«Құндылық-бағдарлы білім беру идеясын жүзеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер»



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата18.01.2017
өлшемі1,69 Mb.
#2133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ҮРДІСІ
Мақалада   еліміздегі   мектепке   дейінгі   білім   беру   үрдісі,   функционалдық
сауаттылық ұғымы, негізгі белгілері, көрсеткіштері, мазмұны және мектеп жасына
дейінгі балалалардың сауаттылығы, функционалды сауаттылығын қалыптастыру
жайында баяндалады. 
Түйін сөздер:
 
сауаттылық, функционалды сауаттылық, субъект, білім беру.
Еліміз   үшін   маңызды   болып   табылатын   аталған   стратегиялық
міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары
белсенділік,   шығармашыл   тұрғыда   ойлауға   және   шешім   қабылдай
алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға
дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп
қабырғасында қалыптасады.  
Функционалдық сауаттылық – адамның
сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға
барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің
көрсеткіші.
Қазіргі   білім   берудің   мақсаты   білім,   білік,   дағдымен
қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда
лайықты   өмір   сүріп,   жұмыс   жасай   алуына,   әлеуметтік   және   кәсіби
біліктілікке   ақпаратты   өзі   іздеп   тауып,   ұтымды   пайдалана   алатын,
жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере
алатын   жеке   тұлғаны   қалыптастыруды   талап   етіп   отыр.   Мектепке
дейінгі баланың  әлеуметтік  нысан ретіндегі  келешегі  басты назарға
алыну   керек.   Баланың   дүниетанымын,   коммуникативтілігін,   заман
талабына сай икемделіп келе жатқан білім беру стандартын игеруін
т.с.с.   сипаттамаларының   дұрыс   дамуы   тек   шағын   орталығының
тәрбиешілері мен психологінің ғана емес, сонымен қоса, жанұясының
қажырлы еңбек етуін талап етеді. Э.Ларсеннің зерттеулеріне сүйенетін
болсақ,   балаларымыздың   толыққанды   тұлға   болып   қалыптасуына
жанұядағы дисфункционалды іс-әрекеттердің салдары теріс әсер етеді.
Әлеуметтік   ортаның   беретін   оңды   бағалауларына   сай   келетін
жанұяның өзінде баланың толыққанды психихологиялық саулығының
төмен   екендігін   көруге   болады.   Әрине,   әрбір   ата-ана   өзінің
17

перзентінінің   болашақта   биік   белестерге   жетіп   бақытты   болғанын
қалайды,   бірақ   тек   қана   қалау   баланың   болашағын,   оның
функционалды   сауаттылығын   толыққанды   болуына   кепілдік   бола
алмайды. Қазіргі кезде мектепке дейінгі баланың мектепке даярлауда
оның психологиялық күйіне, жағдайына мән берілуі өзінің жемістерін
беруде,   себебі,   әр-түрлі   себептерге   байланысты   туындаған
мәселелердің ертерек шешілуі баланың  бойындағы нышанын ашуға
серпіліс болады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұр-
тым дейтін бала қайдан шығады» дейді.Ел боламын деген мемлекет
ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл
бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың
баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі -
ананың құрсағынан басталады. 
Қазіргі   әлемдік   білім   кеңістігіндегі   халықаралық   стандарт
талаптарына   сай   оқыту   үдерісінің   орталық   тұлғасы   білім   алушы
субъект,   ал   ол   субьектінің   алған   білімінің   түпкі   нәтижесі
құзіреттіліктер   болып   белгіленуі   білім   беру   жүйесінде
«функционалдық   сауаттылықты»   қалыптастыру   мәселесін   негізге
алудың өзектілігін арттырып отыр.   
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы
27   қаңтардағы   «Әлеуметтік-экономикалық   жаңғырту   –   Қазақстан
дамуының   басты   бағыты»   атты   Қазақстан   халқына   Жолдауында
мектеп балаларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша
бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған   міндет   Қазақстанның   әлемдегі   бәсекеге   қабілетті   50   елдің
қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін
маңызды   болып   табылатын   аталған   стратегиялық   міндетті   шешу
жағдайында   тұлғаның   ең   басты   функциялық   сапалары   белсенділік,
шығармашыл   тұрғыда   ойлауға   және   шешім   қабылдай   алуға,   кәсіби
жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы
болып табылады [1].  
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы
ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша
тез   бейімделе   алуы   мен   қарым-қатынас   жасай   алу   деңгейінің
көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі
бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның
әлеуметтік   қарым-қатынас   жасауын   қамтамасыз   ететін   білім,   білік,
дағдылардың   жиынтығынан   құралады.   Функциялық   сауаттылықты
дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың   2011-2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік
бағдарламасында   анық   көрсетілген.  Функционалдық   сауаттылық
бойынша ұлттық жоспардың маңызы ерекше. Жоспардың мақсаты –
балалардың   білімдерін   өмірде   тиімді   қолдануға   үйрету.   Сонымен
18

қатар,   ол   орта   білім   жүйесінің   парадигмасын   түбегейлі   өзгертудің
негізі   болып   табылады.  Ондағы   басты   мақсат   жалпы   білім   беретін
мектептерде   Қазақстан   Республикасының   зияткерлік,   дене   және
рухани   тұрғысынан   дамыған   азаматын   қалыптастыру,   оның   жедел
өзгермелі   әлемде   әлеуметтік   бейімделуін   қамтамасыз   ететін   білімді
алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 
«Функциялық сауаттылық»ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-
шы   жылдары   ЮНЕСКО   құжаттарында   пайда   болды   және   кейіннен
зерттеушілердің   қолдануына   енді.   Функциялық   сауаттылық,   кеңінен
алғанда,   білім   берудің   (бірінші   кезекте   жалпы   білім   беруді)   көп
жоспарлы   адамзат   қызметімен   байланысын   біріктіретін   тұлғаның
әлеуметтік   бағдарлану   тәсілі   ретінде   түсіндіріледі.   Қазіргі   тез
өзгермелі   әлемде   функциялық   сауаттылық   адамдардың   әлеуметтік,
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына,
сондай-ақ   өмір   бойы   білім   алуына   ықпал   ететін   базалық
факторлардың   біріне   айналуда.  Ұлттық   жоспарды   іске   асыру
балалардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды
қамтамасыз   етеді.   Бұл   –   шығармашылық   пен   инновацияға   деген
қызығушылықты арттырады.
Мемлекет   басшысы   Н.   Назарбаевтың   өзінің     Жолдауында
«функционалдық   сауаттылықты   арттыруды»   негізгі   тапсырма   етіп
жүктеуі бекер емес. Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей,
оны   керiсiнше,   әлеуметтiк   адаптация   процесіне   бейiмдеу   қажет.
Функционалдық   сауаттылыққа   адам   нақты   білім   алу   кезеңдерінен
өткеннен кейін қол жеткізеді. Функционалдық сауаттылық балалардың
сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, балалардың өзгермелі
өмірге   бейімделуінің   шарты,   балалардың   жеке   бас   қабілеттерін
дамытудың тетігі, баланың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі,
әлеуметтік-мәдени     дамуының   өлшемі,   білім,   білік,   дағдыларының
құзіреттілікке   ұласу   жолы.  Баланың   функционалдық   сауаттылығын
қалыптастыру   жүйелі   әрі   кешенді   ұйымдастырылатын   біртұтас
әдістемелік жүйеге бағындырылатын білім мазмұнын, жаттығулар мен
тапсырмалардың   кешенді   іске   асырылуын   қамтамасыз   еткенде
нәтижелі  болады. Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды
ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын,
соның әрекетіне  байланысты  болады»  [2] – деп сипаттама  беріледі.
Сауаттылық   -   бұл   өмірлік   жағдайларда   сауатты   әрекет   ету   және
өзгерген   жағдайға   бейімделуді   қамтамасыз   ететін   тұлғаның
кіріктендірілген   мінездемесі.   Функционалдық   сауаттылық   -   бұл
белгілі бір контексте    пайдалану    үшін білім мен әрекет  тәсілдерін
кіріктендіру қабілеті. Өмірлік дағдылар-өмірлік жағдаяттарда сауатты
19

әрекет   ету   үшін   өзгерген   (жағдайға   бейімделу   қабілеті.
«Функционалдық   сауаттылық»   белгілі   бір   кезеңге   сай   субьектінің
алған   білімі   мен   білігі   негізінде   сауатты   іс-әрекет   ете   алуы   деген
мағынаны білдіреді.
Сурет 1. Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Сурет 2. Функционалдық сауаттылықтың көрсеткіштері
Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып,
оқу   пәндері   арқылы   функционалдық   сауаттылықты   дамыту   үдерісі
ойлау   дағдыларын   қалыптастыру   негізінде   жүзеге   асады.   Ойлау
дағдыларын   қалыптастыру   және   дамыту   құралдарына   тапсырма
түрінде   берілген   пәндік   білім,   ептілік,   дағылары   (БЕД)   жатады,   ал
ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған
байланысты,   ойлау   дағдыларының   өзі   БЕД-тердің   құзыреттілікке
20
Функционалды
қ сауаттылық
Балалардың 
сыртқы ортамен 
қарым-қатынас 
жасау қабілеті
Балалардың 
жеке бас 
қабілеттерін 
дамытудың 
тетігі
Балалардың 
әлеуметтік 
дағдыларын 
дамытудың 
негізі
Балалардың 
қатысымдық, 
ақпараттық, 
проблемаларды
ң шешімін табу 
құзіреттіліктері
нің бірлігі
Балалардың 
әлеуметтік-
мәдени  
дамуының 
өлшемі
Балалардың 
өзгермелі өмірге 
бейімделуінің 
шарты
Балалардың 
білім, білік, 
дағдыларының 
құзіреттілікке 
ұласу жолы

көшуінің   құралы   ретінде   қызмет   атқарады,   яғни   функционалдық
сауаттылығы.
Сурет 3. Функционалдық сауаттылық мазмұны
Қазіргі   дамыған   өркениетті   қоғамда   балаларды   оқытуда   жаңа
технологиялар   мен   интерактивті   әдістерді   жиі   қолданған   дұрыс.
Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз  ететін білім
ошағы.   Өз   ұлтын,   тілін   сүйіп,   қастерлейтін   адам   ғана,   сонау
әлімсақтан   мирас   болып   келе   жатқан   ата-ананы,   үлкенді   сыйлау,
кішіге   қамқорлық,   мейірбандық,   инабаттылық   көрсету   сияқты   ізгі
қасиеттердің   иесі   бола   алады.   Қазақ   жастары   осындай
ұлтжандылығымен,   өздеріне   тән   ұлттық   болмысымен   және   рухани
тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана
басқа   ел   алдында   әрдайым   абыройлы,   сыйлы   болмақ.   Міне   осы
тұрғыда   шағын   орталықтардың,   мектеп   алдындағы   басты   назар
аударатын міндеттердің бірі -білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар
күштерін жұмылдыру [1, 3]. 
Бүгінгі   жаһандану   жайлап   бара   жатқан   қоғамның   мектепке
әлеуметтік   сұранысы   бүгіндегі   білім   беру   үрдісінің   мақсаты   мен
міндетін   түбегейлі   өзгертуді   қажет   етеді.   Қоғамдағы   адамдар   кез-
келген   жағдайға   дайын,   өзіндік   пікірі   қалыптасқан   проблемалық
әрекеттен   жол   таба   білетін   тұлға   болуы   қажет.  Осы   тұрғыда   білім
берудегі   негізгі   мақсат  әрбір   балаға   өзіндік   қабілетіне   қарай   бабын
таба оқыта білу мен жеке-дара  көмек көрсету болып табылады. Жеке
қабілеттің   дамуы   әр   баланың   тұлғалық   қалыптасуына   әсер   етеді.
Дәстүрлі   оқу   үрдісі   балаға   негізінен,   дайын,   өңделген,   оқу
материалдарын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының
21

дамуына   қолайлы   жағдай   жасала   қоймайды.   Ал,   жаңа   талаптар
бойынша   бала   өзінің   дербестігінің,   соны   ойлай   білу   қызметінің,
шығармашылық   әрекеттерінің   нәтижесінде   біліктілікке   қол   жеткізуі
тиіс.  Ал балалардың білімді игере алулары олардың мектепке дейінгі
балаларға   арналған   даярлық   тобы   немесе   шағын   орталықтардың
қосатын үлесі зор деп есептеймін.
Бүгінгі   білім   берудегі   тәжірибе   балалардың   әр   түрлілігін
көрсетіп   отыр.   Білім   берушінің   алдындағы   басты   назар   аударатын
негізгі   міндеттердің   бірі   –   дарынды   балаларды   анықтап,   оларға
адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа  үйрете отырып,
терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын
сараптай   алатын,   байланысын   сезе   алатын     өте   жақсы   дамыған
балалар   өз   қатарларынан   өзгешелініп   тұрады.   Олар   өздерін
қызықтыратын   сұраққа   үнемі   жауап   іздеп,   білімқұмарлықтарымен
және   өзіндік   ізденімпаздықтарымен   көзге   түседі.   Тәрбиешілер   топ
ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі
бір   топта   дарынды   баламен   қатар,   қабылдауы   төмен   балаларда
отырады.   Оқу   бағдарламасын   барлығына   дерлік   ұғындыру,
барлығымен   жұмыс   жасау   тәрбиешіге   қойылатын   басты   талап.
Ендеше,   осындай   жағдайлар   дарынды   баланы   жалықтырып   алмау
үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр [1, 4].
Сонымен,   баланың   тұлғалығын   қалыптастыруда   ата-ана   мен
шағын   орталық   немесе   жалпы   мектеп   пен   тәрбиелеуші   адамдар
арасында тығыз байланыс болғаны дұрыс.    Баланың психологиялық
саулығын, функционалды сауаттылығын дамыту барлығымызға ортақ
адами   міндет   болып   табылады.   Әрбір   баланы   неғұрлым   өз   туған
баламыздай қабылдасақ, соғұрлым оның жеке адам ретінде дамуына,
функционалды сауаттылығына оңды әсер ете аламыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мектеп балаларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары
2. Қазақстан   Республикасының   2015   жылға   дейінгі   білім   беру
тұжырымдамасы «Қазақстан жоғары мектебі», 2004 ж. №1
3. Қазақстан   Ұлттық   энциклопедиясы   1-том
 «Қазақ
энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы, 1998
4. “Балбөбек” бағдарламасы. Алматы, «Шартарап», 2002 ж.
22

Бежекенова Динура Нигметуллина
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының білім
бөлімі «№1 жалпы  орта білім беретін  мектеп»КММ
Қазақстан,Өскемен
diok.@mail.ru
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 4-5 ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бұл   мақалада
  мектепке   дейінгі   тәрбие   мен   оқытудың   Мемлекеттік
стандартта   көрсетілген   міндеттерінің   бірі   -   баланың   танымын   дамытуды,
интеллектуалдық   іс-әрекет   тәсілдерін   қалыптастыруды,   білуге   құштарлықты
дамытуды көздейді. Сондықтан баланың құзыреттіліктерінің дамуында үлкен рөл
атқаратын оның ойлау қабілетінің дамуы. Сондықтан баяндамамда 4-5 жастағы
балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы мәселені алдым. Бала ойынға жақын
болғандықтан,   ойлауды   дамытуда   ойынға,   соның   ішінде   олардың   жас
ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың маңызын көрсетіп, өз іс-
тәжірибеммен бөліскім келді.
Түйін сөздер: психологиялық ерекшеліктер, ойлау, ойындар, дидактикалық
ойындар, тәрбиеленушілер.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 5 жасының
аралығындағы  өзіне тән ерекшеліктері,  оның айналасындағы  болып
жатқан   құбылыстарды   жіті   аңғарып,   көргені   мен   сезінгендерін
зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ескерген жөн  [1].  4-5
жасар   балалардың   салыстырмалы   ойлай   алатын   қабілеттері
ерекшелене   түседі.  Қазіргі   психологияда   ойлау   ұғымына   әр   түрлі
түсінік   беріледі,   ойлау  дегеніміз   -   әлеуметтік   жағдаймен   ұштасқан,
тілмен   тығыз   байланысты   психикалық   процесс,   сол   арқылы
болмыстың,  дүниедегі  нәрселердің   жалпы  және  жанама  бейнеленуі.
Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы
танылады.   Ойлау   –   сыртқы   дүниедегі   болмыстың   жалпы   жанама
жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның
өмір   тәжірибесі   мен   практикалық   іс-әрекеттері   нәтижесінде   пайда
болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. 
Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып,
белгілі  бір  мақсаттарды  орындауға  ұмтылыс  жасайды.  Бұл   жастағы
балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Дендері
сау   боп   дүниеге   келген   балалар,   қашан   да   алғыр   да   зерек
үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды
тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір
бойы   ұмытпайтындықтары   да   белгілі.  Бүгінгі   күні     4-5   жастағы
23

балалармен сабақтағы ойын іс-әрекетінің жетекші рөлі сақталып отыр.
Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда әр түрлі ойын түрлері кеңінен
қолданылады   (дидактикалық,   ұлттық,   қозғалыс,   сюжетті-рөлдік,
ережелі   және   т.б.).   Ойындар   тәрбиешінің   балалармен   және
балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығына негізделеді, баланың
жеке  белсенділігін   көрсетуіне,   өзін   толық   іске  асыруына   мүмкіндік
беретін   бала   өмірін   ұйымдастырудың   негізгі   нысанына   айналады.
Сондықтан   кез-   келген   сабақты   өткізу  үшін   дидактикалық   ойындар
қолдана білу керек.
Жас ерекшелік психологиясы саласында ойынды Б.Г. Ананьев,
А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, А.А. Люблинская, С.Л. Рубинштейн,
Д.Б.   Эльконин   ғалымдар   зерттеді.  Ойынды   адамзат   іс-әрекетінің
арнайы   формасы   ретінде   дамытудағы   тарихи   аспектті   Е.А.
Покровский,   Р.И.   Жуковская,   Р.И.   Меджерицкая,   В.Г.   Яковлева
ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды [2].
Ойынды   оқыту   барысында   қолдануға   арналған   Қазақстандық
ғалымдардың  да     еңбектері  бар.  Атап  айтсақ: ұлттық-дидактикалық
ойындарды   пайдалануға   Р.   Жиеналиев   пен   Р.Қ.   Керімбековтың
ғылыми   жұмыстары   арналған.   А.Ж.   Алдажанова   мен   З.Н.
Күдебаеваның   ғылыми   зерттеулерінде   балалардың   сабаққа
қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны
жан-жақты   қарастырылған.   Г.Қазенованың   еңбекгі   ойын   арқылы
оқытуға   арналған.   Білім   беру   барысында   ойын   технологиясын
қолдануды   С.   Кемазанова   қарастырған.   Р.   Керімбаева   мен   Т.
Керімбаеваның   еңбектерінде   дидактикалық   ойындардың   түрлері
зерттелген. Оқушыға білімінді берік меңгерту құралы ойын екендігі А.
Рысқұлбекованың   еңбегінде   тұжырымдалған.   Мемлекеттік   стандарт
талабы бойынша тәрбиеленушілер ойыншықтар мен заттарды түсіне,
көлеміне, пішініне қарай ажыратуға, пирамидалар мен мұнараларды
реттілік   тәртібі   бойынша   түсі   мен   көлеміне   қарай   құрастыруға,4,6
бөліктен   тұратын   суреттерді   (ыдыс,   ойыншықтар,   т.б.)   жинастыру,
бөлшектелген   ойыншықтарды   (матрешкалар,   машиналар)
құрастыруға,   ойын   барысында   қарапайым   ережелерді   сақтап,
қимылдарды дұрыс орындауға дағдылануы қажет [3]. Ойын – баланың
қажетті   әрекетінің   бірі,   ойынды   4-5   жастағы   балалардың   табиғаты
керек   етеді.   Балалардың   еңбегі,   оқуы   ойыннан   басталады.   Ойын
арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын
қалыптастыруға болады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы
қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін
жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар
сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан
24

үйретеді,   әрі   дүние   танытады,   әрі   баланың   қисынды   ойлауы   мен
математикалық   ойлау   қабілетін   дамытады.   Санамақтың   түрлері   өте
көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне
сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай
жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын
көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын
талабына   зейін   қойғысы   келмесе,   ойын   шарттарын   есте   ұстамаса,
онда   оны   құрдастары   ойыннан   шеттетуі   ықтимал.   Бала   ойын
барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық
байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір
құбылыстарын,   ерекшеліктерін   байқай   отырып,   білуге
қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.
Ойын   негізінде   ойлай   отырып,   тапсырмаларды   өзінше   зерттеп,
орындау,  өзінше   шешім   жасау  өз   ойындағысын   айту   жағдайларына
мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі,
дүние   танымы   кеңейген,   болашаққа   қызығушылығы   оянған   тұлға
ретінде жан-жақты дами алады
.
Дидактикалық   ойындар   мазмұнына   сәйкес   мынадай   түрлерге
бөлінеді:
- Ойын-саяхаттар.   Олар   ертегілерге   ұқсас   фактілер   немесе
оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
- Ойын-тапсырмалар.  Бұл   ойындардың   негізін   заттар   мен
әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. 
- Ойын-болжамдар.   Бұл   ойындар   «не   болар   еді...?»,   «Мен   не
істер   едім,   егер....»   деген   сұрақтарға   негізделеді.Ойынның
дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен
ситуацияны қоюымен ерекшеленеді. 
- Ойын-жұмбақтар.   Жұмбақтың   негізгі   ерекшелігі-логикалық
астарының   болуында.   Олар   баланың   ой   әрекетін   белсендіреді.
Жұмбақтар   салыстыру,   теңеу   және   сипаттау   арқылы   ұғымның
қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер
етеді.
- Ойын-әңгімелер.   Ол   мұғалімнің   балалармен,   балалардың
мұғаліммен   және   балалардың   балалармен   қарым-қатынасына
негізделеді.   Бұл   қарым-қатынас   ойын   мазмұнында   ерекше   сипаттқа
негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде
белсендіруге,   өзара   әрекет   жасауға,   бірлесіп   ойнауға   мүмкіндік
туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
-
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
-
Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
25

-
Қайта   жасау   іс-әрекетін   жүзеге   асыруға   бағытталған
ойындар.
-
Тәрбиеленушілердің     іс-әрекетін   бақылауға   бағытталған
ойындар.
-
Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы   бойынша   дидактикалық   ойындарды   мынадай
түрлерге жіктеуге болады:
- Сюжеттік-рөлдік ойындар.
- Жаттығу ойындары.
- Шығармашылық ойындар.
- Драмалық ойындар.
- Әдеби-музыкалық ойындар.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген   қызығушылықтарын   арттырады.   Мектеп   жасына   дейінгі
балалардың   зейіні   тұрақсыз   болғанымен,   қабылдау   есте   сақтау
мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез- келген сабақты өткізу
үшін   дидактикалық   ойындар   қолдана   білу   керек  [4].  Дидактикалық
ойындар   кішкене   балаларға   мейлінше   тән   оқыту   формасы   болып
табылады,   оның   арғы   тегі   ойынды   өлең   мен   қимылмен   ұштастыру
негізінде   көп   нерсені   үйрететін   ойындарды   жасаған   халық
педагогикасына   жатыр.   Мысалы:   «Сиқырлы   қалпақтың   сырын
ашайық»- деген ойынды   балаларды зат туралы айта білуге үйрету,
олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын
міндеті-қалпақтың   астында   не   бар   екенін   білу.  Сонымен   қатар   өз
тәжірибемде   төмендегі   ойындарды   жиі   пайдаланамын.   «Тілші»
Мақсаты:  Қойылған   сұраққа   толық   жауап   қайтара   білу.Ойынның
шарты:   Жүргізуші   бала   тақырып   бойынша   балаларға   сұрақ   қояды,
жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала)
-
Мынау не?
-
Мынау жеміс алма.
-
Алма қандай?
-
Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай)
«Доп   кімде?»  Мақсаты:  бір   затты   атап,   оның   көлемі,пішіні
туралы айту.
Ойынның   шарты:   Бір   бала   ортада   тұрады.   Қалған   балалар
шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші бала шеңбермен жүріп 3-4 балаға
допты   беріп   сөзді   атайды.   Допты   алған   балалароған   сипаттама
жасайды.
    
«Қолшатыр»   Мақсаты:   Жаңа   сөздерді   сөйлем   ішінде   дұрыс
қолдана білу.
26

Ойынның шарты:  Бір бала   қолшатырды алып ортаға тұрады.
Қалған   балалар   айналып   жүреді.   Әуенді   тоқтатқан   кезде   тоқтайды.
Түскен тірек - схема арқылы сөйлем құрып айтады. 
Мысалы: - Ойыншық қоян кішкентай, ақ.
-Ойыншық аю әдемі 
Тәрбиеленушілердің   ойлау   қабілетін   дамытуда   сабақты   ойын
ретінде   өткізуге   де   болады.  Сабақтың   бұл   түрі   -   баланың
шығармашылық   және   ойлау   қабілетін   дамытады.   «Сөзжұмбақ»
оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген
материалды   қаншалықты   меңгергенін   тексеруге   өте   қолайлы.
Логикалық   тапсырмалар   баланың   психологиялық   және   жас
ерекшелігіне   байланысты   таңдап   алынады.   Қазіргі   педагогтардың
пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды
шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін
дамытып,   өз   пікірлерін   дәлелдей   алуға   жетелейді.Жұмбақ   шешу
шығармашылық   үрдіс.  Сөзжұмбақты   кішкентай   қалташалар  арқылы
жасауға  болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе
қарай қаратып жазып, екінші жағына суреттер беруге болады. Сондай-
ақ,ойындар   барысында   қызықты   тапсырмалар   қолдану   да
тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін жетілдіруге көмектеседі.
Үстел үстінде бір алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп
қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 
Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл,
сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те
емес. Кімнің жалаушасы қандай? 
Екі сиырдың мүйізі қанша? 
Бір мысықтың аяғы қанша? 
Бес қойдың басы нешеу? 
Үш адамның қолы нешеу? 
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу
тапсырмаларына   барынша   назар   аудару   болып   табылады.   Мұндай
тапсырмаларды   орындау   үрдісінде   балалар   бірқатар   логикалық
тапсырмаларды   орындайды.   Мұндай   дидактикалық   ойындар
ізденгіштік   деп   аталады.Ізденгіштік   дидактикалық   ойындар
репродуктивті және жартылай ізденгіштік дидактикалық ойындардан
тұрады. 
Жекелеген   дидактикалық   ойындар   баланы   дербестікке   баули
отырып   оны   шығармашылық   жұмысқа   итермелейді.   Мұндай
дидактикалық   ойындар   шығармашылық   ойындар   деп   аталады.
Сабақтағы ойындар балаларды тежелушіліктен құтқарады, бір-біріне
27

сенімділік   және   іскерлік   атмосферасында   белгіленген   жұмысты
жүргізуге ұмтылады.
Осылайша   дидактикалық   ойындарды   қолдану   бойынша
қорытындылай отырып, төмендегілерді айтуға болады:
Дидактикалық   ойындар   ойлау,   ерік,   жады,   назар,   сөйлеу,
моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. 
Сабақтағы   ойын   жағдайларында   бала   іс-әрекеттің   үрдістік
жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл баланы  тұлға
ретінде  дамытуға мүмкіндік береді. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Авторлар   тобы.   Дидактикалық   -   танымдық   материалдар,
Қызылорда,2003
2.Базарғалиева Ғ. Мектеп  жасына дейінгі балалардың  ақыл-ой
белсенділігін   жетілдіруде   оригамидің   тиімділігі   //   Отбасы   және
балабақша 2006. - №1. - Б. 22-23.
3. Егенисова А.Қ. Мектепалды даярлық топ балаларының ойын
арқылы ойлау қабілетін дамыту. // Бастауыш мектеп. 2008. - №5. - Б.
21-24
4.Сансызбайқызы М. Ойна да ойлан. Алматы, Шартарап, 2000. -
Б.36-39
28

Битимбаева Альфия Фаридовна 
КГКП «Детский сад-ясли № 42» 
Казахстан,  Усть-Каменогорск
detskisad42@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет