Қазақ бiлiм академиясының баяндамалары 1-2/2016 Журнал 2008 жылдан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата17.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#2083
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ӘОЖ 821.512.122 
 
Ш.МҦРТАЗАНЫҢ «АЙ МЕН АЙША» РОМАН-
ДИЛОГИЯСЫНДА БЕЙНЕЛЕНГЕН ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ 
 
А.Б. ЖҦМАҒҦЛОВ  
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
Е.А.Бҿкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті  
А.К. ХҦСАНОВА  
магистрант 
 Е.А.Бҿкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті  
 
Аннотация 
Мақалада  ХХ  ғасырдың  отызыншы,  қырқыншы  жылдардағы 
тоталитаризм  мен  шовинизм  қазған  ордың  жар  қабағында  тұрған 
қазақ  ауылы,  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  миллиондаған  адам 
ҿмірін  құрбандыққа  қиған  саясаты ұлт  санасына  ізін  салып  кеткені, 
қуғын-сүргін  салдарынан  ұлттың  рухы  тұншықтырылғаны,  отбасы 
бірлігіне қарсы бағытталған саясаттың астарында үлкен мҽн жатқаны 
қарастырылады.  
«Ай  мен  Айша»  –  ҿмірбаяндық  романның  жаңа  үлгісін  таныта 
келе,  адамның  қалыптасу  мен  қоғамның  дамуын  сабақтастыра 
суреттеуді  алға  тартады.  Мұндағы  адам  тағдыры  сұрқай  заман 
шындығын, адам жан-дүниесін кҿркемдік тұрғыдан зерттей отырып,  
кейіпкер  мінезін  ашу  арқылы  оның  адам  ретіндегі  болмысы  жан-
жақты талданады. 
Түйін  сӛздер:  қуғын-сүргін  жылдары,  тоталитарлық  жүйе, 
сталиндік  диктатура,  ұлттық  құндылық,  дҽуір  шындығы,  «халық 
жуы», асыра сілтеу, қазақ ҽйелі.  
 
 
Ш.  Мұртаза  ұлттық  ҽдебиетімізде  ҿзіндік  орны  бар  кҿрнекті 
қаламгер.  Ҽдебиетіміздің  барлық  жанрында  қалам  тербеген 
жазушының  тҽуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  жазылып,  оқырман 
назарына  ұсынылған  «Ай  мен  Айша»  роман-эссесі  жанрлық 
тұрғыдан мемуарлық шығармалар қатарына жатқызылады. 
Роман  қазақ  ауылының  ХХ  ғасырдың  отызыншы,  қырқыншы 
жылдардағы ауыр жағдайы, ҽлсіз үміт жетегінде жүріп, тоталитаризм 
мен  шовинизм  қазған  ордың  жар  қабағында  тұрса  да,  құлап  кетпей 
алысқанын  суреттейді.  Ҽлі  ат  жалын  тартып  үлгермеген  жас  бала 
қыл  кҿпір  үстінде  жүргендей  күй  кешеді,  ҽлі  келсін  келмесін 
жамандықтың жағасына жармасады, алысады, жұлысады, беріспеуге 
тырысады.  Роман  новелла  секілді    шағын-шағын  ҽңгімелер 

283 
 
жүйесінен  тұрады.  Бас  аяғы  жинақы  ҽңгімесінде  бас  кейіпкер 
Барсхан бастан кешкен, кҿрген-білгенін суреттейді. 
Шығармада  оқиғалар  желісі  шағын  тақырыптарға  бҿлініп 
баяндалады. Бұл оқиғалардың барлығы жинақтала келіп тұтастай бір 
заманның бейнесін танытады. Роман «Сен қайдан келдің?  – дегенде 
бір  данышпан:  –  мен  балалық  елінен  келдім,  –  деген  екен»  –  деген 
сҿздермен  басталады.  Жазушы  романның  «Жолашарында»  «бала 
күнінде»  кҿргенін,  естігенін»  ортаға  салғысы  келгенін  айтады.  Ал, 
шығарманы  бастан  аяқ  оқып  шыққан  кезде,  бұл  шығарманың 
идеялық-эстетикалық мҽн-мағынасы ҽлдеқайда кең де терең екеніне 
кҿз  жеткізесің.  Сол  балалық  еліне  сапар  шегіп,  қасіреті    мен 
қақтығысы  кҿп  кезеңге  тап  келген  балалық  шағын  сҿз  етеді.  Ҽкесі 
Мұртазаны  «халық  жауы»  деген  жаламен  ұстап  ҽкеткенде  Барсхан 
бес жаста ғана еді. Міне, сол кезден бастап үлкен ҿмірмен бетпе-бет 
келу,  басқа  түскен  қиындықтар,  жетімектерін  жетелеп,  жарының 
қайғысын  азалаған  Айша  ананың  қасіреті  мен  қайраты  романның 
ҿзегіне  айналған.  Соғыс  уақытындағы  тыл  ҿмірінде  еңбек  еткен 
ҽйелдер  бейнесі  Айша  образы  арқылы  бейнеленсе,  тура  осындай 
еңбек  ҿтінде  жүрген  жас  балалардың  халі,  жайы  шығарманың  бас 
кейіпкері Барсхан арқылы кҿрінеді.  
«Ай  мен  Айша»  романындағы  атынан  да  белгілі,  негізгі  жүкті 
кҿтеріп  тұрған  тұлғалы  да  кесек  мінездің  бірі  ˗  Айша.  Айша  – 
басқалардан қарағанда шоқтығы биік кҿрінетін, мінезі, болмыс-бітімі 
ҽр қырынан жан-жақты суреттелетін образ. Айша туралы ҽңгімемізді 
осы  романдағы  автордың  мынандай  сҿзімен  сабақтасақ:  «Адам  ҿзі 
тозбайын  десе  де,  жазмыштан  озбайды  екен.  Тарпаң  тағдыр 
табанына адамды бір салмасын. Бір салса, тас керең боп, айқайласаң 
да  арызыңды  есітпейді».  Иҽ,  Айша  ҿмірі  де  алмағайып  заманға  тап 
келіп, тағдырдың тауқыметін тартудай-ақ тартты... [1]. 
«Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегізген 
шынысыз  шамның  сҽулесімен  сорайып-сорайып  бҿтен  біреулер 
кҿрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп алдарына салып алып кетті. 
Айша  айқайлап  арттарынан  шықты.  Дірдек  қағып  мен  де  шықтым. 
Серейіп-серейіп  үш-тҿрт  адам  сай  жаққа  қарай  кетіп  бара  жатыр. 
Сайдағы  кҿпір  сықырлады.  Айша  сайдың  қабағына  дейін  қалмай 
барып еді. Мұртазаның дауысын анық естідім: 
-
 
Қайт! Балалар қорқып қалады! – деді.  
Түнгі  аяз  бұл  дауысты  қайталап  шыққандай  болды.  Сықыр-
сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының асты ғана қаршылдайды» 
[1,  10].  Аңырап  қалған  Айша  кімнен  кҿмек  сұрарын  білмей, 
аспандағы Айға мұңын шаққандай еді.  
«Мен  лезде  есейіп  шыға  келдім.  Енді  мені  қорғайтын  ҽке  жоқ 
екенін  сұңғалылықпен  сезіп  қойған  сияқты  едім.  Жаңа  ғана 
жарқырап  тұрған  Ай  бұлттың  ішіне  сүңгіп  кетті  де,  алғашқы  түні 

284 
 
жан-жақтан  қаптап  келе  жатты.  Айша  мені  жетім  қалған  үйге 
жетектеп  кіргізді.  1937  жыл  жалмауыз  жыл  еді.  Қанатына  қырау 
қатқан  жас  балапан  мен  едім.  Енді  асықтан  ұтыла  беретін  болдым. 
Бұрынғыдай ешкім болыспайды» [1, 15]. 
Келтірілген  эпизод  «Қырау  қанат  балапан»  атты  шағын 
новелланың  үзіндісі,  тамшысы.  Сол  кішкене  тамшы  –  романның 
барлық түр сипаты секілді. Барсхан баланың даусымен қатар, үлкен 
жазушы,  бүгінгі  ел  тұлғасы  Ш.  Мұртазаның  үні  қоса,  қабат  естіліп 
отырады.  Барсханның  аштық-жалаңаштықта  күн  кешетінін  білетін 
автор,  сол  кездегі  елдің  саяси  келбетін  («1937  жыл  жалмауыз  жыл 
еді») деп аз сҿзбен анықтауы, отбасының ҽкесіз қалуы ауыр ойларға 
жетелейді. 
Сол  сҽтте  Барсханның  кҿзіне  «Толықсып  тұрған  Ай  бір  аунап 
түскендей  болды»  дейді.  Ай  бір  аунап  түскен  емес,  ай  жерге  құлап 
түскендей болуы да мүмкін. Бірақ соның ҿзі «кішкентай бала ҽкесін 
қимай  жылап  жіберді,  іші-бауыры  езіліп,  шыдай  алмай  құлап  қала 
жаздады» дегеннен ҽлдеқайда ҽсерлі. Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай 
бұлттың ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы түні жан-жақтан 
қаптап  келе  жатты.  «Ай  бұлттың  ішіне  сүңгіп  кетті»  деп  нақты 
кҿрсетіп тұр. Ай кҿрінбей қалса, түн қаптайтыны тағы шындық. Бұл 
жерде  автор  айдың  қозғалысы  мен  баланың  ой-түйсігін  табиғи 
қалпында  шеберлікпен  шендестіре  білген.  Одан  ары  қарай:  «Айша 
мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді» дейді. Бұл сҿйлемде талай 
ойды  арқалап,  алдағыны  меңзеу  бар.  Бас  иесі  кеткен  үйдің  жетім 
қалғаны рас. Енді Барсханды еркелететін, ертіп жүретін ҽке жоқ.    
«Халық  жауларын»  айдап  алып  кетеді  екен  дегенді  естіп, 
Мұртазаны  бір  кҿріп  қалмаққа  Айша  Барсханды  жетектеп  алып, 
Боранды  түрмесіне  келеді.  Түрменің  жалғыз  есігіндегі  түйенің 
кҿзіндей  жалғыз  тесігіне  үймелейді  жұрт.  Барсхан  да  құлдырап 
тесікке  жетті.  «  -  Жҽке,  жҽке!»  деп  шырылдап,  ҽкесімен  сҿйлесіп 
тұрғанда иығынан біреу бүркіттей бүріп алып, лақтырып кеп жіберді. 
Анадай  жердегі  күресін  күртік  қарға  басы  кіре-міре  оңбай  құлады. 
Ҽлдекімдер орнынан тұрғызып: «Жылама, азамат екенсің!» – дейді. « 
-  Жылаған  жоқпын!»  –  дейді  бұл  да  намысқа  тырысып.  Қайта  есі 
шығып,  бұны  аяп  жыларман  болған  Айшаға  «Жылама!»  деп  басу 
айтқан  болды  [1].  Бұл  –  бес  жасар  баланың  бойындағы  түйсік  пен 
сезімнің  сергек  тартып,  қанында  бар  намыс  пен  қайсарлықтың 
алғашқы ұшқындарының кҿріне бастауының кҿрінісі еді. Осы жолы 
оның кішкентай жүрегі мұздап қайтқан. 
Жала  жабылып  айдалып  кеткен  ҽкесінің  сол  қалпы  қайтып 
оралмауы, шиеттей үш баламен тірідей жесір қалған Айшаның ауыр 
тағдыры,  отағасынан  айырылған  отбасының  бірінен  соң  таусылмас 
озбырлыққа  ұшырауы  Кеңес  кезінің  қоғамдық  бет-бейнесі  жеке 
адамның  тағдыры  арқылы  ашыла  бастайды.  Қоғам  ҿмірі    кең  ҿрісті 

285 
 
суреттелмесе  де,  бар  назар  Барсхан  мен  оның  тҿңірегіне  түссе  де, 
баланың  ендігі  ҿмірі,  қимыл-ҽрекеті,  жан  ҽлемі  оны  туғызған 
қоғамдық  ортаның  тұрпатын,  ішкі  мазмұнын  ҽшкерелейді.  Жеке 
адамның  тағдыры  адам  ҿмірі  сол  қауымның  бар  тіршілігімен 
қабысып жатқандықтан, заманның эпостық кең құлашты шындығына 
кенелеміз.  
Шығарма кейіпкерлері Айша да, жас бала Барсхан да ел қатарлы 
қиындықтарды,  зорлықты  кҿре  жүріп,  күндерін  кҿреді.  Бұл  жолда 
олардың  жеңістерінен  жеңілістері  кҿп  болады.  Жетім,  жесір  деп 
ескермей,  керісінше  үстемдіктерін  кҿрсетіп,  ҿмірлерін  қиындата 
түсетіндер  қай  кезеңде  де  болған.  Мұндай  ҿктемдік  жасаушы 
адамдардың романдағы ҿкілдері – Тасбет бригадир, Жуанқұл бастық, 
олар  Айша  мен  Барсханға  ҽуелден  теріс  кҿзбен  қарап  қырына  ала 
берді. 
Шерхан  Мұртаза  «Ай  мен  Айша»  шығармасында  балаларымен 
қалған  Айша  тағдырына  жете  назар  аудартады.  Барсхан  Айшаның 
алмастай  кеспе-берен  мінезінен  ғана  қаймығады.  Ол  ҿзінің 
шешесінің  мінезін  бҿліп  айтады.  «Айшаның  айтқанын  істемей  кҿр. 
О,  оны  сіздер  білмейсіздер.  Ол  бурыл  айдың  үстінде  жарбиып 
отырған  мен  тұрмақ,  зіңгіттей  Тасбет  маңқаның  ҿзін  аттың  үстінен 
түсірген. Тасбеттің ҿзінен де бар. Дереу тілдейді. Атаңа нҽлет дейді. 
Айша  бір  шыдайды,  екі  шыдайды,  тіптен  болмаған  соң,  қызыл 
қырманның басында, шаршы топтың кҿзінше Тасбетті аттың үстінен 
тулақтай жұлып түсірген ғой...» [1, 24]. 
«Батыры  тұлға  болмай,  елдің  түгі  жығылады»  деген  халық 
даналығы бар. Айша  – батыр да, тұлға да емес. Қатардағы еңбекші, 
колхоздың  күңі.  Тапқан  еңбегінен  күніне  тіске  басатын  қорек 
тимейді. Үй-мүлкін сатады, анадан-мұнадан тасиды. Балаларына бір 
түйір дҽн болса да табу үшін жаны қалмай еңбек етеді. Күні кеше ер 
адамы  «Халық  жауы»  атанып  қуғынға  ұшыраған.  Түптеп  келгенде 
Айша  –  типтік  образ.  Бұл  жарқын  бейнеден  ержүректіліктің  де, 
қамқоршыл тұлғаның да сипаты сезіледі. 
Айша басына түскен ауыртпалықты айтып тауысу қиын. Сібірге 
айдалып  кетті  деген  Мұртазадан  қайтыс  болды  деп  хабар  келеді. 
Одан  кейін  соғыс  басталады.  Күнкҿріс  мүлде  қиындайды.  Колхоз 
бастық  Жуанқұл  мен  бригадир  Тасбеттің  жауыздық  ҽрекеттері  де 
бірінен-бірі ҿтіп ҿлтіріп барады. Айша бір нҽрсе деп қалса, Жуанқұл 
бастық:  «Ҽй,  «халық  жауының»  қатыны,  аузыңды  жап!»  дейді. 
«Халық  жауы»  деген  сҿз  шыққан  жерде  Айшаның  аузына  құлып 
салынады. 
Романда  Айша  образы  ҽр  қырынан  мүсінделген.  Балаларын 
ғибратты аңыз, ертегі айтып ұйықтатады. Бұл жағынан ол – сұңғыла 
тҽрбиеші.  Қаршадай  ұлдарының  қиялына  қанат  байлайды,  жүрегіне 
адамгершілік  сезім  ұялатады.  Ананың  балаларына  жасаған  қай 

286 
 
қамқорлығын  айтып  тауысу  мүмкін  емес.  Автор  анасының  биік 
қасиеттерін  белгілі  бір  оқиғадан  туғызып  бейнелейді,  құр  мадаққа 
бармай, ҽдемі кескіндермен суреттейді.  
Кҿркем  шығармаға аңыз-ҽңгімелерді,  ертегілерді  енгізу  –  қазақ 
прозасының  табысы.  Ал  «Қоңыраулы  еліктер»,  «Жалаңаш  қасқыр» 
аңыздарына  жан  бітіріп  тірілту  арқылы  ізгілікке  тҽрбиелеуге  кҿңіл 
бҿлу  –  жазушы  жетістігі.  Ұзақ  түнді  қысқартып,  аш  құрсақ 
балаларды алдандыру үшін айтқан Айшаның аңыздары, ертегілері  – 
атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  рухани  мұрамыз.  Оның  ата-
бабалары,  туған  жер,  тарих  туралы  ҽңгімелері  болашақ  жазушыға 
таусылмас  қазына  болғаны  рас.  Бұл  романда  кҿп  кітап  оқып,  кҿп 
білгендіктен  «молда»  атанған  Мұртаза  мен  ҽңгімешіл,  ақынжанды 
Айшадан туған Барсханның Махамбеттің «Қызғыш құсына» еліктеп 
шығарған  тырнақ  алдысы  да  сол  тұстағы  зұлматтың  тепкісін 
ҽшкерелегендей. 
Шығарманың шешімі  – Айшаны елден безуі. Оны елден, туған 
жерден, ата-баба қонысынан бездірген Тасбет пен Жуанқұл. Олар  – 
кешегі  Рысқұлды  елден  бездірген  Дауылбай  мен  Саймасайдың 
жалғасы» [2, 658]. 
Сталиндік  репрессия,  тоталитаризмнің  басқа  да  қызыл  танау 
науқандарын  жүзеге  асырғанда  ҽрдайым  асыра  сілтейтін,  күн  бір 
жауса,  терек  боп  екі  жауатын  шолақ  белсенділер  болса,  Тасбет 
бригадир  сол  ел,  ұлт  мүддесіне  ҽрдайым  қайшы  іс  істейтін 
кертартпалардың бірі болды. 
Ана  мен  бала  таңның  атысынан  күннің  батысына  дейін  далада 
колхоз жұмысында аянбай  еңбек  етсе  де,  бригадирдің кҿңілінен бір 
шықпайды. Осындай ҽділетсіз қиянаттың бірінде Барсхан оған айыр 
ала жүгіреді. Осы оқиғадан соң зорлықшылардың жазасынан қорқып, 
Айша  жалғыз  ұлын  нағашыларына  жібереді.  Ауыл  жуандарының 
қорлығы  ҽбден  батқан  соң,  ҿзі  де  балаларын  жетектеп,  ұрланып 
кҿшуге мҽжбүр болады. Алайда Тасбет оларды жиі жібермей, арбаға 
жеккен  ҿгіздерін  тартып  алып,  ҿздерін  далаға  қаңғыртып  тастап 
кетеді. Бұл олардың жағдайын одан сайын ауырлата түседі.  
Кейіпкердің  бастан  кешкен  оқиғаларының  қамтитын  уақыты  – 
он шақты жылдың кҿлемі ғана. Осынау қысқа кезеңде оның алдынан 
сан  қилы  қиындықтар  кезігеді.  Мҽселен,  «ҿзі  қатарлас  Сүлеймен  – 
құрт ауру. Құрдасына жаны ашыған Барсхан «шіркін, қымыз болса, 
жазылып  кетер  еді»  деп  армандайды  [1,  108].  Осы  ойдан  арыла 
алмаған  оның  емдік  қасиеті  сусынды  іздеп  сандалуы  логикалық 
тұрғыдан дҽлелді. Жуанқұлдың ҽйелінен ҽрең сұрап алған қымызды 
жолда  кезіккен  Жуанқұлдың  қамшымен  тартып  қалып,  ақтарып 
тастауы – осы сюжеттің шарықтау шегі. 
Барсханның нағашы апасы Зибаның да тағдыры Сүлеймендікіне 
ұқсас.  Күйеуі  ел  қатарлы  соғысқа  кетіп,  соңында  аман  сау 

287 
 
оралғанымен,  оның  басты  трагедиясы  –  ауыр  науқасқа  душар 
болуында.  Дерті  айықпас  емес,  дұрыстап  емделер  болса,  жазылып 
кетуге болатынын бала да болса Барсхан да түсінеді. Бҽріне кінҽлі –
қолдың қысқалығы. Ҿмірге құштар ҽйелді құтқарып қала алмау бұл 
желідегі  оқиғаның  салмағын  ауырлата  түседі.  Зибаның  аузы  аққа 
тисе  ауруынан  сауығып  кетер  деген  үмітпен,  туысқандарына  қосып 
қойған  сиырын  алып  келуге  Барсханды  жұмсайды.  Алайда  аузына 
келгенін  айтып  оны  қуып  жіберуі  –  оқиғаның  түйінді  тұсы.  Бұл 
оқиғалардан  туындайтын  ҽлеуметтік  қорытынды  –  қысылтаяң 
кезеңде  адамдардың  пиғылының  осыншалықты  тарылып  кеткендігі, 
қиын заманда кҿрсеткен озбырлықты айқындайды. 
Романның  бас  кейіпкері  жазушының  ҿзі  екенін  байқау  қиын 
емес.  Шығармаға  да  ҿзі  басынан  ҿткерген  шынайы  оқиғалар  арқау 
болған.  Шығарманы  оқи  отыра  ең  басты  ойға  оралатыны  – 
жазушының  балалық  шағындағы  оқиғалардың  қоюлығы,  бастан 
ҿткерген  жағдайлардың,  ҿмір  соқпағында  ұшырасқан  адамдарының 
алуан түрлігі мен молдығы. Ҿмір кеңістігіне енді ғана қадам басқан 
жас баланың алдынан ұшырасып, тағдырына араласқан ҽрбір адам ҿз 
алдына  дара  бір  сюжеттің  туындауына,  бұрынғы  айтылып  келе 
жатқандарға  ұқсамайтын  жаңаша  ойдың  түйінделуіне  себепші. 
Мҽселен,  мектепке  барғысы  келген  Барсханды  «халық  жауының» 
баласы  деп  мектепке  алмай  қояды.  Бұған  намыстанып  үйіне  жылап 
қайтып келе жатқанда алдынан шыққан комсомол қызметінде жүрген 
Нюха  есімді  жігіт  кҿмектесіп,  мектепке  алдырады.  1941  жылдың 
күзінде соғысқа кеткен Нюха содан қайтып оралмайды. 
Бас кҿтерер азаматтың бҽрі соғысқа аттанған ауылдың жағдайы 
аса  жақсы  болмайтыны  белгілі.  Осындай  ауылдағы  ауыр  жағдайды 
шығармадағы  мына  бір  үзіндіден  байқауға  болады.  «Шҽй  ішіп 
отырмыз.  Дастарқан  жүдеу.  Жарты  таба  нан.  Айша  кҿзінің 
қарашығындай  сандыққа  салып    сақтап  жүретін  кішкентай  қозы 
қарынмайдан  бір  қасық  қана  алып  мейманның  алдына  қойды.  Оны 
менің кҿзім тесіп барады. Таба нанға май жағып жеу – арман. 
Иҽ,  бұлар  нан  жемегелі  қашан.  Үнемі  қызылша  пісіріп  жейді.  
Айша  кейде  қос  уыс  бидай  қуырып,  үш  баласына  теңдей  бҿліп 
береді.  Сол  дҽнді  ауыздарына  бір-ақ  салмай,  бір-бір  талдап 
қытырлатып,  неғұрлым  ұзағырақ  тауысуға  тырысатын  [1,  67]. 
Осылайша  шағын  ауылдағы  қарапайым  бір  отбасының  тіршілігі 
арқылы  сол  кездегі  кез  келген  қазақ  ауылындағы  ҿмір 
шындықтарымен танысамыз. 
Жансыз  болса  да,  жандыға  есе  бермейтін,  шығарманың 
құлашын  жазып,  жаһанмен  жалғастыратын  образ  кҿктегі  –  Ай. 
Шерхан  Мұртаза  романның  аталымына  кездейсоқ  кірмеген.  Ай  мен 
Айша  –  екеуі  де  Барсханның  балалық  шағының  жұлдыздары. 
Тұлғалыққа  баулитын  мектебі.  Айдың  Айшадан  айырмашылығы, 

288 
 
ҿзегі талып аштықтан кірпігі айқаспай жатқан Барсханды аяғанымен, 
жылуы жоқ. 
«Ай  мен  Айша»  –  ҿмірбаяндық  романның  жаңа  үлгісін 
танытатын, адамның қалыптасу мен қоғамның дамуын сабақтастыра 
суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдыры сұрқай заман шындығы 
ойлантпай,  толғантпай  қоймайды.  Автор  адам  жан-дүниесін 
кҿркемдік  тұрғыдан  зерттей  отырып,    кейіпкер  мінезі  арқылы  оның 
адам ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысады. 
Мемуарлық  роман  дегенде  оқырманның  есінде  тұратыны  – 
автордың  бҽрінің  де  ҽңгімені  ҿзінің  балалық  шағынан  бастап, 
оқиғаларды ҿмір белестерімен ары қарай ҿрбітетіндігі. Олар алдымен 
ҿздері ҿмірге келген ортаны, ата-тегін, одан кейін ата-анасы туралы 
мағлұматтарды келтіре отырып, ҿзінің балалық шағына барлау жасап 
алады.  Бас  кейіпкердің  автордың  санасы  ашылып,  түсінік-танымы, 
ҿресі кеңейе түскен сайын жүрген ортасымен, қоршаған қоғамымен 
қарым-қатынасы    да  арта  береді,  ҿзімен  қоғам  арасындағы 
қайшылықты жағдайлар молая түседі [2, 42].  
Жалпы  мемуар  жазудың  мұндай  қалыптасқан  қалпын  ҿзгертіп, 
тыңнан  тосын  үлгі  ұсыну  қиындау.  Ҿйткені  адам  ҿмірінің  ҿзі 
бұлжымайтын,  ешқандай  да  ҿзгертуге  кҿнбейтін  дҽл  осындай 
қалыпты  белестерден  тұрады.  Мысалы,  нҽрестелік  кезең,  сҽбилік 
шақтан  бұрын  жеткіншектік  кезеңнің  болуы  мүмкін  емес  екендігін 
сезіне  білгендіктен,  оқырман  мемуарлық  туындының  осындай 
қалпына  наразылық  білдірместен,  бойсұнып,  кҿркемдік  қабылдауға 
дайын тұрады. 
Дегенмен, ҽр жазушы шығармасын жазу барысында ҿз басынан 
ҿткізген  оқиғаларды  тізбектеп  бере  салмай,  оларды  кҿркемдеп, 
оқырманға  қызықты  етіп  жеткізе  білуге  тырысады.  Бұл  тұрғыдан 
келгенде,  «Ай  мен  Айша»  романының  да  кҿркемдік  табыстары  аз 
емес.  Ш.Мұртазаның  ҿзіне  тҽн  шығармашылық  ерекшелігі  қысқа 
жаза  отырып,  салмақты  ой  айтатындығы.  Автор  бірыңғай  баяндау, 
бірсыдырғы  суреттеуге  жол  бермейді.  Осы  ретте  романның  қысқа-
қысқа  ҽңгімелерге  бҿлініп  берілуі  де  сюжеттік  желінің  жинақы 
шығуын,  композициялық  бітімнің  жинақылығын  ойластырудан 
табылған  кҿркемдік  тҽсіл  деуге  болады.  Автор  қаламына  тҽн 
лирикалық ҽуен бұл туындысында барынша тереңдеген. Ҿзімен тұтас 
жазылған  басқа  да  мемуарлық  шығармалармен  салыстырғанда 
лирикалық  кҿрінісі  ерекше.  Сондай-ақ  осы  Барсханмен  үнемі 
қосарлана, егізделе, тұтаса суреттелетін Айша, сағынышқа айналған 
Мұртаза, жұмбақ сырлы Ай шығарма оқиғасына нҽзік сыршылдықты 
үстеген.  Мұнда  кҽдімгі  қара  түнді  жарық  қылып,  ҽлемге  нұрын 
шашқан  Ай  үлкен  символдық  мҽнге  ие.  Шығарманың  басынан 
аяғына дейін Ай Айшамен бірге қатарласып суреттеліп отырады. Сол 
кезеңдегі  қытымыр  заманның  ызғарын  сҽл  де  болса  жылытып, 

289 
 
адамның  жабырқау  тартқан  жанына  жылу  себетін  осы  Ай  сияқты. 
Тағдыр  тауқыметін  тартып,  кҿп  қиыншылық  кҿрген  Айшаның  да 
кҿңіліне желеу болар жалғыз жарық, жалғыз шуақ, жалғыз үміт те осы – 
Ай. 
Ай  суретін  жазушы  кейіпкерлерінің  басындағы  ауыр  жағдайды 
шынайы  жеткізуде  ұтымды  пайдаланған.  Айшаның  отбасында 
аяқасты  келген  қиындық  секілді  жаңа  ғана  жарқырап  тұрған  Ай  да 
қараңғылыққа сүңгіп жоқ болып кетті. Шығарма басынан осылайша 
кҿрінетін  Ай  аяғына  дейін  Айшамен  қатарласа  беріліп  отырады. 
Мұртаза  бар  кездегі  толы  Ай,  ол  ұсталып  кетіп,  отбасы  ауыр 
жағдайда  болғанда  жарты  Ай  болып  беріледі.  Ол  ҽрдайым  бұлт 
арасынан сығалап, олардың тіршілігін бақылап тұратындай. 
Айша  да  үнемі  Айға  қарап,  бір  жақсылық  күтетіндей. 
Шығармада беріліп отыратын Ай суреттеріне назар аударып кҿрелік: 
«Боран  басылып,  аспан  ашылайын  деді  ме,  терезеден  ауру 
кҿздей Ай кҿрінді». 
«Батыстан  Жабағылы  тұсында  қан  қызыл  Күн  ұясына  батып 
бара  жатқанда  Шығыстан  құп-қу  қоюланып,  ҿңі  қашып  тұрған  Ай 
кҿрінді». 
«Үйге  кеш  оралдық.  Түнгі  аспан  ашық,  жұлдыздар  самсап,  Ай 
толықсып тұрды. Мыңбұлақтан бүгін бұлт арылды». 
«Батысқа  кҿшкен  жартыкеш  Ай  тым-тым  бозарып  кетіпті. 
Қылаңытып ҽрең кҿрінеді» [1]. 
Қарап отырсақ, Ай бейнесі де кейіпкерлер ҿміріндегі оқиғаларға 
сҽйкес  ҿзгеріп  отырады,  басты  кейіпкерлердің  кҿңіл-күйін  айқындап 
отыратындай. Шығарма соңында Айшалар туған ауылына оралып келе 
жатқандағы  Ай  кҿрінісі  тіпті  бҿлек:  «Қарашы,  Барсхан,  туған  жердің 
Айы да бҿлекше... Дұрыстап қара, мына жарықтық ай бізге мейірін тҿгіп 
тұр  ғой»,  –  дейді  Айша  нұрын  тҿккен  Айға  қарап...  Иҽ,  Айша  ғана 
байқайды оны. Ай мейірленсе, қатал заманның да жұмсара бастағаны» 
[1, 201]. 
Міне,  мұның  бҽрі  шығармада  суреттеліп  отырған  уақыт,  заман 
шындығын  танытумен  қатар  Айшаның  да  жан  толқынысын, 
күйінішін,  сүйінішін  тереңдете  түсуге  қызмет  етіп  тұр.  Сонымен 
бірге  романдағы  негізгі  оқиға  мен  адам  тағдырына  деген  оқырман 
ықыласын  да  күшейте  түсетін  эмоциялық  жүк  артып  тұрғанын 
айтуымыз  керек.  Бұл  тұлғалар  бейнесінің  сҽтті  шығуы  шығарма 
концепциясын тереңдете түсу жолындағы жазушы ізденісінен туған 
кҿркемдік  ҽдіс,  яғни  биік  шыңына  жеткен  айтулы  табыс  деуге 
болады. 
Осындай  ізденіс,  толғаныстың  нҽтижесінде  роман-дилогиядағы 
ҽлеуметтік  ҿмір  шындығы  барынша  шынайы,  табиғи  кҿрінсе,  Айша 
бейнесі  де  халық  рухын  танытатын,  қазақ  ҽйелінің  мықтылығын 
кҿрсететін нағыз ұлттық мінез дҽрежесінде жоғары кҿтерілген. 

290 
 
Суреткер  туындылары  ҽуелден  осындай  болып  келеді  
текстерінің  нығыздығының  нағыз  шыңы  –  «Ай  мен  Айша».  Ҽрбір 
оқиға жеке тараушаларда қаз-қалпында жеке тағдыр болып баяндала 
келе, ҽулеттің, елдің кҿркем тарихына айналып, туған жер, туған үй, 
ошақ  қадір-қасиетін  терең  түйсінтер,  қуат-кернеуі,  жасампаздық 
рухы  жоғары,  тағылымды  туынды,  сҿз  жоқ  тҽуелсіз  Қазақстан 
ҽдебиетінің  үлкен  кҿркем  жетістігі.  Романның  бас  кейіпкері 
Айшаның  жекелік  те,  жалпылық  та  мҽні  ерек.  Ол  –  шыдамды  да 
ақылды,  ҽр  нҽрсені,  бар  нҽрсені  түбінен  ойлайтын,  дана  қазақ 
ҽйелінің  жиынтық  бейнесі.  Ол  –  Барсханның  анасы.  Ол,  мүмкін, 
менің  ҽжем  –  Мҽуия.  Ол,  мүмкін,  Ҽбіштің  анасы  –  Айсҽуле.  Ол 
мүмкін,  Асқардың  анасы  –  Қымбат-Айтоты.  Айша  қазақтың  ҽр 
ҽулетінде  бар.  Суреткер  кемел  ҽйел-Анаға  кҿркем  сҿзден  ескерткіш 
соққан. Жаса, Айшаның ұлы Барсхан [4,88]! 
Қорыта  келгенде,  ҿмірбаяндық  негізде  жазылған  «Ай  мен 
Айша»  романы  –  кҿркемдік  сапасы  жоғары,  қоғамдық  ҽлеуметтік 
мҽні  бар  күрделі  шындықтарды  кҿтеріп,  ҿзіндік  үлкен  ойлар 
түйіндеген шығарма деуімізге ҽбден болады. 
Романда  ұлттық  мінез  бен  болмысқа  да  ерекше  мҽн  берілген. 
Халқымызға  тҽн  ұлттық  ерекшеліктер,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
салт  пен  ғұрыптың,  ырым  мен  тыйымның  қастерленуі  роман 
кейіпкерлерінің сҿздері мен істерінен анық кҿрінеді. 
Кешегі  кеңестік  уақытта  қазақ  халқының  басынан  ҿткен 
қиындықтарының  ішінде  отыз  жетінің  қуғын-сүргіннің  тауқыметі 
қиын,  қасіреті  ауыр  болды.  Кеңестік  тоталитарлық  жүйенің 
миллиондаған адам ҿмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына 
ізін салып кеткені ақиқат. 
Қуғын-сүргін  салдарынан  ұлттың  рухы  тұншықтырылды. 
Ҽсіресе,  отбасы  бірлігіне  қарсы  бағытталған  саясаттың  астарында 
үлкен  мҽн  жатты.  Ол  ұлттың  тектілік  келбетін  жою  болды.  Ең 
сұмдығы  адамдар  «халық  жауын»  ҽшкерелеуге  деген  ұмтылыспен 
тҽрбиеленіп, репрессиялық сана нормаға айнала бастады. Бірақ сонда 
да  адамдар  адами  құндылықтардан  айырылмады.  Адам  айтып 
жеткізе  алмас  рухани  ауыр  азап  шексе  де  күйеулері  мен  балалары 
үшін  ҿмірмен  арпалысып,  қиындыққа  қайсарлықпен  тҿзе  білген 
ерекше  ҿр  тұлғалы  ҽйелдер  болды.  Солардың  бірі  бүгінгі 
мақаламызға  арқау  болған  «Ай  мен  Айша»  роман-дилогиясында 
бейнеленген  Айша  бейнесі.    Айшаның  рухы  биік  болды.  Биік 
рухымен ұлттың рухын асқақтатты. 
Осыдан  келіп  Барсхандай  ұлдың  үлкен  азамат  болып 
қалыптасуының түп тамыры, негізі сол Айша-Анадан. Азаматты ана 
ҿсірді деп отырғанымыз да содан.  
Сонымен,  қазақ  ҽдебиетінің  қабырғалы  қаламгері,  Қазақстан 
Республикасының  халық  жазушысы,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

291 
 
лауреаты Шерхан Мұртаза романдарын ҿнердегі негізгі эстетикалық 
принциптердің  бірі  саналатын  –  кҿркемдік  шындық  аясында,  сол 
кҿркемдік  шындықтың,  образ-характерлердің  шынайы  бейнеленуі 
турасында  сҿз  еттік.  Ҿйткені  жазушының  ҿз  шығармасында  айтпақ 
болған  негізгі  ой,  күретамыр  идеяны  осы  образ  айқындап  кҿрсетіп 
берді.  
 
 
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1
 
 Мұртаза Ш. Ай мен Айша. – Астана: Елорда, 2000. – 460 б. 
2
 
 Қазіргі қазақ ҽдебиеті. Оқулық. Б.Ердембеков, Ж.Аймұхамбет, 
Р.Тұрысбек – Алматы:  ЖШС РПБК «Дҽуір», 2012. – 216 б. 
3
 
 Қазақ  ҽдебиеті  тарихы.  ІХ  том.  ред.  басқ.  С.  Қирабаев.  – 
Алматы, 2005. 
4
 
 Бҿпежанов 
Ҽ. 
Ҿнер 
– 
жеке 
тҽжірибие: 
Сын-
мҽдениеттанушылық кітап. І. – Алматы: Жібек жолы. 2007. – 328 б. 
5
 
 Мҽмесейіт Т. Дидар. Ҽдеби мақалалар.–Астана: Елорда, 2005. 
–344 б. 
6
 
 Қазіргі  ҽдеби  үрдіс:  оқулық.  С.Б.Ержанова,  Р.Зайкенова, 
Б.С.Бегманова.  –  Алматы:  «Қыздар  университеті»  баспасы,  2014.  – 
316 б. 
 
 
Резюме  
В  статье  рассматривается  проблемы,  рожденные  в  результате 
Советской  тоталитарной  системы,  направленной  против  единства 
семьи, душившей Национальный дух народа репрессиями, жертвами 
которых стали миллионы людей казахских аулов в 30-х и 40-х годах 
ХХ века. 
Повесть  «Ай»  и  «Айша»,  являясь  новым  образцом 
биографического  романа,  показывает  неразрывную  связь  процесса 
формирования  личности  и  развития  общества.  В  целом,  исследуя 
Судьбу и духовный мир героев, правду той эпохи, с художественной 
точки  зрения  раскрывается  характер  персонажей  произведения, 
всесторонне анализируется образ человека
 
 
 
Resume 
In the article the author considers the problems appeared as a result 
of  the  Soviet  totalitarate  system  directer  againat  the  wnity  of  a  family, 
pressing  the  national  spirit  of  the  people,  the  victims  of  which  became 

292 
 
millions  of  the  people  from  the  Kazakh  ouls  in  the  30-s  and  40-s  of  the 
XX-th century.  
The  nover "Ai  and  Aisha"  being  a new  model of a  bible  ographical 
novel,  ahows  the  atrong  relation  of  the  process  of  forming  a  perfonality 
with  the  society  development.  As  a  whole  examinind  the  fare  and  the 
spiritual  wored  of  the  charaxtess,  the  truth  of  that  epoch.  The  author 
reveals  the  characters  of  the  nover  from  the  artistis  point  of  wiew  and 
lyses the image of a man from different sides. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

293 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет