Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы №101 жалпы орта мектеп



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата18.01.2017
өлшемі2,7 Mb.
#2181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы №101 жалпы орта мектеп
 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темиржанова Махира Эргашовна
Баяндаманың тақырыбыҚазақ тілі мен әдебиет сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі
Баяндаманың мақсаты: өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани – 
интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу, білім беру; оқушыларды интерактивті тақтаны дұрыс қолдана білуге, 
жетік меңгеруге ықпал ету; берілген тапсырмаларда жаңа техналогияның көмегімен сауатты, шапшаң орындауға үйрету; 
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім 
мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап 
етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда 
қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды 
пайдалануға жаппай көшуіміз керек. 
Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде 
көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді. 
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан 
оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Интерактивті 
тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта 
оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, 
оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. 
Интерактивті тақта – барлық сыныпта оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа 
материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі 
мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне 
және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы. 
Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесінді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға, жаңа ақпараттық, 
компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. 
Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады.Оқушы білімінің сапалы 
болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей 
байланысты. Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше. Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру 
үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті 
болу керек. 
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және 
динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға 
мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір 
мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады. 
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: 
• Пән бойынша базалық білімді меңгеру; 
• Алған білімді жүйелеу; 
• Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
145

• Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; 
• Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. 
Интерактивті оқыту әдісі – оқушының оқу үрдесін ұйымдастыруға толық қатынасын белсенді тұлға болып қалыптасуына 
мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. 
Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушаларға естіртуге болады 
мысалы: құстардың үнін, судың дыбысын т.б. Сонымен қатар айта кетерлік мұғалім ғана емес оқушыда тақтаны қолдана 
алады, мысалы айтқанда заттарды үлкейту немесе керісінше кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, тақтада 
мұғалім арқылы дайындалған тапсырмаларды орындау. 
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді. 
Өз тәжірибемде сабақты тартымды және динамикалы түрде жеткізу үшін интерактивті тақтаны пайдаланамын. Осы орайда 
интерактивті тақтамен өткізген қазақ әдебиет пәні бойынша «Мақалды жалғастыр» ойынын сіздерге үлгі ретінде көрсетіп 
кетсем: 
«Мақалды жалғастыр» ойынын интерактивті түрде өткізу оқушылардың мақалдарды есте сақтап қалу қабілетін күшейтеді. 
Мысал ретінде мына мақалдарды алуға болады. 
Өнер алды- ................ 
Көп түкірсе .............. 
Елдің көзі ................. 
Ер қанаты ............... 
Керекті сөздер: ақ тіл, қызыл тіл, өзен, көл, жүз елу, елу, ат, көлік. Осы мақалдарды ребус түрінде де беруге болады. 
Қорыта келгенде: 
Күнделікті сабақты таңқаларлықтай өткізу бұрын соңды болмаған ойын түрлерін қолдану, сөзжұмбақ, ребустар пайдалану, 
проблемалықпен оқыту, өмірмен ұштастыру, әрбір оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау болып 
табылады.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі шығармашылығы
ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы
 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Юлдашева Унсунжан Талиповна
Қай заманда болсын, ата-ананың, қоғамның алдында тұрған басты індеттердің бірі дені сау, адамгершілігі мол, білімге 
құштар, салауатты өмір салтын ұстанатын есті, еңбексүйгіш, саналы, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен... Көпшілікті 
адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет»,- деп Мұхтар Әуезов айтқандай жас ұрпаққа саналы 
тәрбие мен сапалы білім жауапты сала екендігі бәрімізге белгілі.
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп, өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі 
шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті – әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары, 
тәрбиелі, білімді ұрпақты өсіру.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатырса – бұл ұстаздар еңбегі. 
«Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды 
болмақ. Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану 
ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу 
шеберлігімен көрінеді.
Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол 
салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі.
Кәсіби құзіретті маман – бұл пәндік білім жүйесінің, іскерлік пен дағдының, кез-келген ғылыми білім сапасын меңгерген 
маман ғана емес, оқыту технологиясының жүйесімен, оқушылардың өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау 
бағытындағы әдіс – тәсілдермен қаруланған жаңаша мұғалімі.
Кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі бастауыш сынып мұғалімдерінің моделі.
Бастауыш сынып мұғалімі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау арқылы шығармашылық жұмысын төмендегіше жоспарлауға 
болады. 
Жаңашыл мұғалімге қойылатын талаптардың бірі үздіксіз өз білімін жетілдіріп, әдістемелік шеберлігін жаңартып отыру.
1. Әдістемелік-ғылыми басылымдарға шолу.
2. Өзінің саяси білімін жетілдіру.
3. Өзара тәжірибе алмасу.
4. Білім жетілдіру курстарына бару.
5. Ғаламтор жүйесімен жұмыстану.
6. Әр түрлі деңгейдегі семинарларға қатысу.
Өскелең елдің болашағы оның жас ұрпағының білімділігімен өлшенетіні бүгінгі таңда ақиқатқа айналып отыр. Сондықтан 
біздің елдің дамуының негізгі бағыттарының бірі – білім беру жүйесін жетілдіру, әлемдік білім беру кеңістігіне 
ықпалдастыру және мұғалімнің жаңашылдығы болып табылады. 
Білім берудің негізі бастауыш мектепте қаланады. Ол туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту тұжырымдамасында : «Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды 
қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу 
қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-
өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне бағдарланады, кейін негізгі мектептің жалпы 
білім беру бағдарламалын меңгеруге база жасайды.» Яғни түпті мақсат мұғалімнің жаңа үлгідегі моделі – шығармашыл 
ұстаз, жаңашыл педагог екендігін дәлелдей келе, құзіретті тұлға тәрбиелеудегі бастапқы негіз екенін көрсетеді.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
146

ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы 
мектеп-гимназиясы ән-күй пәні мұғалімі Имамалиев Равшанбек Абдирахманович
Тоқсандық  тақырыбы: Әлемді шарлаған музыкалық асапаптар.
Сабақтың  тақырыбы:    Табиғатпен  үндескен сыбызғы.
Сабақтың  мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.
Білімділік  мәні :  Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және  ұлттық аспаптарға деген 
қызығушылықтарын арттыру. 
Тәрбиелік  мәні: Музыкалық аспаптар арқылы  ұлттық  өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын 
арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың  әдісі:  Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .
Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.
                                                          Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы: Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра
                                                   Актуалдау: 
Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда  дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра аспаптарымен 
таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап-  сыбызғымен танысамыз.
                                     Жаңа сабақ:     Табиғатпен  үндескен сыбызғы.
Табиғатқа үнсіздікпен құлақ түрсең, түрлі дыбысты, әуен сазды ести аласың.Ертеде бір адам көл жағалауымен келе жатса, 
бір дыбысты естиді. Көл жағалауында қамыстан желдің тербеуімен шығып тұрады. Қамысты үрлеп көрсе, әдемі дыбыс 
шығады. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атайды. Қамыс тез сынғыш болып келгендіктен оның сыртын  қойдың 
ішегімен қаптап қоятын болған.
Сыбызғы тәріздес  музыкалық аспаптар көптеген халықтарда бар. Қырғыздарда шоор, башқұрттарда  қурай деп атайды.
  Ән орындайық!   «Болайықшы осындай»әні
Жақсы бала еңбекшіл 
Ер азамат болады,
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүлге толады.
 Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Қорытындылау :  Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойналады?
                       Сыбызғы аспабына  ұқсас  басқа   халықтардың  аспаптарын ата?
                       Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?
Бірақ, біз, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын осы кезден бастап ажырата білуіміз керек. Ұлттық аспаптарымызды, 
музыкамызды құрметтеуіміз керек.
Дәптерге суретін салғызу.
Үйге  тапсырма:    Табиғатпен  үндескен сыбызғы. Болайықшы осындай»әні. 
Бағалау.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы 
мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Парпиева Гулчехра Икрамовна
Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану 
Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және 
шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді. Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім 
алуға, еңбекке дайындайды.
Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан 
Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз 
бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай 
шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ 
уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, 
тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу 
мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын 
технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің 
проблемалық тақырыбыма сүйенемін.
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - 
147

ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай 
технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің 
негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін 
сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де 
қарастырылып келеді. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп 
түсінеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға 
өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін 
қалыптастырады. А. С. Мокаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, 
қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, 
көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын 
жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне 
көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын 
түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала 
үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.
Ойын
Ұлттық Дидактикалық Логикалық
«Ақсүйек»
«Көкпар»
«Қанталапай»
«Арқан тартым»
«Көксерек - мөксерек» «Мың бір мақал»
«Ғажайып алаң»
«Сергіту сәті»
«Сөз құрау»
«Жұмбақ есеп»
«Әріпті кубиктер»
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. 
Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей 
емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық 
оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік 
пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - 
грамматикалық ойынның түрлері.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. 
Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, 
шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың 
алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық 
қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - 
тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау ойыны»Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан 
қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары 
тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
148

«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім 
біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - 
мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. 
«Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, 
сөйлем құрайды.
Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, 
ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтан аттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық.- балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. 
Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе 
«балапанды құтқарайық» деп атауға болады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - 
ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын 
ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне 
де назар аудару қажет. Мысалы: « Ұзын құлақ, сұр қоян». Немесе, дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, 
шымыжық, шымыжық»
Сондай - ақ, меңгерілген тақырыпты иә болмаса, жаңа сөзді бекіту мақсатында әуенмен ауаға жазу арқылы да байланыстыра 
аламыз. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандандыруға болады. Мысалы:«Шөжелерім», «Әйгөлөк». 
«Қаражорға»
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. 
Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын 
оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. 
Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға 
енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, 
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. 
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы 
ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс 
уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?
Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда
Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А. Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі». «Ана тілі»: 1991ж
2. С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». – Алматы: 1997ж
3. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,
4журнал 12 жылдық білім №4, 2006ж
5 журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті»№2, 2005,№11, 2007,№1, 10 2008,№4, 9 - 2009ж
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет