесі тепе-теңдік орындалады: 
I(t)=K´(t)+K(t) (2) 
Сөйтіп  бөлінген  таза  қаражат  инвестицияның  тозған  капиталдың  орын  баспайтын  бөлігін  құрайды. 
Өнімнің  өлшемі  қаржы  мен  еңбектің  көлеміне  тәуелді  өндірістің  техникалық  тиімділігін  сипаттайтын 
біріккен өндірістік функцияны анықтайды:  
Y(t)=F(K,L) (3) 
Өндірістік функция уақытқа байланысты инвариантты және екі рет дифференциалданады.  
 
0
,
0
,
0
,
0
2
2
2
2












L
F
L
F
K
F
K
F
 (4) 
0
)
,
(
lim
,
)
,
(
lim
0
)
,
(
lim
,
)
,
(
lim
0
0
0
0


















L
L
K
F
L
L
K
F
K
L
K
F
K
L
K
F
K
K
K
K
 (5) 
(5) көріп тұрғандай 2 шектік өнім де бастапқы да үлкен шамалар қабылдайды да, артынан біртіндеп 
нольге дейін кемиді. Кез келген оң α саны үшін F(αK,αL)=αF(K,L)= αY.  
Егер де 
L
1


 алсақ, 














L
K
f
L
K
F
L
Y
1
,
 (6) бұл функция бір жұмысшының қаржысының 
мөлшеріне  тәуелді  бір  жұмысшыға  арналған  өнімді  анықтайды.  Осы  шамаларды  жазба  әріптермен 
белгілей отырып, (6) теңдеуді 
)
(k
f

түрінде жазуға болады. 
)
(t
y
- бір жұмысшыға п шығарылған 
өнім, ал 
 
t
k
- бір жұмысшы капиталының шамасы 
 
 
 
 
 
 
t
L
t
K
t
k
t
L
t
Y
t
y


,
 . (4) және (5) болжамдарға 
сәйкес 
 
 
 
 
0
,
0
2
2






dk
k
f
d
k
f
dk
k
df
k
f
барлық 
0

k
,  
 
 
0
lim
,
lim
0








k
f
k
f
k
k
 (7) 
Сонымен,  бір  жұмысшыға  арналған  өндірістік  функция  қатал  иілген  еңкіш  жанамалы  бір 
қалыпты  өспелі  функция, 
0

k
шексіздікке  тең  және 


k
  нольге  тең  болады.  Аталған  модельді 
бір жұмысшыға арнап, есептеп қолдануға болады.  
)
(t
c
 - бір адамның тұтынуы, ал 
)
(t
i
- бір адамға түсетін күрделі қаржы, 
t
 уақытына сәйкес  
)
(
)
(
)
(
,
)
(
)
(
)
(
t
L
t
I
t
i
t
L
t
C
t
c



(1) кіріс пен шығыстың теңдігін мына түрде жазайық: 
 
   
t
i
t
c
t
y


 (8). 
(2) жалпы инвестиция үшДін 
)
(
)
(
)
(
)
(
t
k
t
L
t
K
t
i



теңдігі орынды болады.  

 
218
Жұмысшылар 
қаржысының 
жылдамдығының 
өзгеру 
шамасын 
келесі 
теңдігі 
L
L
k
L
K
L
L
L
K
L
K
L
K
dt
d
k

















.  Ал  жалпы  инвестиция  үшін 
k
L
L
k
t
i












)
(
  (9). 
Жұмысшылар  саны 
n
көрсеткішінде  экспоненциалды  түрде  өседі  (өсу  қарқыны): 
n
L
L


.  Сондықтан 


k
k
k
n
k
t
i









)
(
.  Мұндағы 

-  капиталдың  амортизациясының  саны  және  жұмысшы 
санының өсу қарқыны: 
n




 (10). Алға қарай 

тұрақты шама деп аталады.  
Жоғарыда  келтірілген  үш  негізгі  теңдеулер  –  (8)  шығыс  пен  кіріс  теңдеуі,  (9)  жалпы 
инвестицияның  теңдеуі  және  (10)  өндірістік  функция  теңдеулері  экономикалық  өсімнің 
неоклассикалық  (біртекті)  моделінің  негізгі  дифференциалдық теңдеуін 


)
(
)
(
)
(
)
(
t
k
t
k
t
c
t
k
f





 
құра аламыз. Бұл теңдеу бір жұмысшыға келетін өнімге байланысты үш қосылғышқа бөлінеді: 
1) бір жұмысшыға тұтынуы; 
2) жұмысшының қаражатын бұрынғы деңгейде ұстау 
k


3) жұмысшы қаржысының таза өсімі 
k

Осы  сияқты  жарнаманың  тиімділігі,  тиімділік  және  сұрныс  функциясы,  сұраныс  пен  ұсыныс 
функцияларын  және  тағы  да  басқа  экономикалық  процесстерді  дифференциалдық  теңдеуді 
пайдаланып, математикалық моделін құра отырып шешуге болады. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.  Н.Н.Моисеев  Простейшие  математические  модели  экономического  прогназирования.  М.:  Знание, 
1975.-65с. 
2.  Мутанов  Г.М.,  Куликова  В.П.  Матиматическое  моделирование  экономических  процессов. 
А.:Экономика, 1999-356с. 
3.  Интриллигатор  М.  Математические  методы  оптимизации  и  экономическая  теория  /  Пер.  с  англ. 
Г.И.Жуковой, Ф.Я.Кельмана. – М.: Айрис-пресс, 2002.-576с. 
4.  Сүлейменов  Ж.  Дифференциалдық  теңдеулер  курсы:  жай  дифференциалдық  теңдеулер  және 
олардың системалары. –А.:Рауан 1999.-360с.  
5.  Степанов  В.В.  Курс  дифференциальных  уравнений.  –  М.:  Государственное  издательство  технико-
теоретической литературы, 1953.-468с.  
 
Резюме 
 
В рассматриваемой статьи написано о применении дифференциальных уравнении в некоторых 
экономических задач. А также говориться об односекторной модели экономикого процесса, и дана его 
дифференциальная модель.  
Summary  
In this arcticles application diffential the equation in some simple economic problems is stated. And 
also their mathematical models. 
УДК: 504. 53 
 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ 
 
А.Қ. Тоқабасова, Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, б.ғ.к. 
І.І.Қабиев, «Биология» мамандығының 2 курс магистранты. 
 
 
Каспий  маңы  ойпатының  топырақ  жамылғысының  құрылымы  өзінің  түзілу  факторлары  мен 
құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді. Бүкіл қазақ жеріндегідей топырақ 
түрлерінің таралуы табиғаттың нақты заңдылықтарына негізделгені жақсы байқалады, негізінен мұнда 
топырақ  таралуының  ендік  зоналығы  басым  қалыптасқан,  яғни  топырақтың  бір  түрінің  қабаты  ендік 
бағытқа  қарай  созыла,  шашыла  түзіледі  де,  теңізге  жақындаған  сайын  келесі  түрмен  жиі  және 
әлденеше  рет  ауысып  отырады.  Облыс  жері  негізінен  шөлейт  зона  құрамына  кіреді  және  мұнда 
шалғынды  аллювийлі  қуаң  топырақ  (Жайықтың  екі  жағындағы  кең  жайылымдарында  ғана  тараған, 
құнарлы қабаты 70 см-ге дейін, негізі – аллювий шөгінділері), батпақты-тұзды саз топырақ (ойпаттың 
теңіз  жағалауына  ұласатын  бөлігі,  гумусқа  тапшы,  шикі  шымтезек  аралас  келеді,  аса  кепкен 
жерлерінде  бэр  төбешіктері  қалыптасқан),  автоморфты  қоңыр  немесе  сұр  топырақ  (Жайықтың  екі 
жағында да, әсіресе сол жағында Тайсойғанға дейінгі өңірді, Ойыл өзенінің сағалық бөлігін қамтиды, 
біршама  құнарлы  келеді,  гипс  пен  тұз  қабаттарының  үстінде  түзілген,  облыс  жерінің  20  пайызынан 
астамын  алады)  тараған  және  ойдым-ойдым  тақырлар  (гумусқа  кедей,  сұр,  қоңыр  саз  топырақты 

 
219
ойыстыра  қалыптасады,  көбіне  облыстың  Каспий  маңы  ойпатының  шығыс  жағын  қамтитын  өңірінде 
басым  келеді),  сорлар  (  әсіресе,  Жайықтың  сол  жағында,  Сағыз  және  Жем  өзендерінің  сағаларында 
басым)  кездеседі.  Облысымыздың  осы  сипаттағы  жер  қоры,  топырақ  жамылғысы,  негізінен  ауыл 
шаруашылығы,  оның  ішінде  мал  шаруашылығына  және  азғантай  көлемде  егістік  алқаптарға 
пайдаланылады.  Сондықтан  жалпы  ауыл  шаруашылығына  жарамды  7909,2  мың  га  жердің  7567,5 
мыңы  –  жайылым,  298,9  мыңы  шабындық  болып  табылады.  Осыған  байланысты  біз  төменде  облыс 
территориясында басым таралған топырақ жамылғыларының түрлеріне тоқталып өтпекпіз. 
 
Облысымыздың топырағын биоклиматтың аймақтылық заңдылығына сәйкесті екі зонаға бөлуге 
болады: шөлді-далалық және шөл. Атырау облысының негізгі зоналық топырақтары: ашық каштанды, 
қоңыр  және  қоңыр-  сұр  топырақ  болып  табылады.  Бұл  топырақ  түрлері  Каспий  маңы  және  Арал-
Каспий провинциясының (провинция – топырағының қасиеті біркелкі жер бөлігі) субаэральді белдеуіне 
жатады (Иванова, Летунов және т.б., 1962). 
 
Шөлді-далалы  биоклиматтық  зона  облыс  жерінің  солтүстік-шығыс  бөлігіндегі  Қызылқоға 
ауданының  азғантай  территориясын  (солтүстікке  қарай  48º  15׳  с.е.)  және  Ойыл  өзенінің  төменгі 
жағына  дейін,  ішінара  сағыз-ойыл  өзендерінің  су  жинайтын  алаптарына  еніп  жатыр.  Бұл  зонаның 
негізгі өсімдік жүйесі бетегелі-жусанды, зоналық топырағы ашық каштанды топырақ болып саналады. 
Ашық каштанды топырақ каштанды топырақтың түр-тармағы болып есептелгендіктен, мұнда негізінен, 
бұл  топырақ түрінің  механикалық  құрамы  жеңіл  бірқалыпты  және  сортаңдау түрлері таралған.  Ойыл 
өзенінің  аласарған,  төменгі  жағындағы  тік  беткейлерінде  және  тегістелген  сатылы  жерлерінде 
шалғынды-каштанды, шалғынды-батпақты және сортаң топырақтар түзілген. 
 
Шөлді  биоклиматтық  зона  екі  зона  тармағына  бөлінеді.  Солтүстіктегі  шөлді  зонаның  тармағы 
облыс  жерінің  бүкіл  солтүстік  бөлігінен  Үстірт  қыратының  шетіне  дейін  (45º  с.е.)  және 
Маңғышылақтың  тегіс  жазықтарына  қарай  созылып  жатыр  (43º40  с.е.).  Өсімдік  жамылғыларынан 
сораң және жусанды-сораң өсімдік топтары құрайды. Негізгі топырағы – шөлдің қоңыр топырағы. 
 
Солтүстік  шөл  зонасы  тармағының  топырақ  және  өсімдік  жамылғыларының  бірқатар 
ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  мұнда  негізінен  топырақ  жамылғысы  комплексті  болып  келеді,  яғни, 
өсімдіктердің және микрорельефтің өзгеруіне байланысты заңды немесе жеке түрде ауысып отыратын 
интрозоналдық топырақ  түрлері  құрайды  (интрозоналдық топырақ –  бір топырақ  зонасының ішіндегі 
өзгеше  жағдайда  болған  топырақ  түрі).  Мұның  негізгі  себебі  облыс  жерінің  геологиялық  қалыптасу 
жасының ерте болуында, жер дамуының төрттік кезең деп аталатын теңіз астынан босау процесінен 
бірте-бірте шығуында жатыр. Осыдан кейін тармақтанып, сала-сала болып аққан өзен жүйесі құралып, 
ол  жалпы  Сырт  және  Орал  асты  қыратына  дейін  жетіп,  тартылған  теңіздің  орнында  лайланған  өзен 
аңғарлары  пайда  болған.  Кейін  территорияның  құрғап  және  өзеннің  жоғалуына  байланысты 
гидроморфты  (гидроморфты-топырақ  түрлерінің  бір  тобы  немесе  батпақты-сорлы  топырақтар  тобы) 
және  сортаң  топырақ  түрлерінің  сортаңдануы  басталды.  Алайда  топырақ  пайда  болуының  жалпы 
сипаты  әлі  де  өзгеріс  үстінде.  Мысалы,  литологиялық  құрамы  жағынан  біртексіз  теңіз  шөгінділерінің 
тұздануы қазіргі уақытқа дейін қалыптасу үстінде немесе байқалуда. Әсіресе, Хвалын және Хвалыннен 
кейінгі  теңіз  трансгрессияларынан  соң  үздіксіз  топырақ  түзуші  жыныстар  болып  құнарлылығы  төмен 
аллювиальды,  көлдік-лиманды  және  т.б.  топырақ  түзілу  процестері  жатады.  Бұдан  кейінгі 
микрорельфтің дамуы барысында (жер бетінің ойлы-қырлы формасы) және өсімдік жамылғысының әр 
түрлі  биіктігіне  байланысты  топырақ  жамылғысының  комплексті  түрде  дамуына  қолайлы  жағдай 
тудырды [1]. 
 
Осылайша  солтүстік  шөл  зонасының  негізгі  топырақ  компоненті  болып  әр  түрлі  сортаңдар 
(солонцы),  сорлар  (солончак),  шалғынды-қоңыр,  шалғынды-лиманды  және  әр  түрлі  дәрежедегі 
сортаңды,  сортаңдалған  топырақтар  жүйесі  құрайды.  Сонымен қатар  үлкен  көлемді  аймақтарда  ерте 
құрғап  қалған  көлдердің  және  арналардың  орнында  қалған  сор  топырақтары  және  өзеннің,  көлдің, 
теңіздің  шөгінді  қабаттары  –  құм  топырақтар  да  басым.  Бұл  топырақ  жамылғыларында  өсетін 
өсімдіктердің  негізгі  доминант  түрлері  әр  түрлі  ксерофиттер  (құрғақшылыққа  төзімді  өсімдіктер), 
галофиттер (сортаң жердің өсімдіктері), гидро-галофиттер құрайды [2]. 
 
Оңтүстік  шөл  зонасының  зона  тармағы  алдыңғы  бөлікке  -  солтүстікке  қарағанда  кіре 
орналасқан.  Оның  құрамына  Үстірт  қыраты  және  Маңғышылақ  жазықтығы  кіреді,  өте  құрғақ,  сусыз 
аймақты алып жатыр. Өсімдік жамылғысынан жусанды-сораң, сораң өсімдіктері қоңыр-сұр топырақта 
жақсы  өсіп  дамыған.  Топырағы  карбонатты,  бойында  гипс  көп  жинақталған,  төменгі  қабаттарын 
тұтастай  эллювиальдық  топырақ  құрайды  (эллювиальды-тау  жыныстарының  бұзылу,  кемірілу 
салдарынан пайда болған және сол жерге жинақталған топырақ) [1]. 
 
Мұнда  сондай-ақ  шөл  зонаның  тақыр,  сортаң,  шалғынды  қоңыр,  құм  топырақтары  кең 
таралған.  Солтүстіктің шөл  және шөлейтті  зонасына  қарағанда  бұл  зонаның топырақ  комплексі  әлсіз 
байқалады,  мұның  негізгі  себебі  грунт  суларынының  тереңде  орналасуы,  ылғалдылықтың  нашар 
сіңірілуі (топырақтың жоғарғы қабатында), біртекті топырақ құраушы жыныстардың таралуы және т.б. 

 
220
 
Жоғарыда айтылған территорияның ең жас топырақ түріне аллювийлі-шалғынды топырақ типі 
жатады.  Бұл  топырақ  типі  теңіз  және  өзен  салындыларынан,  үйінділерінен  түзілген,  өзен  суының 
жайылмасында және теңіз маңындағы алқаптарда кеңінен таралған. Грунт сулары жүйесінің төмендеп, 
сумен  шайылуы  тоқтағаннан  кейін  бұл  топырақ  түрлері  шалғынды,  шалғынды-каштанды,  шалғынды-
қоңыр  және  зоналық  автоморфты  топырақ  түрлерімен  (каштанды,  қоңыр)  ауысады.Бұл  топырақ 
жамылғысының барлығы дерлік шөлді-далалық зонаға жатады [1]. 
Облыстың  шөл  зонасының  топырақ  түрлері  қарашірігінің  аздығымен,  қарашірік  қабатынының 
жұқалығымен,  күлдік  эленменттердің  төменгі  мөлшерде  болуы  және  сіңіру  сыйымдылығының  өте  аз 
болуымен  сипатталады.  Бұл  топырақтың  ерекшеліктері  топырақ  пайда  болуының  биоклиматтық 
жағдайда  күрделі  өтуінде  (жауын-шашынның  аз  мөлшерде  таралуы, жаздағы  жоғарғы  және  қыстағы 
төменгі температура, т.б.). Бұл өз кезегінде топырақтағы өсімдік жамылғысының ксерофитті жартылай 
бұталы, сор өсімдік түрлерінің және азғантай аумақта астық тұқымдас, шөптесін өсімдіктер түрлерінің 
дамуына  ықпал  етті.  Мұнда  топырақты  мекен  етуші  организмдердің  белсенді  іс-әрекеті  көктем  және 
жаз  айларының  бас  кезінде  басталады.  Себебі  бұл  уақытта  топырақтың  ылғалдануы  жүреді  және 
органикалық  заттардың  қарапайым  минералдық  қосылыстарға  дейін  ыдырауы  қарқынды  жүреді.  Ал 
бұл уақыттан сәл кейін жүрсе топырақтағы биохимиялық процестердің қарқыны төмендейді, биогендік 
заттардың  элементтері  ыдырамай,  бірігіп  қалады.  Нәтижесінде  топырақта  органикалық  заттардың 
көлемді мөлшері жинақталмайды [3]. 
 
Топырақ  тұздануының  негізгі  көзі  –  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  топырақ  құраушы 
жыныстарды  тұзданғандығында.  Әсіресе  теңіз  шөгінділерінің  жер  дамуының  төрттік  кезеңінде 
жиналған  қалдықтарының,  тұз  күмбездерінінің  және  қатты  минералданған  грунт  суларынан  тұз 
жинақтауында  жатыр. Тұздардың  биогендік  аккумуляциялануы,  сондай-ақ,  теңіз  акваториясынан  ауа 
ағыны арқылы келген тұздардың таралуы да маңызды роль атқарады (импульвиризация). 
 
Көптеген  ғалымдардың  зерттеулері  көрсеткендей,  (Ковда,  1956;  Базилевич,  1962;  Перелман, 
1966;  Калашина,  1966),  шөл  және  шөлді-  даланың  ксеро-галофиттік  өсімдіктері  өзінің  жер  үсті 
органдарында  және  тамырларында  натрий,  хлор,  күкірт,  кальций,  калий  және  фосфор  элементтерін 
жинақтауымен ерекшеленеді. Топырақ жамылғысын су шаюы және заттардың биологиялық айналысқа 
түсуінен  бұл  элементтер  топыраққа  жыл  сайын  қосылып  жоғары  мөлшерде  суда  еритін  тұздардың 
массасын ұстап тұрады. Әсіресе, натрий хлориді және сульфаты көп мөлшерде жинақталады[1]. 
 
Облысымыздың  территориясы  тұздану  дәрежесі  бойынша  үш  провинцияға  бөлінеді  (Ковда, 
1946): 
1.  Хлоридті тұз жинау провинциясы. Топырақта хлорид мөлшері  
сульфаттан  жоғары  болады,  мұнда  негізінен  хлорлы  натрий,  хлорлы  магний  жинақталған  (теңіз 
маңында). Бұл провинцияға Каспий маңы ойпатынының барлық территориясы енеді. 
2.  Хлоридті-сульфатты тұз жинау провинциясы. Топырақта  
күкіртқышқылды тұздар хлорлы тұздарға қарағанда едәуір басымдық көрсетеді. Топырақтың тұздануы 
хлорлы  тұз  жинау  провинциясымен  салыстырып  қарағанда  аз  деңгейде.  Провинцияға  Орал  үсті 
қыраты, таулы Маңғышылақтың тау аралығындағы алқаптары жатады. 
3.  Сульфатты, гипсті тұз жинау провинциясы. Топырақта кальций сульфаты басым. Бұған Үстірт 
қыраты және Маңғышылақтың жазықтық жерлері кіреді. 
Топырақ  номенклатурасы  мен  жүйелері.  Топырақты  классификациялаудың  негізгі  әдісі  және  ең 
жоғарғы таксономиялық бірлігі – топырақтың генетикалық типі болып саналады. Топырақ типі – СССР 
Ғылым  Академиясының  (1958),  топырақ  номенклатурасы,  жүйесі  және  классификациясымен 
айналысатын  ведомствоаралық  комиссиясының  анықтағанындай  топырақ  типі  –  «біртипті 
биологиялық,  климаттық  және  гидрологиялық  жағдайлардың  байланысуымен  және  топырақ  түзілу 
процесінің анық көрінуімен сипатталады». 
 
Атырау  облысы  топырағының  негізгі  генетикалық  типтері:  каштанды,  шалғынды-каштанды, 
шөлдік  қоңыр,  тақырлар,  сорлар,  сортаңдар,  шалғынды  топырақ,  аллювийлі-шалғынды,  шалғынды-
батпақты, батпақты. 
 
Облыс  территориясының  зоналық  топырағынан  келесідей  туыстас  топырақ  түрлері  бөлінді: 
бірқалыпты, сортаңдау, эродирленген топырақ (желге ұшқан немесе суға шайылған топырақ) және аз 
дамыған топырақ түрлері. 
 
Бірқалыпты  топырақтар  түрі  автоморфты  жағдайда  қалыптасады  және  қарашіріндісі  мол 
қабатында сортаңдану, күлгіндену, тұздану белгілері байқалмайды. 
 
Сортаңды топырақтар гумус горизонтының тығыздығымен ерекшеленеді, мұнда алмасу натрийі 
5  пайызға  дейін  болады.  Эродирленген  топырақ  бірқалыпты  топырақпен  салыстырғанда  шайылуға 
немесе дефляцияға ұшыраған. 
 
Аз  дамыған  топырақтар  (құмдақтар,  әктер,  бор)  табиғи  факторлардың  әсеріне  ұшырап,  үгілу 
нәтижесінде  пайда  болған.  Ұсақ  топырақтың  қуаттылығы  40  см-ден  аспайды,  топырақтың  пішінінде 
және жоғарғы беткейлерінде шиыршық тас және шеміршек (хрущак) жиі кездеседі. 

 
221
 
Интрозональды  (гидроморфты  және  жартылай  гидроморфты)  топырақтар  ішінен  кәдімгі, 
күлгінденген, сортаңданған, шайылған, сорлау және сор топырақтар бөлінеді. 
 
Топырақты  түрлерге  бөлу  ондағы  қарашіріктің  мөлшеріне,  оның  топырақ  құрамында  бар-
жоқтығына,  гумус  қабатының  қалыңдығына,  тотығу  деңгейіне,  сортаңдалуына  және  тұздануына 
байланысты жүргізіледі. Топырақтың әртүрлілігі оның механикалық құрамына және топырақ құраушы 
жынысқа  байланысты  бөлінеді.  Біздің  облыс  аумағында  механикалық  құрамы  бойынша  келесідей 
топырақ  түрлері  таралған:  сазды,  ауыр  сазды,  орташа  сазды,  құмдақ,  құм,  қиыршық  тасты  және 
қатпарлы немесе қабат-қабат топырақтар[1]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет