Келер үшінші мыңжылдықта өмір сүру бақыты жастардың маңдайына
жазылған. Жастардың өз болашақтарының, жақсы тұрмыстарының
негізін өздері қалауға аянбай жұмылатын уақыты келді. ...Бірлігімізді,
Елдігімізді сақтай білейік» (Президенттік телефон желісі.1991ж.) деген сөзін
еске алсақ, 20-дан асып, желкілдеп өскен тәуелсіздіктің құрдастарын мысалға
көптеп келтіруге болады. Өйткені, олар,өз арамызда, қасымызда өмір сүріп
жатыр.
Н. Назарбаевтың еңбектерінің арасында «Еуразия жүрегінде»
кітабындағы « Алматы көкжиегі», «Астана ажары», «Атаулар керуені»,
«Өңірлік өрлеу өзегі», «Тарихтан танабында таңба қалған», «Е л қондырдық
Есілге», «Есілдің оң жағасы, сол жағасы», « Мәуелі бәйтерек», « Астананың бас
қалқаны», «Ежелгі қоныс, ескі жұрт» осындай көптеген тарауларын тақырып
етіп алып, сабақта пайдалану арқылы көкірегінде мәңгілік елдің алауы
маздаған, қайсар да табанды ұл, жайсаң да жаны жақсылыққа іңкәр қазақ
қызының тәрбиелеудің маңызы зор.
«Н. Назарбаевтың ел ертеңін ойлаудағы ақыл-ой озықтығына, сол
арқылы сараланатын айрықша екі қасиеті бар. Оның алғашқысы-
сабырлы да саңлақ саясаткерлігі, екіншісі - болашақты болжай білетіндігі,
әрі сол байламдары бойынша батыл қадамдарға баруы» деп баға берген
Оразалы Айсиннің сөзіне еш талас жоқ. (168-бет).
Қорытындылай келе сеніммен айтарым, жүздеген ұлт пен ұлыстың басы
қосылған, діні мен ділі, тілі мен мәдениеті әртүрлі өкілді біріктіріп, үш жүз
қазақтың мақсат-мүддесін бір арнаға тоғыстыра білген Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы,
сөз жоқ кез келген азаматқа адамгершілік тұрғыдан, ел басқару өнері - үлгі
боларлық.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың халыққа
Жолдаулары. 1997-2015ж.
2. Н. Назарбаев « Еуразия жүрегінде» Астана,2005.
113
3. Қ. Әлімқұлов пен М. Қасымбеков «Нұрсұлтан деп ат қойдым...» ,1997.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН
БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫ
ТӘРБИЕЛЕУ –
ЕЛ ЕРТЕҢІ
Кобдикова А. К.,
аға оқытушысы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ-ның
Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ
табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын
көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы
жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан
сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Басты мақсат – Қазақстанның 30
мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті [1].
Осыған орай Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің
стандартына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту
қажеттілігін туындатуда. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси
бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы
шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Сонымен қатар, BNews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында
осылай мәлім етті, деп хабарлайды: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың
жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем
елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын
алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. ...[2].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын қарастыратын болсақ,
онда «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің жеке адамдардың,
қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге
қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр [3].
Осындай өзекті мәселенің шешімін табу үшін бірнеше жылдар ішінде
оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағытын күшейту,
дамытушылық функцияларын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралар
ауқымы біраз.
Бүгінгі қоғам өз ілеспес жылдам болып жатқан терең өзгерістермен
сипатталады. Ол өзгерістер жаңалықтар деп аталып жүр. Оқытудың деңгейін
көтеру тұрмыстың деңгейін көтеруге тікелей әсер ететіндіктен, білім беру ісін
жетілдіру оның тиімділігін арттыру қажеттігі туып отыр. Ал бұл педагогикалық
жаңалықтарды енгізу арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде болашақ ұрпаққа тәрбие мен білім берудің негізі болып
114
саналатын жалпы білім беретін мекемелердің педагогикалық үрдісін жақсарту
бірінші кезектегі мәселе болса, онда бастауыш мектеп – ең негізгі іргетасы.
Осыған орай қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орта білім
мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика
кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан
әрі – Бағдарлама) бойынша біліктілікті арттыру курсы жаңартылған білім беру
бағдарламасының Қазақстанның білім беру жүйесін реформалауға айтарлықтай
үлес қосуына мүмкіндік береді [4]. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің
келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы
мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?»
және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар
туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру
бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен
тығыз байланысты.
Қазіргі
кезде
Қазақстанда
жоғарыда
сипатталған
жаһандық
проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар
жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға,
оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті
құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін
арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы
қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара
әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау
жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі
болып табылады. Бұларды осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы
қарастырылған бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларынан көруге
болады: қазақ тілі, сауат ашу, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану және
дүниетану. Жалпы алғанда, оқу бағдарламалары білім беру бағдарламасының
негізінде әзірленеді және оқушылар нені білуі және нені істей білуі керек
екендігін жан-жақты көрсететін критериалды бағалауға негізделген сынып
сайын күрделеніп отыратын оқу мақсаттарын қамтиды.
Сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында
оқушылардың бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен
дағдылар тізімі құрылды.
Рухани құндылықтар:
-
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
-
қарым-қатынас жасау қабілеті;
-
өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
-
жауапкершілік;
-
денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
-
өмір бойы оқуға дайын болу.
Дағдылар:
-
сын тұрғысынан ойлау;
-
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
115
-
проблемаларды шешу қабілеті;
-
ғылыми-зерттеу дағдылары;
-
қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
-
жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
-
АКТ саласындағы дағдылар.
Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының және ЭЫДҰ
Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі міндетін
атқарушы (2014) Андреас Шлейхер: «Адамзатқа және қоғамға орасан зор
проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем
түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет
өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды,
көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне
қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе
отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін
әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге
байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек.
Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және
азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай
отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына
отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек» [4].
Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру
бағдарламасы да қамтылмақ. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым,
проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық
материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін
көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана
білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға
қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі
тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.
Н.Ә. Назарбаев «Назарбаев Университетінде» кезекті лекциясында: «Бұл
заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман... Заманауи әлемде елдің
қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім –
тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтығымыздың алдаспаны. [5].
Әрине, инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат
пен ерік жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл екенін білеміз. «Мәңгілік Ел»
ұлттық идеясын іске асыратын, жас ұрпақты жетелейтін ұстаздар үшін
болашақта барынша қолайлы жағдайлар туғызады деген сенімдемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Казахстанская правда. Общенациональная ежедневная газета Казахстана.
№11(27632), 18.01.2014.
2.
http://bnews.kz/kz/news/2050_strategy/astana/spetsproekti/2050_strategy/mangi
lik_el__kazak_halkinin_ulttik_ideyasi__nnazarbaev-2014_01_17-973469.
3.
Қазақстан Республикасының Заңы. Білім туралы. Астана, Ақорда, 2007
жыл, № 319 – ІІІ ҚРЗ.
116
4.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Екінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,
2015.
5.
Егемен Қазақстан. Жалпы республикалық газет № 588-589 (27662),
6.09.2012.
НАЦИОНАЛЬНАЯ ИДЕЯ «МӘҢГІЛІК ЕЛ»
-
ОСНОВА
НАЦИОНАЛЬНОГО ВОСПИТАНИЯ
Кожашева Алия,
Кожашева Майра Дуйсенгалиевна,
Учитель, Актюбинская область,
Темирский район, Шубаршийская
средняя школа, kmd_1960@mail.ru
«Мы сумели сохранить свой язык, религию, самобытность и нам следует
воспитывать нашу молодежь именно в этом духе».
Н. А. Назарбаев
Основные идеи миролюбивой политики как девиз и принципы
международных отношений ХХI в. выдвинул Президент РК
Н. Назарбаев: это - доверие, традиция, транспарентность и толерантность.
В «Стратегии «Казахстан-2050» – Новый политический курс состоявшегося
государства», актуализируя вопросы, связанные с проблемами духовного
единения и преемственности поколений, формирования у нее национального
самосознания и нового казахстанского патриотизма, Президент страны
Н.А. Назарбаев особо акцентировал внимание на то, что это есть необходимое
условие построения цивилизованным путем, в ближайшем будущем, Сильного
и Мощного Государства Казахстан.
В научных исследованиях по проблемам национального воспитания
учащейся молодежи отмечается: национальное самосознание личности
выражает представление о национальной принадлежности, отношение к
историческому прошлому нации, её настоящему и будущему, активность в
освоении родного языка, в изучении народной культуры, в осознании и
принятии национальных интересов и ценностных ориентаций.
С учетом сказанного выше, нельзя не отметить, что в последние
десятилетия общество переживает болезненный период, связанный с усилением
нравственно-духовного кризиса молодёжи во всех ее аспектах: нравственном,
социальном, физическом и психическом. Приоритетными становятся не
духовные, а материальные ценности. На практике это проявляется в том, что
молодые люди относятся к выполнению важнейших гражданских обязанностей
безответственно, демонстрируют социальную незрелость и бездуховность.
Сегодня должно стать аксиомой - путь в страну с конкурентоспособным
117
человеческим капиталом, путь к Обществу Всеобщего Труда, путь к
совершенно иному качеству жизни - возможен только через нравственно-
духовное возрождение нации.
В
рамках
реализации
идеи
«Мәңгілік Ел»
ставится
задача
целенаправленно вести воспитательную работу в школе, усилить именно
воспитательный компонент процесса обучения. Изучение предметов должно
быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и
патриотических чувств, гражданской ответственности учащихся, развитие
национального самосознания и толерантности, укрепление светских ценностей
и формирование осознанного неприятия молодежью идеологии терроризма и
экстремизма, умения общаться в условиях полиэтнического Казахстана. Эти
ценности, которые определяют содержание идеи «Мәңгілік Ел», как фундамент
ее воплощения в жизнь должны быть заложены в школе. В целях формирования
граждан и патриотов, обладающих нравственными и лидерскими качествами, в
нашей школе, как и в других организациях образования, в этом году массово
проводились мероприятия, посвященные Году Ассамблеи народа Казахстана,
20-летию Конституции Республики Казахстан, 550-летию образования
Казахского ханства Школьники очень трепетно и ответственно относятся к
таким понятиям, как толерантность, честность, трудолюбие.
Рассказывая школьникам, как на протяжении веков воинственные и
свободолюбивые казахи мечтали о Мәңгілік Ел и Мәңгілік Тәуелсіздік и для
достижения этой священной цели, объединившись, защищали свои земли, мы
объясняем, что сегодня задача всех казахстанцев, независимо от
национальности, – объединиться вокруг идеи Мәңгілік Ел и всегда помнить,
что Казахстан – наша общая и единственная Родина, и живем мы на священной
земле предков. Приумножать мощь государства, крепить независимость, беречь
родные просторы – наш общий долг. Национальная идея «Мәңгілік Ел»
направлена на воспитание у детей и молодежи социальной ответственности,
готовности к труду на благо казахстанского общества и чувства единения.
Воспитать гражданина, патриота, интеллектуала можно лишь в эффективной
среде, в которой созданы все условия для гармоничного развития личности.
Перед нами стоит сложная задача сформировать эту среду, подключив к
диалогическому, в полном смысле, обучению все компоненты социума –
родителей, учителей, общественность, этнокультурные объединения. Лишь
только в полном взаимодействии мы можем рассчитывать на результат в
процессе формирования молодого человека, способного в дальнейшем
принести пользу не только себе, но и стране, народу.
7 принципов «Мәңгілік Ел»:
Во-первых, это Независимость Казахстана и Астана. Во-вторых,
национальное единство, мир и согласие в нашем обществе. В-третьих, это
светское общество и высокая духовность. В-четвертых, экономический рост на
основе индустриализации и инноваций. В-пятых, это Общество Всеобщего
Труда. В-шестых, общность истории, культуры и языка. В-седьмых, это
национальная безопасность и глобальное участие нашей страны в решении
118
общемировых и региональных проблем. В это понятие вкладываются такие
ценности как гражданское равенство, трудолюбие, честность, культ учености и
образования, светское государство и толерантность. И на своих уроках
самопознания, литературы мы ни на минуту не забываем об этих ценностях.
Через классные и внеклассные мероприятия учим уважать друг друга, уважать
мнения других, уметь прислушиваться к ним, уважать личность.
Реализация
национальной
идеи
«Мәңгілік
Ел»
зависит
от
жизнеспособности страны. В этом понятии сосредоточены и территория
(территориальная
целостность),
народонаселение
(демографическое
состояние), и управление (качество государственного управления),
организующее всю систему как единую. Национальная идея «Мәңгілік Ел»
может дать ответы на следующие вызовы современности:
Во-первых, вступают в жизнь «дети суверенитета». В этих условиях как
никогда важно правильно определить векторы и содержание развития их
идентичности. От этого зависит не только их будущее, но и будущее
государства.
Во-вторых, современная казахстанская семья и ее полноценное
функционирование немыслимы без культуры, без духовной и нравственной
цели, без формирования патриотизма. Осуществление указанных параметров
развития современной семьи возможно только на основе базовых ценностей
национального
менталитета.
Базовыми
ценностями
национального
менталитета являются высокая нравственность, преданность своей вере в
сочетании с веротерпимостью, взаимопомощь, дух коллективизма, особая
любовь к земле предков, толерантность, совестливость, долг, высокая роль
семьи и человека, гражданственность, чувство справедливости,
милосердия, готовность к преодолению жизненных испытаний, готовность
к служению людям и Отечеству и т. д.
Именно семья является первичной колыбелью национальной идеи
«Мәңгілік Ел» для подрастающих поколений. Как только ослабевает
воспитательная функция семьи, жизнеспособность страны снижается.
В-третьих, нельзя не отметить, что в последние годы труд в семье был
отодвинут так далеко, что он как источник созидания личности перестал
участвовать в воспитании молодого человека. В этой связи в национальном
менталитете труд должен формироваться как базовая ценность, как основа
духовного, морально-нравственного роста нации. Для этого необходимо
культивировать труд в семье и обществе, сделать его главным фактором
личного успеха. Поэтому в школе на должный уровень поставлена работа с
родителями. Они являются союзниками учителей в деле воспитания
подрастающего поколения.
Идея “Мәңгілік Ел” должна выступать системой общегражданских
ценностей. По мнению Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева,
документ должен стать второй Конституцией для каждого казахстанца.
Литература:
1.
Kazakhstan Today- Алматы. 13 ноября. 2009г.
119
2. Конституция Республики Казахстан. 1995.
3. Лапенко М.В. Идейная консолидация казахстанского общества http://www.
contur.kz/node/161
4. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу
Казахстана Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое
будуще. Астана. 2014г.
5. Послание
Президента
Республики
Казахстан-Лидера
нации
Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050». Новый
политический курс состоявшегося государства - декабрь, 2012г.
ҰЛТТЫҚ
ИДЕЯСЫ
НЕГІЗІНДЕ
БІЛІМ
БЕРУ
МАЗМҰНЫН
ЖАҢАРТУ
Кувондикова Гулсим Кувондиковна,
Математика пәнінің мұғалімі
Алматы обл, Қарасай ауданы, Үшқоныр
ауылы М. Әуезов атындағы орта мектеп
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан
жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына
Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша
қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты
құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген:
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік,
бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият;
индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім;
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге
жаһандық тұрғыдан қатысуы. Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық
идеясын
жүзеге
асыру
жағдайындағы
тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының
ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін
білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге
бағдарлау қажеттілігімен айқындалады.
Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға
жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру
міндетін қойды.
Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық
экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын
тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен
мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі
– 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің
жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың,
120
руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы,
әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп
жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін
ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін
жағдайлар жасалуда.
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің
жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың,
руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы,
әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп
жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін
ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін
жағдайлар жасалуда.
Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі, өз денсаулығын
сақтаудағы экономикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда;
отбасы, достары, денсаулығы, материалдық игіліктер, қызықты жұмыс,
мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі өмірлік құндылықтары болып қала
беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі
бірқатар проблемаларды:
– жасөспірімдер ортасында ксенофобия, кемсіту мінез-құлқы мен
жауығушылықтың туындауына әкеліп соқтыратын балалардың жекелеген
санаттарының этикалық, азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие
деңгейінің төмендеуін;
– көп жағдайда рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтар екінші
орынға шығып қалады. Көптеген отбасылар мен мектептерде балалар ана
тілінде қарым-қатынас жасамайды, өз халқының мәдениетімен аз таныс, ата-
ананы құрметтеу, ата-аналардың баласының болашағы үшін жауапкершілігі
және балалардың ата-ана алдындағы борышы және т.б. дәстүрлі отбасылық
құндылықтардың құнсыздануын;
– балалар мен оқушы жастардың батыс мәдениетінің құндылықтарына қайта
бағдарлануы өскелең ұрпақтың адамгершілік және моральдық болмысының
құлдырауына, рухани жұтаңдауына әкеледі. Балалар мен жасөспірімдер
арасында қайырымсыздыққа үгіттеу, темекі шегуге, алкоголь және есірткі
пайдалануға, оқушылар арасында зорлыққа, жезөкшелікке бейімдеудің
жүргізілуін;
– оқушының жауапкершілігін және жасөспірімдер мен жоғары сынып
оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытудың жоғары әлеуеті − еңбек
тәрбиесінің рөлінің төмендеуін;
– денсаулық мәдениеті мен саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша
жүргізілген жұмыстың тиімсіздігін;
– отбасының және қоғамдағы басқа әлеуметтік институттардың тәрбиелік
әлеуетінің жеткіліксіздігін;
– әлеуметтік жетімдік, суицид проблемаларын, іріткі салатын секталарға
қатысуын және т.б. шиеленістіріп отыр.
121
Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді.
Олардың материалдық жабдықталуы 60% ғана болып отыр. 680 қосымша білім
беру ұйымдарының тек 284 ғана ауылды жерлерде. Көптеген қызмет түрлері
ақылы болғандықтан ол балалардың барлығы үшін қолжетімді болмай тұр.
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі – нысаны балаларды және оқушы
жастарды рухани, адамгершілік, патриоттық дамыту болып табылатын тәрбиені
әлеуметтік құбылыс ретінде және мақсатты процесс ретінде де жете бағаламау.
Тәрбиенің өзі құндылықтар, қарым-қатынас, мінез-құлық, мораль және
адамгершілік сияқты категориялармен анықталады.
Сондай-ақ тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асырудың
жаңа тәсілдерін енгізу механизмдерінің өңделмегендігі, педагогикалық және
жетекші мамандардың жаңа жағдайлардағы тәрбие жұмысына даярлығының
жеткіліксіздігі ықпал етеді.
Сонымен, білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекет стратегиясы
ретінде басқару органдары мен білім беру ұйымдары үшін өзінің білім беру-
тәрбие кеңістігінде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындау мен
енгізудің объективті алғышарттары қалыптасты
Қазақстандық қоғамның Мәңгілік елге бағытталуы жағдайындағы
тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму
тарихының субъектісі ретінде, өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы
ретінде, жаңа идеялар мен бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше
түрдегі әлеуметтік құндылық ретінде қабылдау миссиясын атқарады.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отыра, біздің
жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына
негізделген «Тәрбиенің құндылықты моделі»ұсынылады.
Мәңгілік Ел – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы
жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену
мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды
дамытудағы біздің стратегиямыз. Біздің Мәңгілік Елді жасауымыздың басы
тәрбиенің жаңа құндылықты моделі болып табылады, себебі білім беруде басқа
саладағы сияқты барлық халықпен бірге ел тағдырын жасайтын балалар мен
жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге лайық үлгі қажет.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаттары мен міндеттерін
іске асыруда тәрбие жұмысының басым бағыттары анықталды:
1·жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
2·рухани-адамгершілік тәрбие
3·ұлттық тәрбие
4·зияткерлік тәрбие
5·еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау
6·дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты
7·экологиялық тәрбие
8·көпмәдениетті тәрбие
9·көркем-эстетикалық тәрбие
10·көшбасшылық қасиеттерді дамыту
122
11·отбасы тәрбиесі
Достарыңызбен бөлісу: |