1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚФ
Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ФАО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
«ӨРЛЕУ»
Институт повышения квалификации педагогических работников по
г. Астана
«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық пәндердің
мазмұнын жаңарту мәселелері»
Республикалық on-line конференцияның
МАТЕРИАЛДАРЫ
30 мамыр 2016ж.
МАТЕРИАЛЫ
Республиканской on-line конференции
«Вопросы обновления содержания общественно-гуманитарного образования
на основе национальной идеи «Мәңгілік ел»
30 мая 2016г.
Астана, 2016
2
Рекомендовано к изданию ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по г.Астана
Под общей редакцией Саиновой Л.А.
Редакционная коллегия: Чокушева А.
И., Сайлыбаев А.А., Асамбаев М. Ж.,
Ахметова К. К., Бегалина О. А., Дуйсебаева М. Ж., Бурабаева Р. С.,
Нурмаганбетова В. И.
«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық
пәндердің мазмұнын жаңарту мәселелері»/ «Вопросы обновления
содержания
общественно-гуманитарного
образования
на
основе
национальной идеи «Мәңгілік ел»: Материалы Республиканской on-line
конференции. 30 мая 2016г.
В сборнике представлены материалы Республиканской on-line
конференции по вопросам реализации национальной идеи «Мәңгілік ел» в
учебно-воспитательном процессе в условиях обновления содержания
общественно-гуманитарного образования.
Представлены выступления, прозвучавшие в ходе on-line конференции, а
также статьи заочных участников.
Сборник адресован специалистам системы повышения квалификации
педагогов, а также широкому кругу читателей.
3
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН
БІЛІМ МАЗМҰНЫН
ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН
«LESSON STUDY
-
МҰҒАЛІМНІҢ
КӘСІБИ БІЛІМІН
ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІ»
Әбдірахманова Сәуле Заирқызы,
I (ілгері) деңгейлі қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі «Екібастұз
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№7 мектеп-гимназиясы»КММ
Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада
бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз
үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп,
әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру
жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Соның алғашқы баспалдағы ретінде
еліміздің педагог кадрлары оқытудың «Кембридж тәсілін» меңгертетін үш
деңгейлі курстардан өтіп жатыр. Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер
қарастырылғанына қарамастан сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту
тәсіліне басымдылық берілген.
Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей
байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - оның жан-жақты білімінен,
ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол
әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік,
дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі күні мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен
біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан
ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен
шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз
бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін
қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту
туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін
міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді тәсіл - бұл Lesson
Study.
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге
бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл үдеріс барысында оқу
сапасын арттыру үшңн белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын
анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін
зерделейді. Lesson Studyдің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік
болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында
4
бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми
дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер
жинауды көздейді.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Бірінші (ілгері)
деңгей.Екінші басылым.) Lesson Study - ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту
мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп
жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген
соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,
кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы
әріптестеріне таратады
Биылғы жылы МДЖ жоспарына сай Lesson Study циклін өткізу үшін
зерттеу алаңына 3 «ә» сыныбы алынды. Lesson Study циклін өткізу үшін
оның жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын топ құрылды.Топ мүшелері:
Чикаева С. О. - бастауыш сынып мұғалімі, 3-деңгейлі курстан өткен,
Байбакина Н. С. - бастауыш сынып мұғалімі, Садуова Ұ.Ж. - бастауыш
сынып мұғалімі, Қазымбекова Т.Б. - жаратылыстану пәнінің мұғалімі,жас
маман. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса
келе, зерттелетін пән математика алынып, « Сабақ үрдісіндегі топтық
жұмыстың тиімділігі» тақырыбы бойынша 3 «Ә» сыныбында Lesson Study
жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 21 оқушы. Cыныптың математика пәнінен
білім көрсеткіші - 50% құрайды. Жалпы сыныптың білім деңгейі мен
белсенділігі орташа. Сондықтан осы сыныпта топтық жұмысты
ұйымдастыруды басты назарға алғандағы мақсатымыз - топтық жұмыс
арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера
тудыру болды. Сонымен қатар топтық жұмыс арқылы оқушылардың таным
белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.Lesson
Studyтобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң
топ мүшелеріне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді:- осы сыныптағы
зерттелетін А сынды, В сынды, С сынды оқушыларды анықтау. - Lesson
Study -дің аяғында әр оқушыдан(А, В, С) қандай нәтиже күтілетіні туралы
қысқа да нұсқа жазу. Алғашқы Lesson Study циклі дәстүрлі сабаққа
қатысудан басталды.Мұғалім жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып
бойынша ауызша есептер орындатып, жетелеуші сұрақтар берді. Бұл жұмыс
карточкалар арқылы жүзеге асырылды.Сабақта жиі сұрақ қою әдісі
қолданылды. Өздігінен есеп шығару,оның ішінде логикалық есептер
шығаруға көңіл бөлінді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы
орындап, жұмыс істеді.Бұл сабақта А сынды оқушының сабаққа қатысы
ерекше болды.Оқушының көшбасшы болуға лайық екендігі байқалды. В
сынды оқушы логикалық есептер шығаруда көп ойланатыны, бірден
қабылдай алмайтынын көрсетті. С сынды оқушы бұл сабақта енжарлық
танытты. Бірінші Lesson Study - ді талдап, сабақ берген мұғалімнің, топ
мүшелерінің, оқушылардың пікірін білгеннен кейін, екінші Lesson Study
сабағының жоспары құрылды. 2-ші Lesson Study сабағының тақырыбы: «Екі
таңбалы сандарды көбейту және бөлу».Сабақ психологиялық жағымды сәт
туғызудан басталды, оқушылар бір-біріне,мұғалімге жақсы тілектерін тіледі.
5
«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлінді. Топтық ережесі бекітілді. Спикерлер
тағайындалды,олардың міндеттері белгіленді. «Миға шабуыл», «Ыстық
орындық» әдістері арқылы өткен сабақ, көбейту кестесі еске түсірілді.Үй
тапсырмасы «Шаңырақ» әдісі арқылы тексерілсе,«Кім жылдам?», «Қатені
ұстап ал» әдісі арқылы үлгі бойынша логикалық тапсырмалар
орындалды.Бағалау парақтары арқылы оқушылар өздерін бағалап
отырды.Есептер құрастыру, кубтар шығару тапсырмалары топпен
орындалды. Топ спикерлері жұмыстарын қорғады.Теңдеуді шешу есебі жеке
жұмыс істеу арқылы жүзеге асырылды.Кері байланыс кезеңінде оқушылар
сабақта не ұнағанын,ұнамағанын стикерлерге жазды.Жалпы балалардың
пікірі бойынша сабақ бәріне ұнаған,алайда топ мүшелерінің бақылау
нәтижелері оқушылардың топпен жұмыс істегенде бір-бірін тыңдамай ,әркім
өзін көрсеткісі келіп, тапсырманы жеке өздері орындап, топпен ойларын
бөліскісі келмейтіндігін көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, топпен бірігіп жұмыс
істеу өз деңгейінде болмады.Зерттеу алаңындағы А және В сынды оқушылар
күткен нәтижеге сай жұмыс істеді. С сынды оқушы көбейту кестесін
тексергенде белсенділік танытпады, бірақ сабақтың қалған бөліктерінде
сабаққа қатысып отырды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне деген
сенімсіздік болғаны байқалды. Екінші Lesson Study-ді талдап, сабақ берген
мұғалімнің, топ мүшелерінің, оқушылардың пікірін білгеннен кейін, үшінші
Lesson Study сабағының жоспары құрылды. 3-ші Lesson Study сабағының
тақырыбы өткенді қайталау болғандықтан, әр түрлі тәсілдермен есептер
шығаруға баса назар аударылды. Тапсырмалар топта, жұпта, жеке
орындалды.Екінші сабақта оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланбағаны
байқалғандықтан (оқушылар 3 топ болып жұмыс істеген), үшінші сабақта
парталардың орны ауыстырылды.Енді парталар төрт топ болып жұмыс істеу
үшін біріктірілді. Екінші сабақпен салыстырғанда үшінші сабақта топпен
жұмыс істеу тиімдірек болды. Топтың құрамы өзгертілді. Оқушылар түстер
арқылы топқа бөлінді.Топ ережесі түсіндіріліп,оқушылар топ ережесіне сай
жұмыс істеді. Бір-бірін тыңдай білді, оқушылар біраз жинақталып қалды,
тәртіптері де жақсарды.Алайда жұмыс барысында топ спикерлерінің тиісті
білім-білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу
дағдылары жетпей жатқаны байқалды, десек те А сынды оқушы сабақтың
барлық бөліктерінде белсенділік танытып, көшбасшылық қасиеттерін
көрсетті. АВС сынды оқушылармен болған сұхбат оларға топпен жұмыс
істеу ұнайтынын, онда есептерді барлығы бірігіп шығарып, ортақ шешімге
келетіндері, өздерін, бірін-бірі, топтарды бағалау, сергіту кезеңдері
қызықтыратынын айтты. Бұл сабақта АКТ мүмкіншілігі ұтымды
пайдаланылды.Үшінші Lesson Study -ді талдап, сабақ берген мұғалімнің, топ
мүшелерінің, оқушылардың пікірін білгеннен кейін, төртінші Lesson Study
сабағының жоспары құрылды. 4-ші Lesson Study сабағының тақырыбы
«Көбейту мен бөлуді қайталау». Сабақ үдерісінде топтық жұмысы «ойлан-
жұптас-бөліс» әдісі арқылы жүзеге асырылды, яғни оқушылар тапсырманы
әуелі жеке орындап, одан кейін көршісімен жұпта, содан кейін топта
6
талқылады. Дарынды оқушылармен жұмыс «дарындылар аралы» деп аталды.
Мұнда дарынды оқушылар жеке топта отырып, логикалық тапсырмалар
орындады.Бұл тапсырмада да А сынды оқушы зеректігімен, шапшаңдығымен
ерекшеленді. Сабақ барысында интербелсенді тақта мүмкіншіліктері тиімді
пайдаланылды және оқушылардың интербелсенді тақтамен жұмыс істеуде
асқан қызығушылық,белсенділік танытатыны осы сабақта айқын көрінді.
Сонымен Lesson Study сабақтары мұғалімдерге не берді?
1. Мұғалімердің кәсіби біліктіліктері көтерілді.
2. Бір-бірімен тәжірибе алмасу арқасында білімдері жетілдірілді.
3. Мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну мақсатында үнемі ізденуде
болды.
4. Тәжірибе алмасу кеңістігі кеңейді.
5. Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын
түсінуді үйренді.
6. Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің
оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік берді.
7. Lesson Study циклі сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі
мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге
немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Lesson Study сабақтары оқушыларға не берді?
1.
Оқушылардың білім сапасы сәл болса да көтерілді,егерLesson Study-ге
дейін білім сапасы 50% болса,Lesson Study-ден кейін білім сапасы 52%, яғни 2%
өсті.
2.
Оқушыларда сабаққа деген қызығушылық пайда болды.
3.
Әр түрлі әдіс-тәсілдер оқушыларды белсенділікке жұмылдырылды.
4.
Оқушылар топта жұмыс істеуге бейімделді.
Дәстүрлі тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп
зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Lesson Study
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе
алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушының тақырыпты
жақсы меңгеруі және оқушының белсенділігін арттыру үшін бірнеше сабақ
бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді
анықтау арқылы жетістікке жетуге болатынын байқадық. Осы орайда Lesson
Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар
шеберханасы десек артық айтқандық емес деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиет:
1. Н.Ә. Назарбаев. Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан
дамуының басты бағыты. 2012ж. «Ана тілі газеті», №5
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Бірінші (ілгері) деңгей.Екінші басылым.
НЗМ, ПШО
3.Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану.Алматы
2010 ж.
7
МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ
-
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ
Әлімбекова Ажар Бостанқызы,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғам филиалы Оңтүстік
Қазақстан облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жылға жуықтады.
Тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпақтары өсіп жетілуде. Қазақ халқының
бүгінгі жетістігі көктен түскен жоқ. Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді
анталаған жауларының қызғыштай қорғап,ат үстінде арыстандай арпалысып
қалған асыл бабаларымыздың арқасы. Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты
Керей мен Жәнібек бабаларымыз ірге тасын құрып берген Қазақ хандығы да
талай тар жол тайғақ кешулерді бастан кешкен.
Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқы тарихының басты мәселесі
болып отырғаны белгілі. Осы мәселеге қазақ халқы тарихында жауап іздемеген
батырлар, қара қылды қақ жарып, әділін айтып, елді аузына қаратпаған
шешендер мен көсемдер, хандар мен билер, тіпті, халық арасынан шыққан
даналардың тарихта үнемі болып тұрғаны әлімсақтан белгілі. Бүгінде осы
сұраққа жауап іздеу үрдісі әлі жалғасуда. Заман өзгерді, соған сәйкес жауаптың
бағыты мен мазмұны да өзгерді. Қойылған тарихи сұраққа жауап беру деңгейі
әрқилы, сан алуан.
Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары
қарау мүмкін емес және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы
белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ қоғамы үшін қашанда өзекті.
Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия»
немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абстрактылы ұғымдар жиынтығы
емес. Ол - Қазақстанның антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның
темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-
бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-саяси ұстаным. Сонымен
бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін
ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени,
тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың
әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны
дамытудың басты факторы болуы тиіс. Сондықтан да «Мәңгілік Ел» идеясын
жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізін философиялық тұрғыдан талдау
қажеттілігі туындайды. Біздіңше, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз
тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының
тарихи санасын қалыптастырып дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы
қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара
туралы» Заңын жатқызуға болады. Мұны «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге
асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек. «Мәңгілік Ел»
идеясының келесі тұғыры, негізі - Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі
8
тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір-біріне деген
сыйластық қарым-қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық
Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға
қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен
тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне
негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне
жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі.
Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен
өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем
болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып,
өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және
таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды.
Сонымен бірге, тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты
негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл
жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан
ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін
қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс.
Қазақстан алып мемлекеттер жанында (Ресей, Қытай) тек рухани сілкініс
арқылы, жалпытүріктік жұмылдырушы әлеуетін пайдалану, рухани, діни, саяси
бастамаларға мұрындық болу, белсенділік таныту арқылы өмір сүре алады.
Басты философиялық ұстаным: «Идея императоры кім болса, болашақ сонда»
деген қағиданы жүзеге асыру барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеядан
ұлттық идеологияға айналады. Ал ұлттың бәсекеге қабілеттілігін білім беру
жүйесін жаңа сапаға көтеру арқылы қол жеткізуге болады. Сапалы білім беру
жүйесін дамыту - «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын басты негіз.
Білім беру жүйесі мәдениетпен тікелей байланысты. Демек, «Мәңгілік
Ел» идеясын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің мақсатын өзгерту керек.
Ол, біздіңше, креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті
тұлғаны» қалыптастыру.
«Мәңгілік Ел» идеясының философиялық мәдени астарын талдауда
ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады
десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие
мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек.
Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды
құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға
айналдырудың маңызы зор. Қазақ болашағы тектілік пен кісілікті, бірлік пен
татулықты, білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы
мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Отбасы болашақ
жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына
патриоттық сезім ұялатуы тиіс. Сонымен бірге, әйел-ананы қорғау, құрметтеу,
жетім мен жесірін қорғау қоғамның ұлы жолдағы басты құндылығы ретінде
мойындалуы тиіс.
9
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын
бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз
Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің
қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне
қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс
және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Ел
мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек
әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі
тиіс. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта
тәрбиелеудің маңызы зор.
Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде
қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің
тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз
мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы
дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы
және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы
тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын
біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін
идея десек, артық айтқандық емес.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол». Қазақстан халқына
жолдауы
2. Б.Аяғанов.Қазақстан тарихы.А:2010
3. Өтеубаев М. Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі.Егемен Қазақстан, 2014,
22қараша.
Достарыңызбен бөлісу: |